Иррационал өрнектерді түрлендіру. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.2А бөлім: Дәрежелер мен түбірлер. Дәрежелік функция.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Иррационал өрнектерді түрлендіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.2.1.5 - иррационал өрнектерді түрлендіру үшін n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін қолдану;

 Сабақ мақсаттары

иррационал өрнектерді түрлендіру үшін n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін қолдану;

 Бағалау критерийлері

иррационал алгералық өрнектерді ықшамдайды;

көпмүшені көбейткіштерге жіктейді;

Бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылтады

қос радикалды түрлендіреді

 Тілдік мақсаттар

  • түбірмен берілген өрнектің мәнін тапқанда және өрнекті түрлендіргенде түбірдің қасиеттерінің қолданылуын түсіндіреді;
  • түбір мәндерін салыстырып дәйектейді;
  • рационал көрсеткіші дәрежесі бар өрнектерді түрлендіргенде рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттерінің қолданылуын түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

-n-ші дәрежелі түбірден шығару;

-рационал көрсеткішті дәреже;

-рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттері.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • ... саны ... санының ... түбірі болады, себебі ...;
  • ... саны ... санының ... дәрежелі арифметикалық түбірі болады, себебі ...;
  • ... санның ... дәрежелі арифметикалық түбірі болмайды, себебі ...;
  • арифметикалық түбірдің қасиеттері бойынша ... өрнектің ... үшін мағынасы бар;

- бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан құтылу үшін

 Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу.

 Пәнаралық байланыстар

Математиканың тарихы

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Дәреже, иррационал сан және арифметикалық квадрат түбір анықтамаларын білу, дифференциалдау ережелерін қолдану. Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану, квадраттық теңдеу және теңсіздіктерді шешу, у = х2, у = х3, функцияларының графиктерін салу және оның қасиеттерін анықтау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.

1-2 слайд

Анықтамалық білімді жаңарту 10 мин

Өрнектің құрамында түбір астынан шықпайтын өрнектері бар болса, бұл өрнектер иррационал немесе радикал деп аталады

Рационал дәрежелері бар иррационал өрнектерді түрлендірудің негізгі әдістері:

  • иррационал алгебралық өрнектерді ықшамдау;
  • Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу;
  • бөлшек бөлімін иррационалдықтан құтылу;
  • модуль бар иррационал өрнектерді түрлендіру;
  • қос радикалды түрлендіру.

Егер a > 0, b > 0, a2 > b болса, формуланы

Cлайд № 3- 6

Жұппен жұмыс

10 мин

Оқушыларды жұпқа біріктіріңіз. Оқушыларға үлгідегі, кейіннен өзін-өзі тексеретін тапсырманы ұсыныңыз. Жауаптарын слайдта беруге болады.

Тапсырма 1.

Ықшамдаңыз: а); b) .

Тапсырма 2.

Бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылтыңыз: .

Тапсырма 3.

Өрнектің мәнін табыңыз .

Слайд 7

Brain Gym

5 мин

«Миға шабуыл» стратегиясы

өрнектерді салыстыруды сұраңыз:

және

Кері байланыс:

  • Қалай ойлайсыздар, екі өрнекті салыстыру үшін не істеу керек?
  • 2 көбейткішін түбір таңбасының алдына қалай шығаруға болады?

Слайд № 8-10

Жеке жұмыс

7 мин

1 тапсырма. Көбейткішті түбір таңбасының алдына шығарыңыз.

  • ;
  • ;
  • ;
  • ;
  • .
  • , егер х < 0.

2 тапсырма. Көбейткішті түбір таңбасының астына енгізіңіз:

  • ;
  • , егер n ≥ 0.

Дескрипторы:

  • Иррационал өрнектерді рационал көрсеткішті дәреже түрінде көрсетеді
  • n- ші дәрежелік өрнектердің түбір астына еңгізе алады

Қосымша 1

Сабақтың соңы

3 мин

1. Бағалау. Жеке жұмыс бойынша бағалау.

2. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

3. Үйге тапсырма: карточканы аяқтау

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқалардан тәуелді болмауына класс оқушыларның сенімді болуы жоспарланған.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін.

Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу