Бас жиын және таңдама. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау

Мектеп: Семей қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бас жиын және таңдама

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.2.2 - математикалық статистиканың негізгі терминдерін білу және түсіну;

Сабақ түрі

Аралас сабақ

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- ғылым ретінде статистика анықтамасын, оның түрлері мен әдістерін қайталайды;

- математикалық статистиканың негізгі ұғымдарын қайталайды: мода, медиана, диапазон, арифметикалық орта, бас жиын және таңдама, жиілік кестесі, гистограмма және жиілік полигоны, абсолютті, салыстырмалы, жинақталған жиілік, вариациялық қатарлар, варианта.

- кездейсоқ және өкілдік іріктеу ұғымдарын зерттеу;

- өкілдік іріктеу ұғымдарын анықтап, құруды үйрену

Бағалау критерийлері

- статистиканың анықтамасын, оның рөлін және әдістерін түсіндіреді;

- математикалық статистиканың негізгі ұғымдарын қайталайды: мода, медиана, диапазон, арифметикалық орта, бас жиын және таңдама, жиілік кестесі, гистограмма және жиілік полигоны, абсолютті, салыстырмалы, жинақталған жиілік, вариациялық қатарлар, варианта.

- кездейсоқ және өкілдік іріктеу ұғымдарын зерттеу;

- өкілдік іріктеу ұғымдарын анықтап, құруды үйрену

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология

- математикалық статистиканың негізгі ұғымдарын қайталайды: мода, медиана, диапазон, арифметикалық орта, бас жиын және таңдама, жиілік кестесі, гистограмма және жиілік полигоны, абсолютті, салыстырмалы, жинақталған жиілік, вариациялық қатарлар, варианта.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • мода,
  • медиана,
  • диапазон,
  • арифметикалық орта,
  • бас жиын және таңдама,
  • жиілік кестесі,
  • гистограмма

Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым-қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір-бірінің пікірлерін құрметтеу, тыңдау, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен және бірлесіп оқу арқылы білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Оқушылар алған математикалық статистикадағы білімі мен дағдыларын практикада қолдану арқылы ғылыми дүниетанымның қалыптасуына, математикалық модельдеу идеяларының әлемді танудың жалпыланған әдісі ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолдану дағдысын қалыптастыру

Бастапқы білім

математикалық статистиканың негізгі ұғымдарын: мода, медиана, диапазон, арифметикалық орта, бас жиын және таңдама, жиілік кестесі, гистограмма және жиілік полигоны, абсолютті, салыстырмалы, жинақталған жиілік, вариациялық қатарлар, варианта

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-2минут

Оқушылармен амандасу.

Біріккен оқу ортасын құру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақта алған білімдерін актуалдандыру

Сабақтың ортасы

10 мин

7-8 мин

7-8 мин

Ықтималдықтар теориясы мен статистиканың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы ақпарат беріңіз. Ықтималдықтар теориясы кездейсоқ құбылыстар мен сол құбылыстарды басқаратын заңдарға іс-әрекет жасауды қарастырады. Кездейсоқ оқиғалар мен құбылыстардың қасиеттерін оқып білу әдістерін әзірлеумен статистика айналысады.

Статистика ғылымы:

  • статистикалық бақылау, яғни мәліметтерді жинау;
  • жиналған мәліметтерді топтау, өңдеу және жинақтау;
  • жиналған, өңделген мәліметтерді талдау және қорытынды жасаумен айналысады.

1) Статистикалық зерттеудің бірінші кезеңін белгілі бір жоспарға сәйкес ұйымдастырылған қандай да бір статистикалық деректер жинаудан тұратын үрдісті статистикалық байқылау деп атайды.

Оқушылармен бас жиын, кездейсоқ таңдалым, вариациялық қатар және варианта ұғымдарын қайталаңыз. Статистикалық бақылауға әлеуметтік сауалнамалар жатады.

2) Сипаттау статистикасы берілен статистикалық ақпараттарды алғашқы өңдеуден өткізеді: оны оңай оқылатын кестелер түрінде көрсету, диаграммаларда бейнелеу және ең маңызды сандық сипаттамаларды есептеу.

3) Математикалық статистика зерделі түрде жұмысты талап ететін зерттеулермен байланысты - белгісіз параметрлерді бағалау, гипотезаларды тексеру және статистикалық қатынастарды және тәуелділікті зерттеу. Жиналған және жүйеленген статистикалық деректер талдануы керек. Осы талдаулардың арқасында жүргізіліп жатқан зерттеулердің қорытындылары шығады. Тұжырымдарды дұрыс талдау және сенімді қорытынды алу үшін сипаттау және математикалық статистика әдістерін жақсы білу керек.

Оқушылармен бақылау және сипаттау статистикаларын білетіндері туралы әңгіме қозғаңыз. Осы оқу жылында статистикалық зерттеудің үшінші бөлімі математикалық статистиканы өтетіні туралы айтыңыз.

Математикалық статистика - бұл ғылыми және практикалық тұжырымдар үшін статистикалық деректерді жүйелеу мен пайдаланудың математикалық әдістерін дамытатын ғылым.

Математикалық статистика, статистикалық деректердің негізінде жасалған қорытындылардың анықтығы мен дұрыстығын бағалауға мүмкіндік беретін ықтималдықтар теориясына сүйенеді (мысалы, таңдалып алынған зерттеу кезінде талапқа сай анық нәтижені алу үшін жеткілікті таңдалымның алынуын бағалау).

Қорытындылай келе, оқушылармен бірге осы бөлімге байланысты жоспар құрыңыз:

  • статистикалық зерттеудің алғашқы екі кезеңін қайталау.
  • Ықтималдықтар теориясының элементтерін қайталау.
  • Математикалық статистика элементтеріне өту.

Статистиканың әр түрлі функциялары бар: ақпараттық, болжамдық және аналитикалық.

Статистиканың ақпараттық функциясы зерттеліп жатқан құбылыс туралы уақытылы, анықтығы тексерілген ақпаратты жинақтап, жалпылап және барлық мүдделі тұлғаларға ұсынудан тұрады. Кейде зерттеуге мыңдаған нысандар (детальдар, таңдаушылар, оқушылар және т.с.с.) алынуы мүмкін, көптеген көрсеткіштер бойынша жалпы оқып үйренуден іріктелгенге өту қажетті болып табылады. Сондықтан сол немесе басқа үдеріс туралы жалпыланған ақпаратты өңдеу үшін бастапқы деректердің ішінара ақпараттық мүмкіндіктерін пайдалануға жағдай туғызатын деректерді жинақтау, өңдеу және талдау технологиялары маңызды мәнге ие болады.

Статистиканың болжамдық функциясы оқып үйреніп жатқан үдерісте іске асатын сол немесе басқа кездейсоқ шамаларды бағалаудан, осы үдеріспен байланысты сол немесе басқа кездейсоқ шамалар көрсеткіштерінен тұрады. Бұл функция басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін негіз болып қызмет етеді. Бұл функция көмегімен оқып үйреніп жатқан үдерісте дағдарыстық құбылыстар мүмкіндігі туралы дабыл белгісін алуға болады.

Статистиканың аналитикалық функциясы, біріншіден, үдеріс дамуының үрдістерін сандық зерттеуден; екіншіден, бұл үдерісті өзгеру барысында оқып үйренуден; үшіншіден, үдеріске әсер ететін әр түрлі факторлар мен оның нітижелері арасындағы байланыстарды өлшеуді қолданудан тұрады.

Кей кезде жиынның әр обьектісін қажет белгісіне қатысты зерттеп, жаппай зерттеу жүргізеді. Алайда, практикада мұндай жаппай зерттеу салыстырмалы түрде сирек қолданылады.

Таңдама деп кездейсоқ таңдап алынған обьектілер жиынын айтады.

Бас жиынтық деп ішінен таңдама жүргізілетін обьектілер жиынын айтады. Жиынтық көлемі деп осы жиынтықтың обьектілер санын айтады.

Практикада таңдаманың түрлі әдістері қолданылады. Бұл әдістерді 2 түрге топтауға болады.

І. Бас жиынтықты бөлшектеп бөлуді қажет етпейтін таңдама, оған:

а) жай кездейсоқ қайталанымсыз таңдама;

ә) жай кездейсоқ қайталанбалы таңдама.

Презентация 1-3 слайд

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақты қорытындылау:

Үйге тапсырма

Мұғалім оқушылардан сөйлемдерді аяқтауды сұрайды:

Бүгін мен білдім …

Мен … сезіндім

Мен үшін қызықты болғаны …

Бұл туралы менің басқа пікірім бар …

Менің тағы да тыңдағым келеді

Тапсырма бойынша жұмыс маған көмектесті.

Менде ынта пайда болды

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар оқушылар қабілетіне қарай біртіндеп күрделенеді

Оқушылар жұптық жұмысты дайын дескрипторлар арқылы өзара бағалайды, ал жеке жұмыста өзін – өзі бағалайды. Мұғалімнің кері байланысы.

Сынып бөлмесіне қатысты қауіпсіздік ережелерінің сақталуы, оқушылардың отырысына көңіл аудару.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу