Функцияның өсу және кему белгілері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Туындының қолданылуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Функцияның өсу және кему белгілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1.26 - функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын білу;

10.4.1.27 - функцияның өсу (кему) аралықтарын табу;

Сабақ мақсаттары

Функцияның өсу және кему аралықарын табуға байланысты есептер шығару

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын біледі
  • функцияның өсу (кему) аралықтарын табады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: туындының геометриялық және физикалық мағынасын түсіндіреді; туындыларды табу және бірінші ретті туынды арқылы функцияны зерттеу бойынша әрекеттер туралы түсініктеме айта алады.

Бөлім бойынша лексика мен терминология

  • аргументтің өсімшесі;
  • функцияның өсімшесі;
  • көлбеу бұрышының тангенсі (градиент);
  • функцияның графигіне жанама және нормаль;
  • дифференциал;
  • дифференциалдау;
  • дифференциалдау ережелері;
  • стационарлық, кризистік нүктелер;
  • экстремум нүктелері және функцияның экстремумдары;
  • кесіндідегі функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері;
  • функцияны зерттеу.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- Егер мен осы функцияны дифференциалдасам, онда...

- Егер мен оны қайтадан дифференциалдасам, онда.....

- Функцияның монотондылық аралықтарын табу үшін, ...қажет

- Графикке жанаманың теңдеуін табу үшін...

- Қосындының туындысы ...тең.

Құндылықтарды дарыту

Ұжымдылық, шыдамдылық, жауапкершілікке, академиялық әділдікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, физика.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивтік құралдарды қолдану, интернет ресурстар.

Бастапқы білім

Функцияның нүктегі шектерін анықтау және білу, шектердің қасиеттерін қолдана алу, алгебралық және тригонометриялық өрнектерді түрлендіре алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • мин

1. Оқушылармен амандасу.

2. Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин

25 мин

3. Алғашқы білімдерін қайталау.

1) Өспелі және кемімелі функцияның анықтамаларын қайталау.

2) Сурет бойынша өсу және кему аралықтарын табу. (слайд 4)

4. Жаңа тақырып беру.

Функцияның графигімен жұмыс жасау барысында оқушылар функция қай жағдайда кемімелі немесе өспелі екеніне қорытынға келеді. Өсу, кему қажетті және жеткілікті шарттарымен танысады да монотондық аралықтарды табу алгоритммен жұмыс жасайды..

5. Жаңа тақырыпты бекіту.

1) Ұжымдық жұмыс. График бойынша монотондық аралықтарды табу (Слайд 7).

2) Жұптық жұмыс. Деңгейлі тапсырмаларды орындау.

A

.

B

Дескриптор

+/-

1

Анықталу облысын табады

2

Функцияның туындысын табады

3

Кризистік нүктелерді табады

4

Аралықтарда туындының таңбасын зерттейді

5

Жауабын жазады

Бағалау стратегиялар: өз-өзін бағалау, мұғалімнің бағалауы.

Дифференциация принципі: күрделіну. Тапсырмалардың күрделілігі жеңілден қиынға дейін өзгереді. Оқушылар бірнеше қадамдан тұратын есептерді шығарады. Тапсырмалалар «қолдану», «анализ» және «синтез» деңгейлеріне алынған.

https://bilimland.kz/ru/courses/math-ru/nachala-analiza/proizvodnaya-i-ee-primeneniya/primenenie-proizvodnoi-k-issledovaniyu-funkczii/lesson/priznaki-vozrastaniya-i-ubyvaniya-funkczii

Алгебра и начала анализа 10-11 классы_Задачник_Мордкович_2001.

Сабақтың соңы

2 мин

6. Жалпы бағалу. Рефлексия. Дескрипторлармен жұмыс жасау

Үй жұмысы

1 мин

Өсу және кему аралықтарын табыңыз:

.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ұжымдық жұмыс арқылы оқушылар есепті талдап, қорытынды жасайды

Жұптық жұмыс арқылы оқушылар бір-біріне көмектеседі. Жұбының ойын тыңдап, өз идеясын айтады.математикалық тіл байлығы артады.

Жеңіл есептен күрделіге ауысу көзделеді.

Бірін-бірі бағалау, мұғалімнің бағалауы

Қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіреді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу