Функцияның өсу және кему белгілері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Туындының қолданылуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Функцияның өсу және кему белгілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1.26 - функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын білу;

10.4.1.27 - функцияның өсу (кему) аралықтарын табу;

 Сабақ мақсаттары

Функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын біле отырып монотонды аралықтарын табуды үйрету.

 Бағалау критерийлері

- функцияның аралықтағы өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шарттарын біледі;

- функцияның өсу (кему) аралықтарын таба алады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар: туындының геометриялық және физикалық мағынасын түсіндіреді; туындыларды табу және бірінші ретті туынды арқылы функцияны зерттеу бойынша әрекеттер туралы түсініктеме айта алады.

Бөлім бойынша лексика мен терминология

  • стационарлық, кризистік нүктелер;
  • экстремум нүктелері және функцияның экстремумдары;
  • кесіндідегі функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері;
  • функцияны зерттеу.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- Функцияның монотондылық аралықтарын табу үшін, ...қажет

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Туындының көмегімен функцияны зерттеу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

 Пәнаралық байланыстар

Сызу

 АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарды пайдалану

Бастапқы білім

Функцияның туындысын табу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Ұзақ мерзімді жоспар

Сабақтың ортасы

5 мин

10 мин

5 мин

8 мин

7 мин

  • Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Функцияның өсуі және кемуінің жеткілікті шарты

Теорема 1: Егер f(x) кейбір үзіліссіз функциясының туындысы кейбір аралықта оң болса (f '(x)>0), онда осы аралықта функция өспелі болады.

Теорема 2: Егер f(x) кейбір үзіліссіз функциясының туындысы кейбір аралықта теріс болса (f '(x)0), онда осы аралықта функция кемімелі болады.

  • Оқушылардың қабілеттерін қалыптастыру. Алғашқы бекіту. Тақтамен жұмыс

№1,2,3,4,5 есептерді оқушылар мұғаліммен бірге талдап шығарады.

Дескрипторлар:

  • функцияның графигі мен оның туындысы арасындағы байланысты біледі;
  • Функцияның туындысы оң\теріс болатын бүтін сандардың санын табады;
  • Жаңа материалды түсіндіру.

Функцияны монотондылыққа зерттеу

Мысал.

Шешуі: функцияны монотондылыққа зерттеу – бұл анықталу облысының қандай аралықтарында функция өсетінін, ал қандай аралықтарда кемитінін анықтау. Бұл 1 және 2 теоремаларға сәйкес туындының таңбасына байланысты болады. Берілген функцияның туындысын табамыз:

Егер функция ашық аралықтарда ғана емес, сонымен қатар оның шеткі нүктелерінде де үзіліссіз болса (берілген функция үшін), онда осы шеткі нүктелерді функцияның монотондылық аралықтарына енгізеді.

Осыдан, берілген функция , сәулелерінде өседі, кесіндісінде кемиді.

  • Оқушылардың қабілеттерін қалыптастыру. Ұжымдық жұмыс

Функциялардың монотондылық аралықтарын табыңыздар:

a)

b)

Функцияның өсу аралығының ұзындығын табыңыз.

  • Оқушылардың қабілеттерін жетілдіру. Жұптық жұмыс

Функцияның монотондылық аралықтарын анықтаңыздар.

Дескрипторлар:

  • функцияның туындысын табады;
  • f '(x)>0 немесе f '(x)0 теңсіздігін шешеді;
  • функцияның өсу (кему) аралықтарын жазады.

Бағалау: бірін-бірі бағалау, мұғалімнің кері байланысы

Оқулық «Алгебра және анализ бастамалары», Шыныбеков А.Н., 10 сынып

https://en.ppt-online.org/153638

Оқулық «Алгебра және анализ бастамалары», Шыныбеков А.Н., 10 сынып

http://www.mathprofi.ru/vozrastanie_ubyvanie_ekstremumy_funkcii.html

Алгебра и начала мат. анализа. 10кл. Мордкович А.Г. и др_2009 -343с

Сабақтың соңы

  • мин
  • Үй тапсырмасын беру.

Функциялардың өсу және кему аралықтарын табыңыз.

  • Кері байланыс

Оқушылардан қай жер түсінікті, қай жер түсініксіз екендігін сұрау, қиындықтарын жою үшін не істеу керектігін түсіндіру.

Оқулық «Алгебра және анализ бастамалары», Шыныбеков А.Н., 10 сынып

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау қабілеті жоғары оқушылардың топтық жұмыста қабілеті төмен оқушыларға көмектесуі арқылы жүзеге асады.

Өзін-өзі, бірін – бірі бағалау орын алады.

Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу