Горнер схемасы. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

10.3А Көпмүшелер

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Сабаққа қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Горнер схемасы

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.10 Көпмүшенің түбірлерін табу үшін Горнер схемасын қолданады10.2.1.10 - көпмүше түбірлерін табу үшін Горнер схемасын қолдану;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар Горнер схемасын қолдану алгоритмін біледі және көпмүшенің түбірлерін табуда Горнер схемасын қолдана алады.

 Бағалау критерийлері

- Горнер схемасын қолдану алгоритмін біледі;

- көпмүшенің түбірлерін табуда Горнер схемасын қолдана алады;

- көпмүшені биномға бөлу барысында Горнер схемасын қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Көпмүшені көпмүшеге бөлу барысында математикалық терминдерді орынды қолданады.

Пәнге байланысты қолданылатын лексика және терминология:

Айнымалы

Variable

Бөлінгіш

Dividend

Бөлгіш

Divisor

Бөлінді

Quotient

Толымсыз бөлінді

Рartial quotient

Қалдық

Remainder, residual

Көпмүшені көпмүшеге бөлу

Division of a polynomial by a polynomial

Коэффициент, айнымалы, түбір, қалдық, бөлінді, сызықтық көбейткіш, квадраттық көбейткіш, көбейткіштерге жіктеу, канондық форма, көпмүше.

Қолданылатын сөз тіркестері:

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу ...

Көпмүшенің түбірлерін қолданып ...

Коэффициенттерін табу ...

Горнер схемасын қолдану ...

Қалдықты табу үшін Горнер схемасын қолдану ...

 Құндалықтарды дамыту

Сабақ барысында оқушылардың бірігіп орындауға берілген тапсырмаларды өзара талдауы жасауы, миға шабуыл оқушыларды ынтымақтастыққа баулиды.

Еңбек және шығармашылық – жұппен жұмыс, есептер шығару.

 Пәнаралық байланыс

Физика пәнімен байланыс орнатылады. Көпмүшені көпмүшеге бөлу барысында көпмүшенің дәрежелерімен жұмыс жүреді, яғни «көпмүшені стандарт түрде жазу» физика пәнінің формулаларын қорытып шығару барысында қолданылады.

 АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарды қолдана білу біліктілігі, интерактивті тақтаны қолдану.

 Бастапқы білім

Алдыңғы сабақтарда өтілген көпмүше және оның түбірлері, көпмүшелерді бөлу, көпмүшелерді қалдықпен бөлу, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу туралы білімдерін қолдану дағдыларын қарқындату.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы 3 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы айтылған кейін, оқушылармен біріге отырып, сабақтың мақсатын анықтау.
  • Сабақ соңында оқушы нені білуі керектігі де анықталады, яғни бағалау критерийлері оқушылармен бірге талданады.

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

10 минут

5 минут

8 минут

5 минут

2 минут

Сабақтың мақсатын ескере отырып оқушылардың көпмүшені көпмүшеге бөлу туралы білімдерін еске түсіру және жаңа сабақты игеруді бұрынғы білімдерімен байланыстыру мақсатында және осы тапсырма арқылы жаңа сабақты игеруге жетелеуге мүмкіншілік беретін тапсырма ұсынылады.

1. Миға шабуыл

Оқушыларға көпмүшені көпмүшеге бұрыштап бөлуге тапсырма беріледі (4 слайд) және көпмүшенің бірін екіншісіне бұрыштап бөлу ұсынылады.

Бағалау: тапсырманы алдын-ала дайындалған жауабын тақтада (5-6 слайдтар) көрсете отырып, өзін-өзі тексеруге жағдай жасалады.

2.Жаңа тақырыпты игеру

«Миға шабуыл» бойынша оқушылардың жасаған таасырмасын негізге ала отырып, осы тапсырманы схема арқылы орындау ұсынылады және оқушылармен бірге тақтада талдау жасай отырып, тапсырма орындалады. Сөйтіп оқушылардың тапсырманы Горнер схемасы арқылы орындағанын негізге ала отырып Горнер схемасымен көпмүшені көпмүшеге бөлудің алгоритмі жасалады және Горнер схемасы тұжырымдалады.

Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында теориялық білімге көңіл бөлінеді, оқушылар көпмүшені көпмүшеге бөлудің Горнер схемасының алгоритмін дәптерлеріне жазып отырулары қадағаланады және тақтаға мысал арқылы теориялық білімді қолдану дағдылары қалыптастырылады.

Мысал.

Жаңа білімдерін бекіту.

Жұппен орындауға тапсырма.

10 сынып Ә.Н.Шыныбеков «Алгебра және анализ бастамалары» оқулығынан №799 (1;3), №800(1,3) тапсырма.

Өзара бағалау: оқушылар басқа жұп құрайды, тапсырманы тексеру барысында бір-біріне ұсыныс жасайды. Мұғалім бақылайды.

Жеке тапсырма

10.2.1.10 Горнер схемасын қолданып көпмүшенің түбірлерін табу оқу мақсатына жету деңгейін тексеру мақсатында (1-3) – міндетті деңгей, ал (4-5) тапсырмалар – үлгерімі жоғары оқушыларға.

Формативті бағалау тапсырмалары:

  • Show that is a factor of
  • Factorise fully
  • Factorise fully

Бағалау: тапсырмаларды жинап алып, мұғалім өзі тексеріп, келесі сабақта бағалайды.

Шығармашылыққа баулу.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу мақсатында олардың алдыңғы жұмыстардан жеткен жетістері ескеріле отырып дифференциалданған тапсырма ұсынылады. Оқушылардың тапсырманы орындау барысында зерттеу жұмысымен айналысуына жағдай тудырылады.

Шығармашылыққа баулу тапсырмасы:

  • If is a factor of , find p.
  • If and are factors of , find a and b.

Бағалау: тапсырманы дұрыс шығарған оқушы тақтада талдайды, мұғалім бақылау жасайды, керекті жерінде толықтыру енгізеді.

10 сынып Ә.Н.Шыныбеков «Алгебра және анализ бастамалары»

10 сынып Ә.Н.Шыныбеков «Алгебра және анализ бастамалары»

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Дифференциацияны сабақта қалай қолданасыз, қандай көмек көрсетесіз? Деңгейі жоғары оқушылардың алдына қандай мақсат қоясыз?

Бағалау – оқушылардың білімді игеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақта әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды қолдану

Бағалау

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы. Сабақтың өн бойында мұғалімнің қалыптастырушылық бағалауы – мұғалім жұмыстардың орындалуын қадағалайды.

Оқушылармен көзге жаттығу жасау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жетпесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпым баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу