Нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2С бөлім: Ықтималдық

Мектеп:

Күні

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.2.3 нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдерін құру;

Сабақ мақсаттары

  • Нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдерін құра білуді үйрену.

Бағалау критерийлері

Оқу мақсатына жетеді:

  • Нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдерін құра біледі және қолданады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- алмастыру, орналастыру және теруді есептеу;

- ықтималдықтың классикалық анықтамасын және комбинаториканың формулаларын қолданып, оқиғалардың ықтималдықтарын есептеу;

- ықтималдықтарды қосу және көбейту теоремаларын қолданып есептер шығару.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • теру, қайталанбалы және қайталанбайтын орналастыру, алмастыру;
  • n элементтен r элементті таңдау;
  • реті;
  • оқиға;
  • оқиғаның ықтималдығы;
  • үйлесімді оқиға;
  • үйлесімсіз оқиғаы;
  • тәуелсіз оқиғаы;
  • ықтималдықтарды қосу және көбейту.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Орындықтарда отырған 5 адамды неше тәсілмен орналастыруға болады?

Сіз оларды ... әртүрлі тәсілмен орналастыра аласыз......

Егер менде х орындық болса болса ....

Бізге қажетті сан барлық х алынған .... бойынша қайталанбайтын орналастырулар санына тең .

P қолайлы оқиғадан m элементтен n таңдалым тәсілі

Х оқушыны бір қатарда орналасқан х орындыққа белгілі бір ретпен орналастырса....

Жалғыз қолайлы жағдай ......

Тағы бір орындалатын әрекет...... болып табылады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар жаңа жағдайға бейімделеді, мәселені қойып шешімін іздейді, жұпта жұмыс жасай алады, бір-бірінің пікірін тыңдап үйренеді. Барынша өз ойын дұрыс қорыта алады. Ақпартты тауып қорытынды жасай алады. Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланаған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Комбинаторика элементтерін және ықтималдықтар теориясын жоғары мектепте келесі бөлімдерді білу үшін қажет: «Модельдер ықтималдығы», «Математикалық статистика элементтері». Комбинаторика информатикада программалауда, биологияда бактериялардың таралуында, экономикада нәтижелерді модельдеуде қолданылады.

Бастапқы білім

Қосу мен көбейту ережелерін , қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теруді біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1-сабақ Сабақтың басы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, түгендеу.

Сабақ тақырыбымен таныстыру, оқушылармен бірге сабақ мақсатын анықтау таныстыру

Презентация 1

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

2-сабақ Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

II. Қолайлы ортаны ұйымдастыру.

Оқушылар жұптарға бөлініп, бір-біріне қайталау сұрақтарын қояды.

III. Топтық жұмыс

Есепті шешу үлгісін қарастыру. Оқушыларға презентация арқылы тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беру. Қосымша 1

Зерттелген материалды бекітуге арналған жаттығулар.

Алынған білімді бекіту мақсатында есептерді жұпта шешуді ұйымдастырыңыз. Оқушыларды жұптарға біріктіріңіз. Оларға 1-қосымшаның тапсырмаларын шешуді ұсыныңыз.

IV. Топтық жұмыс. Есептер шығару

Презентациядағы 1 тапсырмадан бастап, 3-4 адамға бөлінген топтар есептер шығарады. Бірінші бітірген топ, тақтаға шығып талдайды. Өзара бағалау жүргізіледі.

Оқушыларға келесі екі есепті өз бетінше шешуді ұсыныңыз. Шешімдерді тексеруді ұйымдастырыңыз және қажет болса, тақтаға шешімдерді көрсетіңіз.

V. Қорытынды жасаймыз

Алынған білімді бекіту мақсатында есептерді жұпта шешуді ұйымдастырыңыз. Оқушыларды жұптарға біріктіріңіз. Оларға 2-қосымшаның тапсырмаларын шешуді ұсыныңыз.

Презентация

Қосымша 2

Сабақ соңы

VI. Рефлексия.

Сабық соңында оқушылар рефлекция жүргізеді:

- Мен үйрендім?

- Менің білгім келетінім?

- Нені жақсартуым керек?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Қабілеті жоғары оқушыларды топтық жұмыста өзінің ой пікірлерін айтқызамын және оның басқа оқушыларға үлгі болуына басқа оқушылардың үлгілі оқушыға қарап сап түзуіне немесе өзіндік үлгі болуларына жағдаяттар туғызамын.

Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан, мадақтаудан тұрады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілгенсұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу