Ықтималдықтар теориясының негіздері. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ықтималдықтар теориясының элементтері

Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ықтималдықтар теориясының негіздері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.2.2

Элементар және элементар емес оқиғаларды ажырату

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Кездейсоқ оқиғалардың түрлерін біледі;
  • Элементар және элементар емес оқиғаларды ажыратады;

Бағалау критерийі

Білу және түсіну: элементар оқиғаның анықтамасын біледі;

Қолдану және анализ :

-элементар және элементар емес оқиғаларға мысалдар келтіреді;

- элементар оқиғалар кеңістігін құрады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Оқиғаның пайда болу, не болмау мүмкіндігін ауызша талдайды;
  • Есептің шешімін дәйектейді;
  • Бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясын қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • Кездейсоқ оқиға;
  • Элементар оқиға;
  • Теңмүмкіндікті;
  • Ақиқат;
  • Мүмкін емес;
  • Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер
  • Бұл оқиғаның пайда болу мүмкіндігі ...
  • Бұл оқиғалардың пайда болуы тең мүмкіндікті/мүмкін емес/ақиқат.

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылар топтық жұмыста:

- қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады, бір-бірі үшін жауапкершілік сезімдері дамиды;

-жұмысты талдау барысында балама көзқарастарды қабылдай білуге үйренеді;

-талдау, талқылау,ой қорыту дағдысы қалыптасады.

 АКТ қолдану дағдылары

 https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/9-synyp/ehlementar-oqihalar-kengistigi-oqihalarha-qoldanylatyn-amaldar

Бастапқы білім

Ұғымдарды білу: вариациялық қатар, абсолюттік және салыстырмалы жиіліктер , алмастыру, орналастыру, теру. Жиындарға амалдар қолдану, жиындарға амалдар қолдану арқылы есептер шығару, қайталанбайтын орналастырулар, алмастырулар және терулер. Комбинаторика есептерін шығара білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

1.Ұйымдастыру .

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру

Мақсаты: оқушыларды сабаққа әзірлеу, қолайлы орта қалыптастыру.

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

7 мин

8 мин

2.Жаңа материалды меңгерту.

Мақсаты: негізгі ұғымдарды оқып үйрену

2.1 Оқушылардан өмірде қандай да бір оқиғаның пайда болу немесе болмауын қалай өлшейтіндігін сұралады. Олар қандай сөздерді немесе сөз тіркестерін қолданатындары жайлы ой бөліседі.

Жұптық жұмыс. Тапсырма : Берілген оқиғаларды пайда болу сипатына қарай кестеге орналастыру ұсынылады .

а) Адам жарты ғасыр өмір сүреді (жауабы: мүмкін емес)

ә) Тиынды лақтырғанда елтаңба жағы түседі. (тең мүмкіндікті)

б) Шілде айында Оралда қар жауады (мүмкін, бірақ өте сирек, яғни бұл оқиғаның мүмкіндігі. өте төмен)

в) Осы аптада мен тамақ ішемін (ақиқат).

г) Ойын сүйегін лақтырғанда 5 саны түседі (мүмкіндігі төмен, 2 саны ойын сүйегінің тек бір жағында, ал қалған бес жағында 2-ден өзге сандар).

ғ) Ойын сүйегін лақтырғанда жұп саны түседі (тең мүмкіндікті, өйткені жұп сандар мен тақ сандар саны тең).

Бағалау: үлгі бойынша жұптар бірін- бірі бағалайды;

Ұжымдық жұмыс.

2.2 Бейнематериал көру

Бейнематериалға қойылатын сұрақтар:

1) Кездейсоқ оқиғаларды қандай түрлерге ажыратамыз ;

2) Тиындарға байланысты элементар оқиғаларды атап көрсетіңіз;

3) Тиындарға байланысты мүмкін емес оқиғаны атаңыз;

Бағалау: жеке оқушыларды мұғалім бағалайды;

3. Жұптық жұмыс.

Жұмыс парағындағы анықтамалармен танысу және тапсырманы орындау

Мақсаты: жаңа білімді игерту;

Тапсырма 1:

а) Тиын екі рет тасталды. Элементар оқиғалар кеңістігі неше элементтен тұрады және қандай?

Тапсырма 2:

Кестені толтырыңыз:

Бағалау: үлгі бойынша жұптар өзара бағалайды;

4. Жеке жұмыс. Өзіндік жұмыс (Қалыптастырушы бағалау.)

Тапсырма 1:Келесі сынақтар үшін элементар оқиғалар кеңістігін көрсетіңіз:

Үш тиын бір мезгілде тасталды

1) Тиындардың қай жағымен түскендігін қарастыру кезіндегі элементар оқиғалар кеңістігін жазыңыз;

2) Елтаңба жағының түсу санын қарастыру кезіндегі элементар оқиғалар кеңістігін жазыңыз;

Тапсырма 2

1) Ойын сүйегі екі рет тасталғанда түскен ұпайлардың қосындысы 8 болуы;

2) Ойын сүйегі екі рет тасталғанда түскен ұпайлардың қосындысы жұп болуы;

3) Ойын сүйегі екі рет тасталғанда кем дегенде бір рет үштен кем ұпай түсуі;

Бағалау: оқушылар үлгі бойынша өзара бағалайды;

Таныстырылым

Қосымша 1

https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/9-synyp/ehlementar-oqihalar-kengistigi-oqihalarha-qoldanylatyn-amaldar

Жұмыс парағы

Қосымша 2

Сабақтың соңы

  • мин

5. Рефлексия.

Оқушылар сабақта материалды қаншалықты игергендігі туралы стикерлерге жазып, сәйкесінше түзу бойына орналастырады.

6.Үй тапсырмасы:

Шыныбеков А.Н. оқулығы № 522,523,524,

Таныстырылым

Шыныбеков А.Н.

Алматы:Атамұра,2013

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация - формативті бағалау жұмысында және үй тапсырмасында тапсырмаларды таңдай білуде

Жекелеген оқушылармен жеке жұмыс жасауда.

Өзін бағалау, өзара бағалау, бақылау

Практикалық бөлімдеғі тексеру .

Сабақта қызмет түрінің алмасуы.Презентациямен жұмыс.Оқушылардың ноутбуктермен жұмыс жасаудағы техникалық қауіпсіздік шаралары туралы түсінігі бар.

Сабақбойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізд ібілдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың барлық этаптары жаңа материалды белсенді меңгеруге бағытталған.ОМ жету үшін әртүрлі жұмыс түрлері: топтық, жұптық, жеке, жалпы сыныптық қолданылады.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу