Қайталау. Комбинаторика және ықтималдықтар теориясының негіздері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2С Ықтималдық

Мектеп: ХББ НЗМ Петропавл қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қайталау. Комбинаторика және ықтималдықтар теориясының негіздері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.1.1 - қайталанбайтын және қайталанбалы «алмастырулар», «орналастырулар», «терулер» ұғымдарын ажырата білу;

10.3.1.2 - қайталанбайтын алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану;

10.3.1.3 - қайталанбалы алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану;

10.3.1.4 - комбинаторика формулаларын қолданып, ықтималдықтарды табуға есептер шығару;

10.3.1.5 - жуықтап есептеу үшін Ньютон биномын (натурал көрсеткішпен) қолдану;

10.3.2.1 - кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;

10.3.2.2 - ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу;

10.3.2.3 - ықтималдықтарды қосу ережелерін түсіну және қолдану

* P(A + B) = P(A) + P(B)

* P(A +B) = P(A) + P(B) – P(A ∙ B);

10.3.2.4 - ықтималдықтарды көбейту ережелерін түсіну және қолдану

* P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B)

*P(A ∙ B) = P(A) ∙ PA(B)= P(B)PB(A);

10.3.2.5 - толық ықтималдық формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;

10.3.2.6 - Байес формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;

10.3.2.7 - Бернулли схемасын қолдану шартын және Бернулли формуласын білу;

10.3.2.8 - Бернулли формуласы мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар комбинаторика мен ықтималдықтың формулаларын пайдаланады, есептер шығарады

Бағалау критерийлері

Оқушы мақсатқа жетті, егер:

Комбинаторика мен ықтималдықтың формулаларын қолданып есептер шығарады

Тілдік мақсаттар

  • Пәндік лексика және терминология: Комбинаторика, тәжірибе, эксперимент, оқиға, кездейсоқ оқиға, мүмкін емес оқиға, шынайы оқиға, қарапайым оқиға, қарапайым нәтиже, оқиғаға қолайлы жағдай жасайтын, қолайлы нәтижелер саны, тенге лақтыру/ойын сүйегі, ықтималдық, қосу және көбейту теоремалары, Бернулли схемасы

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушылардың сабақтағы мәдениетін тәрбиелеу: мұқият тыңдау және тапсырмаларды орындау
  • Ұқыптылық, еңбекқорлық, жауапкершілік, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
  • Математикалық сауаттылықты дамыту

Азаматтық жаһандық құндылықтары:

  • Патриоттық сезімдерді тәрбиелеу: Математика және қазақ тілі пәндерінің интеграциясы арқылы Отанға деген құрмет;
  • Математика және ағылшын тілі пәндерінің интеграциясы арқылы өзге халықтарға деген құрметтеушілік қарым-қатынасты тәрбиелеу;

Сабақ үстінде коллоборативті орта құру арқылы өзін ұстау мәдениетін, жақсы қарым-қатынас қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі, физика, биология

Дағдылары

Интербелсенді тақтаны, интернет-ресурстарды қолдану.

Бастапқы білім

Факториал, ықтималдық түсінігі, статистикалық эксперименттер жасау және есеп беру; формулаларды қолдану.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың зейініне назар аудару

Сабақтың ортасы

5 мин

9 мин

7 мин

10 мин

7 мин

1 мин

  • Қайталау:
  • Комбинаторика деген қандай ұғым?
  • Комбинаторика бөлімдері қандай?
  • Орналастыру дегеніміз не?
  • Факториал дегеніміз не?
  • Алмастырулар дегеніміз не?
  • Терулер дегенді қалай түсінеміз?
  • Кездейсоқ оқиғалар дегенізім не?
  • Ықтималдықтың классикалық анықтамасын айтып беріңіз.
  • Қосу және көбейту теоремалары айтып беріңіз.
  • Байес формуласын қалай түсінеміз?
  • Бернулли формулласын қалай түсінеміз?
  • «Менің ойымша ...» сөз тіркесін пайдаланып, түсіндіреді
  • Математикалық диктант.

 

Оқушыларға « Математикалық диктант комбинаторика және ықтималдық жауапсыз» парақша таратылады. Оқушылар осы парақты толтырады және слайдтағы жауаптарымен бірін-бірі бағалайды. Жалпы 11 балл. Бұл оқушылардың комбинаториканың орналастыру, алмастыру, теру формулаларын және ықтималдықтың формулаларын білуіне көмек бермек.

  • Мысалдар шешімімен.

Бұл оқушыларға тақырыпты тереңірек түсінуіне және өздік жұмысын жазуға көмек береді.

  • Жұптық жұмыс.

Өздік жұмыстар.

Әр тақырыптарға бірнеше тапсырмалар қарастырылған.

Оқушылар жұптасып сәйкес тақырыптар бойынша білімдерін шыңдайды.

  • Жеке жұмыстар.

Аралас есептер.

Оқушылар жеке-жеке тақырыптары арласқан есептерді шығарып білімдерін шыңдайды.

Қосымша.

Kahoot.it сайты арқылы оқушыларды тестен өткізуге болады.

www.matburo.ru сайтындағы онлайн калькуляторды қолдануға болады. Төменде мысал келтірілген.

Мысалы: Қорапта бірдей 12-уі жасыл түсті, 14-і қызыл түсті шар бар.

  • Кездейсоқ алынған жеті шардың жасыл түсті болуының ықтималдығын табыңыз.
  • Кездейсоқ алынған жеті шардың біреуі жасыл түсті болуының ықтималдығын табыңыз.

  • Кездейсоқ алынған жеті шардың кем дегенде бесеуі жасыл түсті болуының ықтималдығын табыңыз.

P(A)=0,1293

Рефлексия

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

https://www.matburo.ru/tvart_sub.php?p=calc_gg_ball

Сабақтың соңы

  • Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу