Бұрыштың радиандық өлшемі. Бірлік шеңбер. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тригонометрия

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бұрыштың радиандық өлшемі. Бірлік шеңбер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.1.1 

бұрыштың радиандық өлшемі ұғымын меңгеру; 

9.1.2.1 

градусты радианға және радианды градусқа айналдыру; 

9.1.1.2 

бірлік шеңбердің бойында сандарын белгілеу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • бұрыштың радиандық өлшемі түсінігін біледі;
  • бірлік шеңберде радиандық және градустық өлшеммен берілген бұрыштарға сәйкес нүктелерді белгілейді;
  • бірлік шеңбердегі нүктенің координаталары (cosα; α) екенін біледі;

Жетістік критерийлері

Оқушылар:

  • бұрыштың радиандық өлшемі түсінігін біледі;
  • градустық өлшемде берілген бұрышты радианға айналдырады және керісінше.
  • бірлік шеңберде радиандық және градустық өлшеммен берілген бұрыштарға сәйкес нүктелерді белгілейді;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • бірлік шеңберді салу, радиандық және градустық өлшеммен берілген бұрыштарға сәйкес нүктелерді белгілеуді сипаттайды;

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • радиан;
  • бірлік шеңбер, тригонометриялық дөңгелек;
  • бұру бұрышы;
  • тригонометриялық функция;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • радианды градусқа айналдыру үшін….
  • градусты радианға айналдыру үшін…
  • бұру бағыты …… оң болады.

Құндылықтарды дарыту

 

 

«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына:

топпен, жұппен жұмыс орындау барысында құрмет, серіктестік және жеке жұмыс орындау кезінде жауапкершілік, үздіксіз оқу құндылықтарын дарыту.

Мектеп миссиясы, пайымдау, әлем азаматтылығының сабақта көрінуі

Сабақ барысында оқушылардың миссиясына тоқталу: өз өміріндегі миссиясы, мен бақытты оқушымын.

Өмір бойы білім алуға дайын, адами қасиеті жоғары, зиялы, табысты тұлға дамытуға ықпал ету.

Пәнаралық байланыстар

Оқушылардың тригонометриялық функциялардың графигін салу және оның қасиеттерін зерттеу дағдысы бұдан әрі қарай математиканың бөлімдерін, соның ішінде «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер» бөлімін оқығанда қажет болады және физиканың формулаларын түсіну, қолданбалы есептерді шешуге негіз болады.

АКТ қолдану дағдылары

https://bilimland.kz

Бастапқы білім

«Функция», «аргумент» ұғымдарын біледі. Функцияның графигін және оның қасиеттерін біледі. Геометрия курсынан сүйір бұрыштың тригонометриялық функцияларының анықтамаларын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

2 мин

2- мин

М

Оқушылармен амандасу және түгендеу.

М

Starter: Велосипедтің спицасы қанша градусқа бұрылғаның қалай көрсетуге болады?

Егер дөңгелек толық айналса спица бастапқы орнына келеді. Бірақ бұру өлшемі ноль емес 360 градус болады. Ары қарай бұрыштың шамасы үлкейе береді. Кері айналса қандай бұрыштар болады? (-360 градус). Бұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады (самолеттің пропеллері, дизельдің маховигі т.б)

Бұл қатынас күннің қозғалысымен де байланысты. Сағаттың тілдерінің қозғалыс бағыты біздің күннің қозғалысын қалай көретінімізбен жасалған. Бірақ Коперник (1473-1543) өз жаңалығын ашқанда біз көретін күннің Жерді айналу бағытының дұрыс емес екенін дәлелдеген. Сондықтан сағат тілінің бағыты теріс бағыт болып саналады.

Ұ

Оқушыларды сабақ тақырыбымен таныстырып, сабақ мақсаттарын, жетістік критерийлерін бірге анықтап алу

Сабақтың ортасы

5 мин

10- мин

8- мин

10- мин

М

Радианды өлшем бірлігі ретінде таныстырыңыз. Оның қалай пайда болатынын, яғни шеңбер доғасының ұзындығы мен радиусының теңдігіне негізделетіндігін көрсетіңіз. Оқушылар шеңбер ұзындығының формуласы туралы қорытынды жасауы керек.

Оқушылардан π-дің мәні жайлы естерінде не барын сұраңыз (яғни, иррационал мәні туралы).

Радианды градусқа және керісінше градусты радианға айналдыру формуласын енгізіңіз. Ол үшін оқушыларға зерттеу жұмысын беріңіз: жоспарланған зерттеу жұмысы немесе мұғаліммен басқарылатын шағын зерттеу ұйымдастыруға болады.

Топтық жұмыс:

Тапсырма: Бір өлшемнен екінші өлшемге өту алгоритмін құру. Презентацияларын қорғау.

1-топ. 9 сынып. Шыныбеков Ә. Н. Алгебра. оқулығынан теорияны оқып талдайды (36-37 бет).

2-топ. https://bilimland.kz сайтымен жұмыс жасау.

Cлайдта презентацияны көрсету, қорғау.

Топтар арасында бағалау. Мұғалім қорытындылатуға, сабақ мақсатымен байланыстырып ойларын дәлелді айтуларына көңіл бөлуі керек.

Ө.

Жаттығу тапсырмаларының көмегімен градусты радианға және керісінше айналдыру біліктілігін бекіту. Әр тапсырманы орындаған оқушыға кері байланыс беріп, бағалау арқылы сабақ мақсатына жетуге жетелеу.

Оқушыларға bilimland.kz сайтынан жұмыс парағындағы есептерді қосымша шығартуға болады.

Т

Оқушыларды деңгейлері бойынша топтарға біріктіріп, бірлік шеңбердегі бұрыштарға сәйкес келетін нүктелерді белгілеуге тапсырмалар беруге болады:

А деңгейі: .

В деңгейі: .

С деңгейі:

Тапсырмаларын орындап болған соң «Карусель» стратегиясы бойынша өзара оқытуын ұйымдастыру керек.

Қосымша 1

https://bilimland.kz/upload/platform_lessons/L_11777/29.pdf?v1532921969267

Қосымша 2

.Сабақтың соңы

2 минут

Өзіндік бағалау

Рефлексия.

Оқушылар мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа қорытынды жасайды. Сабақ мақсатына жету деңгейлеріне тоқталу қажет.

Үйге: №175-179 (Ә.Н. Шыныбеков).

ҚБ парағы

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірледім.

Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін жетістік критерилері мен дескрипторлар көрсетілген есепті қолдануды жоспарладым.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта АКТ-ны қолданылану кезінде

қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қадағаланады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Шартты белгілер:

Ұ= ұжымдық жұмыс;

Т = топтық жұмыс

Ж = жұптық жұмыс

Ө = өздік жұмыс

М = мұғалімнің көрсетуімен



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу