Банктік пайыздармен байланысты есептерді шешуде прогрессияны қолдану. Алгебра, 9 сынып, қосымша материал.
Тапсырма 1:
Банкке 3% -дық жылдық есептеумен Sо=150000 тг салынған болсын (қарапайым пайыздар). 5 жылдан соң салым мөлшері қандай болады?
Тапсырма 2:
5 %-дық (қарапайым пайыздар) жылдық есептеумен салымшы банкке Sо=100000 тг салды. Екі жыл 4 ай 20 күннен кейін салымшы есепшотты жапты. Банк салымшыға қанша төлегенін есептейік.
Тапсырма 3:
Салымшы күрделі пайыздар схемасы банкке Sо=150000 тг салды. Банк жыл сайын 8% төлейді. 5 жылдан соң салымшының есепшотында қанша ақша болады?
Тапсырма 4:
Банктің күрделі пайыз бойынша қандай мөлшерлемемен төлегенін анықтаңыз, егер 4 жылда алғашқы сома 2560 тг-ден 6250 тг-ге жетсе.
Тапсырма 5:
11 жылдан соң есепшотта 2 000 000 тг болу үшін жылына 8% төлейтін банкке қанша ақша салу керектігін есептейік (бірінші жағдайда қарапайым пайыз және екінші жағдайда күрделі пайыз болса).
Тапсырма 6:
Қай банкке 100000 теңге көлемінде салым салған тиімді: Халықтық, Казкомерцбанк, Темірбанк? (Ғаламтордан ақпарат алыңыз)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру