Мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 «....»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.4.2.1 мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару

 Сабақ

 мақсаттары

мәтіндік есептерді теңдеулер жүйелерін қолданып шығарады

Бағалау

критерийлері

Бірлесіп жұмыс істеуге берілген мәтіндік есептерді шығарады;

Бір мезгілде әртүрлі құбырлармен толтырылатын бассейндер туралы мәтіндік есептерді шығарады;

Қозғалысқа берілген мәтіндік есептерді шығарады;

Сандардың формуласы қолданылатын мәтіндік есептерді шығарады.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар:

- мәтінді есептерді теңдеулер жүйелерін қолданып шешу арқылы түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Теңдеу – уравнение – the equation

Жүйе – система – system

Тең – равно – equally

Коэффициент – коэффициент – coefficient

Бос мүше – свободный член – free member

Сызықтық теңдеу – линейное уравнение – linear equation

Квадраттық теңдеу – квадратное уравнение – quadratic equation

Мәтіндік есеп – текстовое задание – text task

Теңдеулер жүйесі – система уравнений – system of equations

Тәсіл – метод – method

Қосу тәсілі – метод сложения – addition method

Айнымалыларды ауыстыру тәсілі – метод замены переменных –

variable replacement method

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- бұл есеп жылдамдықты табуға берілген, сондықтан ...

- ... бірінші шүмектен аққан су жылдамдығын х деп белгілесек, ...

- .. бір сан екіншіден .. артық/кем болғандықтан, ... белгілеуге болады

- .. теңдеуін құрамыз

- ... шартқа сәйкес теңдеулер жүйесін аламыз

- жүйені шешіп, белгісіздерді табамын...

Құндылықтарды

дарыту

Сабақтың бағалау критерийлері бойынша терминологияны қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін меңгеру барысында тиімді тәсілдерді қолдану арқылы топпен, жұппен жұмыс жасауда, өзара сыйластық пен бір-бірінің пікірлерін тыңдауға және жеке жұмыс істеуде ұқыптылыққа тәрбиеленеді.

Пәнаралық

байланыстар

Физика, логика

Тілдік мақсаттар бойынша: орыс тілі, ағылшын тілі

АКТ қолдану

дағдылары

Таныстырылым

Бастапқы білім

Теңдеулер жүйелерін шешу әдістері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

5 мин

Оқушылармен амандасады. Балалардың көңіл-күйлерін анықтау мақсатында «Бас бармақ» әдісін қолданады.

«Төртке саналу» стратегиясының көмегімен төрт топқа бөледі.

Сабақтың тақырыбымен таныстырылады;

оқу мақсаты мен оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін балалармен бірге талдайды.

Шолу сұрақтары: «Ыстық орындық» стратегиясы қолданылады:

- теңдеулер жүйесін шешу деген не?

- теңдеулер жүйесін шешудің неше тәсілін білесіз?

- қосу тәсілін түсіндіріп беріңіз?

- айнымалыларды ауыстыру тәсілін түсіндіріп беріңіз?

- графиктік тәсілдің мағынасы қандай?

- қосу тәсіліне мысал келтіріңіздер.

- айнымалыларды ауыстыру тәсіліне мысал келтіріңіздер.

- графиктік тәсілге мысал келтіріңіздер.

Таныстырылым

1-Қосымша

Сабақтың ортасы

5 мин

10 мин

16 мин

3 мин

15 мин

18 мин

Терминологияны 3 тілде меңгеру үшін TARSIA қолданылады.

Әр топқа төмендегі фигуралардың қиындылары кеспе қағаздар ретінде үлестіріледі. Әр топ кеспе қағаздарын құрастырғанда төмендегідей фигураны алуы тиіс.

Мұнда оқушылар үш тілдегі терминологияны меңгереді.

Топпен жұмыс.

І топқа:

ІІ топқа:

ІІІ топқа:

IV топқа:

«Галерея» стратегиясын қолданып, әр топ өз жұмыстарымен басқа топтарды таныстырып, мазмұндайды, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Сергіту сәті: көзге, арқа, мойынға арналған жаттығу жұмыстарын жасайды.

Жұппен жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

І. А деңгейі:

49.

Оқушылардың екі тобы әрқайсысы 24 теңгеден төлеп, театрға билет алды. Бірінші топтың әр билеті екінші топтың әр билетінен 20 тиын қымбат болғандықтан, олар екінші топқа қарағанда 10 билет кем алды. Бірінші топ қанша билет сатып алды?

Жауабы: 30.

50. Бір жұмысшы өзінің нормасын 6 сағатта, екіншісі 5 сағатта, үшіншісі 4 сағатта орындайды. Олар белгілі бір уақыт бірге істеп 750 деталь дайындады. Әрқайсысы қанша деталь әзірледі?

Жауабы: 200;250;300.

В деңгейі:

24.

Екі экскватор жер қазу жұмысын бір мезгілде бастап, оны 4 сағатта бітірді. Бірінші экскватор жеке өзі бұл жұмысты екіншісіне қарағанда 6 сағат кеш анықтайды. Осы жұмысты бітіру үшін әр экскваторға қанша уақыт қажет болады?

Жауабы: 6 сағ; 12 сағ.

30.

Үш кран бассейнді 4,5 сағатта толтырады. Егер бірінші кран 7 сағат, ал екінші және үшінші кран 2 сағат ашық тұрғанда бассейн толса, бассейнді толтыру үшін бірінші кранға қанша уақыт керек?

Жауабы: 15 сағ.

С деңгейі:

18.

Бір бассейнде су бар да, ал екіншісінде су бар. Бассейндерді толтыру үшін крандарды ашық қойған. Егер екінші бассейнге, біріншіге қарағанда су артық құйылатын болса, неше сағаттан кейін екі бассейннің су мөлшері бірдей болады?

Жауабы: 4 сағ.

20.

Екі машина жиналған астықты 4 күнде басып бітіреді. Егер олардың біреуі барлық астықтың жартысын, ал одан кейін қалғанын екіншісі басатын болса, онда барлық жұмыс 9 күнде аяқталып бітеді. Барлық астықты әрбір машина неше күнде басып бітіреді?

Жауабы: 12 күн; 6 күн.

ІІ. А деңгейі:

47.

Екі пристанның ара қашықтығы 24 км-ге тең. Бұл аралықты катер төмен қарай өзен ағысымен жүргенде, кері бағытқа қарағанда 30 мин тез жүріп өтеді. Өзен ағысының жылдамдығы 2км/сағ болса, катердің меншікті (тынық судағы) жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 14км/сағ.

50. Ара қашықтығы екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі машина шықты. Біреуінің жылдамдығы 86 км/сағ, ал екіншісінікі 68 км/сағ болса, онда 2 сағаттан кейін олардың ара қашықтығы қанша болады?

Жауабы: 154 км.

В деңгейі:

27.

Моторлы қайық өзен ағысы бойымен , ал сонан соң ағысқа қарсы қашықтықты жүзіп өтуі үшін барлығы 5 сағ уақыт жұмсады. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 5 км/сағ деп алып, өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 2 км/сағ.

30. Екі автобус бір уақытта бір қаладан екінші қалаға қарай шықты. Екі қаланың ара қашықтығы . Бірінші автобус, екіншіге қарағанда белгіленген уақыттан 15 мин бұрын келді. Егер бірінші автобустың жылдамдығы екіншіден 2 км/сағ артық болса, бірінші автобустың жылдамдығы қандай?

Жауабы: 18 км/сағ.

С деңгейі:

14. Турист өзен ағысымен 90 км-ді қайықпен жүзді де, қалған 10 км-ді жаяу жүріп өтті. Оның жаяу жүріп өткен уақытындай жаяу жүрсе, ал жаяу жүріп өткен уақытындай қайықпен жүзсе, онда олардың жүрген жолдары біріне-бірі тең болар еді. Турист қанша уақыт жаяу және қанша уақыт қайықпен жүзіп өтті?

Жауабы: 2 сағ; 6 сағ.

18.

Ұзындығы 60 м-ге тең шеңбер бойымен бір бағытта қозғалатын екі нүкте әрбір 1 минут өткенде кездесіп отырады. Олардың біреуі екіншісіне қарағанда шеңберді 5 с ерте айналып өтеді. Әрбір нүктенің жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 4 м/с; 5 м/с.

ІІІ. А деңгейі:

19. Цифрлары бірдей екі таңбалы сан берілген. Егер бұл санның үлкен разрядына 1-ді, ал кіші разрядына 2-ні қосып, оны берілген санға көбейткенде 2464-ке тең болатын екі таңбалы санды табыңыз.

Жауабы: 44.

20. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 12-ге тең. Егер бұл санның цифрларының орындарын ауыстырсақ, онда ізделінді саннан 18-ге артық болатын сан шығады. Осы санды табыңыз.

Жауабы: 57.

В деңгейі:

19. Қайсыбір екі таңбалы санның цифрларының квадраттарының қосындысы осы цифрлардың екі еселенген көбейтіндісінен 4-ке артық. Осы санды оның цифрларының қосындысына бөлсек, онда бөлінді 4-ке және қалдық 9-ға тең болады. Ізделінді санды табыңыз.

Жауабы: 57.

20. Екі таңбалы санның цифрларының көбейтіндісі оның цифрларының қосындысынан 2 есе артық. Егер ізделінді саннан 27-ні шегерсек, сол цифрлармен, бірақ кері тәртіпте жазылған сан шығады. Осы санды табыңыз.

Жауабы: 63.

С деңгейі:

19. Үш таңбалы сан х цифрымен аяқталады. Егер оны санның басына жазса, онда бастапқы берілген саннан 18-і артық болады. Осы санды табыңыз.

Жауабы: 202.

20. Қандай да бір екі таңбалы сан өзінің цифрларының қосындысынан 4 есе артық, ал көбейтіндісінен 3 есе артық. Осы санды табыңыз.

Жауабы: 24.

Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау жұмысы.

А деңгейі:

14. Бірінші кран бассейінді 8 сағатта, ал екіншісі 10 сағатта, үшіншісі 40 сағатта толтырады. Үш кран бірлесіп осы бассейінді қанша сағатта толтырады? Жауабы: 4.

9. Моторлы қайық өзен ағысымен 40 мин, ағынға қарсы 1 сағат жүзіп, осы уақытта барлығы жол жүрді. Егер өзен ағысының жылдамдығы 1,5 км/сағ болса, онда қайықтың тынық судағы жылдамдығы қандай? Жауабы: 22,5 км/сағ.

6. Айырмасы 5-ке, квадраттарының қосындысы 53-ке тең екі санды табыңыз. Жауабы: (-2; -7), (7; 2).

В деңгейі:

4.

Екі бригада ағаш отырғызды. Әр күні бірінші бригада екіншіге қарағанда 40 ағаш артық отырғыза жүріп, барлығы 270 ағаш отырғызды. Екінші бригада біріншіге қарағанда 2 күн көп істеп барлығы 250 ағаш отырғызды. Әр бригада неше күн жұмыс істеді?

Жауабы: 3 күн; 5 күн.

5. Поезд жолда 6 мин-қа тоқтады да, өзінің кешігуін 20 км-лік жол кесіндісінде жойды. Ол үшін поездың қозғалыс кестесі бойынша жорамалданған жылдамдығынан 10 км/сағ артық жылдамдықпен жүруіне тура келді. Берілген жол кесіндісіндегі поездың кесте бойынша жорамалданған жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 40 км/сағ.

1. Егер екі еселенген бірінші мен үш еселенген екінші санның қосындысы 23, ал төрт еселенген екінші сан үш еселенген біріншісінен 8-ге артық болса, онда әрбір сан қаншаға тең?

Жауабы: 4; 5.

С деңгейі:

3.

Екі бригада орындықтар жасады, сонда бірінші бригада 65 орындық, ал екінші бригада 66 орындық жасады. Бірінші бригада 1 күнде екіншіден екі орындық артық, бірақ одан 1 күн кем жұмыс жасады. 2 бригада бірлесе отырып бір күнде қанша орындық жасады?

Жауабы: 24.

3.

Пойызға асыққан жолаушы бірінші сағатта жүргеннен кейін, осы жылдамдықпен жүре берсе пойызға 1 сағат кешігетінін есептеп білді. Ол қалған жолды 5 км/сағ жылдамдықпен жүре отырып, пойызға 30 минут ерте келді. Жолаушы қанша км жол жүрген?

4. Үш таңбалы сан 3 цифрымен аяқталады. Егер осы цифрды солға, яғни басына апарып қойсақ, онда 3 еселенген бастапқы берілген үш таңбалы саннан 1-і артық болатындай жаңа сан пайда болады. Осы санды табыңыз. Жауабы: 103.

Топпен, жұппен және жеке жұмыстарға берілген тапсырмаларды орындау барысында мұғалім тарапынан құрылымдық түрдегі ауызша/ жабаша кері байланыстар болады.

TARSIA – кеспе қағаздары

2-Қосымша

Таныстырылым,

Флипчарттар

3-Қосымша

Дайындалған постерлер

Үлестірме материалдар

4-Қосымша

Үлестірме материалдар

Қасымбекова Н.Ж., Мәтіндік есептердің тест жинағы.

Үлестірме материалдар

5-Қосымша

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия. Оқушылар бағалау критерийлеріне сәйкес сабақ бойынша кері байланыстарын стикерлерге жазып,

оқу мақсаттарының негізінде құрылған бағалау критерийлеріне сәйкес жасалған «Жетістік баспалдағының» қай сатысында тұрғандарын анықтап, өздерін және бірін-бірі бағалайды.

Үйге тапсырма:

А деңгейі:

7. Екі жұмысшы бірігіп бір жұмысты 4 күнде аяқтайды. Егер 1-ші күні екеуі бірігіп істесе, онда жұмыстың қалған бөлігін бірінші жұмысшы бір өзі 7 күнде аяқтайды. Бірінші жұмысшы жалғыз өзі істесе сол жұмысты неше күнде бітірер еді?

Жауабы: .

7. Маторлы қайық А дан В пунктіне дейін 2,4 сағ, ал қайтарда 4 сағ жолға жұмсады. Моторлы қайық жылдамдығы 16 км/сағ болса, өзен ағысының жылдамдығы қандай?

A) 5 км/сағ; B) 3 км/сағ ; C) 4 км/сағ; D) 2 км/сағ; E) 6 км/сағ.

7. Бөлшектің мәні -ке тең. Егер берілген бөлшектің алымын 3-ке, ал бөлімін 2-ге арттырсақ, онда бөлшектің мәні -ке тең болады. Бастапқы бөлшектің алымы мен бөлімінің қосындысын табыңыз.

A) 28; B) 30; C) 32; D) 34; E) 36.

В деңгейі:

7. Күніне жылқыларға шөп беретіндей етіп шөп қоры дайындалды. 2 жылқыны көрші колхозға өткізгендіктен, күніне әр жылқыға беретін тиісті мөлшерлі шөпті 4 кг-ға артық беруге тура келді. Әуелде қанша жылқы болып еді?

Жауабы: 8 жылқы.

7. Велосипедші А пунктінен қашықтағанда оның соңынан мотоциклші шықты. Мотоциклшінің жылдамдығы велосипедшінің жылдамдығынан 2 есе артық болса, мотоциклші велосипедшіні А пунктінен қандай қашықтықта қуып жетеді?

A) ; B) ; C) ; D) ; E) .

7. Бір натурал сан екіншісінен 3-ке артық, ал көбейтіндісі 180-ге тең. Осы натурал сандарды табыңыз.

A) 6 және 9; B) 9 және 12; C) 12 және 15; D) 15 және 18; E) 18 және 21.

С деңгейі:

7. Жолды жөңдеу үшін 15 адам жұмыс істеді және олар бұл жұмысты 12 күнде бітіруге тиіс еді. Бесінші күні таңертең тағы да бірнеше жұмысшы келді де, қалған жұмыс 6 күнде орындалды. Қосымша неше жұмысшы келгенін анықтаңыз.

Жауабы: 5 жұмысшы

7. Саяхатшы жолды күніне бірдей жол жүре отырып, бірнеше күнде жүріп өтті. Егер осы саяхатына тағы 2 күнді қосып алса, ол күніне аз жүрген болар еді. Саяхат неше күнге созылды?

А) 7 күн; В) 21 күн; С) 15 күн; D) 5 күн; E) 3 күн.

7. Қосындысы, айырмасы және көбейтіндісі 5:1:18 қатынасындай болатын екі санды табыңыз.

A) 9 және 6; B) 8 және 5; C) 12 және 9; D) 10 және 7; E) 11 және 8.

Стикерлер

Үлестірме материалдар

Үлестірме материалдар

6-Қосымша

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1-Қосымша.

Шолу сұрақтары: «Ыстық орындық» стратегиясы қолданылады:

- теңдеулер жүйесін шешу деген не?

- теңдеулер жүйесін шешудің неше тәсілін білесіз?

- қосу тәсілін түсіндіріп беріңіз?

- айнымалыларды ауыстыру тәсілін түсіндіріп беріңіз?

- графиктік тәсілдің мағынасы қандай?

- қосу тәсіліне мысал келтіріңіздер.

- айнымалыларды ауыстыру тәсіліне мысал келтіріңіздер.

- графиктік тәсілге мысал келтіріңіздер.

2-Қосымша. TARSIA.

3-Қосымша. Топпен жұмыс.

І топқа:

ІІ топқа:

ІІІ топқа:

IV топқа:

4-Қосымша.

Жұппен жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

І. А деңгейі:

49.

Оқушылардың екі тобы әрқайсысы 24 теңгеден төлеп, театрға билет алды. Бірінші топтың әр билеті екінші топтың әр билетінен 20 тиын қымбат болғандықтан, олар екінші топқа қарағанда 10 билет кем алды. Бірінші топ қанша билет сатып алды?

Жауабы: 30.

50. Бір жұмысшы өзінің нормасын 6 сағатта, екіншісі 5 сағатта, үшіншісі 4 сағатта орындайды. Олар белгілі бір уақыт бірге істеп 750 деталь дайындады. Әрқайсысы қанша деталь әзірледі?

Жауабы: 200;250;300.

В деңгейі:

24.

Екі экскватор жер қазу жұмысын бір мезгілде бастап, оны 4 сағатта бітірді. Бірінші экскватор жеке өзі бұл жұмысты екіншісіне қарағанда 6 сағат кеш анықтайды. Осы жұмысты бітіру үшін әр экскваторға қанша уақыт қажет болады?

Жауабы: 6 сағ; 12 сағ.

30.

Үш кран бассейнді 4,5 сағатта толтырады. Егер бірінші кран 7 сағат, ал екінші және үшінші кран 2 сағат ашық тұрғанда бассейн толса, бассейнді толтыру үшін бірінші кранға қанша уақыт керек?

Жауабы: 15 сағ.

С деңгейі:

18.

Бір бассейнде су бар да, ал екіншісінде су бар. Бассейндерді толтыру үшін крандарды ашық қойған. Егер екінші бассейнге, біріншіге қарағанда су артық құйылатын болса, неше сағаттан кейін екі бассейннің су мөлшері бірдей болады?

Жауабы: 4 сағ.

20.

Екі машина жиналған астықты 4 күнде басып бітіреді. Егер олардың біреуі барлық астықтың жартысын, ал одан кейін қалғанын екіншісі басатын болса, онда барлық жұмыс 9 күнде аяқталып бітеді. Барлық астықты әрбір машина неше күнде басып бітіреді?

Жауабы: 12 күн; 6 күн.

ІІ. А деңгейі:

47.

Екі пристанның ара қашықтығы 24 км-ге тең. Бұл аралықты катер төмен қарай өзен ағысымен жүргенде, кері бағытқа қарағанда 30 мин тез жүріп өтеді. Өзен ағысының жылдамдығы 2км/сағ болса, катердің меншікті (тынық судағы) жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 14км/сағ.

50. Ара қашықтығы екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі машина шықты. Біреуінің жылдамдығы 86 км/сағ, ал екіншісінікі 68 км/сағ болса, онда 2 сағаттан кейін олардың ара қашықтығы қанша болады?

Жауабы: 154 км.

В деңгейі:

27.

Моторлы қайық өзен ағысы бойымен , ал сонан соң ағысқа қарсы қашықтықты жүзіп өтуі үшін барлығы 5 сағ уақыт жұмсады. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 5 км/сағ деп алып, өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 2 км/сағ.

30. Екі автобус бір уақытта бір қаладан екінші қалаға қарай шықты. Екі қаланың ара қашықтығы . Бірінші автобус, екіншіге қарағанда белгіленген уақыттан 15 мин бұрын келді. Егер бірінші автобустың жылдамдығы екіншіден 2 км/сағ артық болса, бірінші автобустың жылдамдығы қандай? Жауабы: 18 км/сағ.

С деңгейі:

14. Турист өзен ағысымен 90 км-ді қайықпен жүзді де, қалған 10 км-ді жаяу жүріп өтті. Оның жаяу жүріп өткен уақытындай жаяу жүрсе, ал жаяу жүріп өткен уақытындай қайықпен жүзсе, онда олардың жүрген жолдары біріне-бірі тең болар еді. Турист қанша уақыт жаяу және қанша уақыт қайықпен жүзіп өтті? Жауабы: 2 сағ; 6 сағ.

18.

Ұзындығы 60 м-ге тең шеңбер бойымен бір бағытта қозғалатын екі нүкте әрбір 1 минут өткенде кездесіп отырады. Олардың біреуі екіншісіне қарағанда шеңберді 5 с ерте айналып өтеді. Әрбір нүктенің жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 4 м/с; 5 м/с.

ІІІ. А деңгейі:

19. Цифрлары бірдей екі таңбалы сан берілген. Егер бұл санның үлкен разрядына 1-ді, ал кіші разрядына 2-ні қосып, оны берілген санға көбейткенде 2464-ке тең болатын екі таңбалы санды табыңыз. Жауабы: 44.

20. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 12-ге тең. Егер бұл санның цифрларының орындарын ауыстырсақ, онда ізделінді саннан 18-ге артық болатын сан шығады. Осы санды табыңыз. Жауабы: 57.

В деңгейі:

19. Қайсыбір екі таңбалы санның цифрларының квадраттарының қосындысы осы цифрлардың екі еселенген көбейтіндісінен 4-ке артық. Осы санды оның цифрларының қосындысына бөлсек, онда бөлінді 4-ке және қалдық 9-ға тең болады. Ізделінді санды табыңыз. Жауабы: 57.

20. Екі таңбалы санның цифрларының көбейтіндісі оның цифрларының қосындысынан 2 есе артық. Егер ізделінді саннан 27-ні шегерсек, сол цифрлармен, бірақ кері тәртіпте жазылған сан шығады. Осы санды табыңыз. Жауабы: 63.

С деңгейі:

19. Үш таңбалы сан х цифрымен аяқталады. Егер оны санның басына жазса, онда бастапқы берілген саннан 18-і артық болады. Осы санды табыңыз. Жауабы: 202.

20. Қандай да бір екі таңбалы сан өзінің цифрларының қосындысынан 4 есе артық, ал көбейтіндісінен 3 есе артық. Осы санды табыңыз. Жауабы: 24.

5-Қосымша. Жеке жұмыс.

«Мәтіндік есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шешу» тақырыбы бойынша қалыптастырушы бағалау

Тақырып

Мәтіндік есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шешу

Оқу мақсаты

9.4.2.1 мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Бағалау критерийі

Білім алушы

- Бірлесіп жұмыс істеуге берілген мәтіндік есептерді

шығарады;

- Бір мезгілде әртүрлі құбырлармен толтырылатын бассейндер

туралы мәтіндік есептерді шығарады;

- Қозғалысқа берілген мәтіндік есептерді шығарады;

- Сандардың формуласы қолданылатын мәтіндік есептерді

шығарады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, анализ

І.

А деңгейі:

Бірінші кран бассейінді 8 сағатта, ал екіншісі 10 сағатта, үшіншісі 40 сағатта толтырады. Үш кран бірлесіп осы бассейінді қанша сағатта толтырады? Жауабы: 4.

В деңгейі:

Екі бригада ағаш отырғызды. Әр күні бірінші бригада екіншіге қарағанда 40 ағаш артық отырғыза жүріп, барлығы 270 ағаш отырғызды. Екінші бригада біріншіге қарағанда 2 күн көп істеп барлығы 250 ағаш отырғызды. Әр бригада неше күн жұмыс істеді?

Жауабы: 3 күн; 5 күн.

С деңгейі:

Екі бригада орындықтар жасады, сонда бірінші бригада 65 орындық, ал екінші бригада 66 орындық жасады. Бірінші бригада 1 күнде екіншіден екі орындық артық, бірақ одан 1 күн кем жұмыс жасады. 2 бригада бірлесе отырып бір күнде қанша орындық жасады?

Жауабы: 24.

Дескриптор: Білім алушы

- есеп шартына сәйкес айнымалыны/ айнмалыларды енгізеді;

- барлық жұмысты бір бөлік деп есептейді;

- жұмыс өнімділіктерді анықтайды;

- бір айнымалыдан тәуелді теңдеу құрады;

- теңдеуді/ теңдеулер жүйесін шешеді;

- ізделінді шаманы/ шамаларды тауып, жауабын жазады.

ІІ.

А деңгейі:

Моторлы қайық өзен ағысымен 40 мин, ағынға қарсы 1 сағат жүзіп, осы уақытта барлығы жол жүрді. Егер өзен ағысының жылдамдығы 1,5 км/сағ болса, онда қайықтың тынық судағы жылдамдығы қандай? Жауабы: 22,5 км/сағ.

В деңгейі:

Поезд жолда 6 мин-қа тоқтады да, өзінің кешігуін 20 км-лік жол кесіндісінде жойды. Ол үшін поездың қозғалыс кестесі бойынша жорамалданған жылдамдығынан 10 км/сағ артық жылдамдықпен жүруіне тура келді. Берілген жол кесіндісіндегі поездың кесте бойынша жорамалданған жылдамдығын табыңыз. Жауабы: 40 км/сағ.

С деңгейі:

Пойызға асыққан жолаушы бірінші сағатта жүргеннен кейін, осы жылдамдықпен жүре берсе пойызға 1 сағат кешігетінін есептеп білді. Ол қалған жолды 5 км/сағ жылдамдықпен жүре отырып, пойызға 30 минут ерте келді. Жолаушы қанша км жол жүрген?

Жауабы: 21 км.

Дескриптор: Білім алушы

- есеп шартына сәйкес айнымалыны енгізеді;

- жолды табу формуласын қолданады;

- қайықтың/поездың/жолаушының жолын анықтайды;

- теңдеу құрады;

- теңдеуді шешеді;

- ізделінді шаманы тауып, жауабын жазады.

ІІІ.

А деңгейі:

Айырмасы 5-ке, квадраттарының қосындысы 53-ке тең екі санды табыңыз.

Жауабы: (-2; -7), (7; 2).

В деңгейі:

Егер екі еселенген бірінші мен үш еселенген екінші санның қосындысы 23, ал төрт еселенген екінші сан үш еселенген біріншісінен 8-ге артық болса, онда әрбір сан қаншаға тең?

Жауабы: 4; 5.

С деңгейі:

Үш таңбалы сан 3 цифрымен аяқталады. Егер осы цифрды солға, яғни басына апарып қойсақ, онда 3 еселенген бастапқы берілген үш таңбалы саннан 1-і артық болатындай жаңа сан пайда болады. Осы санды табыңыз. Жауабы: 103.

Дескриптор: Білім алушы

- есеп шартына сәйкес айнымалыны/ айнымалыларды енгізеді;

- теңдеу/ теңдеулер құрады;

- теңдеуді/ теңдеулер жүйесін шешеді;

- ізделінді санды/ сандарды анықтайды.

6-Қосымша. Үйге тапсырма:

А деңгейі:

7. Екі жұмысшы бірігіп бір жұмысты 4 күнде аяқтайды. Егер 1-ші күні екеуі бірігіп істесе, онда жұмыстың қалған бөлігін бірінші жұмысшы бір өзі 7 күнде аяқтайды. Бірінші жұмысшы жалғыз өзі істесе сол жұмысты неше күнде бітірер еді?

Жауабы: .

7. Маторлы қайық А дан В пунктіне дейін 2,4 сағ, ал қайтарда 4 сағ жолға жұмсады. Моторлы қайық жылдамдығы 16 км/сағ болса, өзен ағысының жылдамдығы қандай?

A) 5 км/сағ; B) 3 км/сағ ; C) 4 км/сағ; D) 2 км/сағ; E) 6 км/сағ.

7. Бөлшектің мәні -ке тең. Егер берілген бөлшектің алымын 3-ке, ал бөлімін 2-ге арттырсақ, онда бөлшектің мәні -ке тең болады. Бастапқы бөлшектің алымы мен бөлімінің қосындысын табыңыз.

A) 28; B) 30; C) 32; D) 34; E) 36.

В деңгейі:

7. Күніне жылқыларға шөп беретіндей етіп шөп қоры дайындалды. 2 жылқыны көрші колхозға өткізгендіктен, күніне әр жылқыға беретін тиісті мөлшерлі шөпті 4 кг-ға артық беруге тура келді. Әуелде қанша жылқы болып еді?

Жауабы: 8 жылқы.

7. Велосипедші А пунктінен қашықтағанда оның соңынан мотоциклші шықты. Мотоциклшінің жылдамдығы велосипедшінің жылдамдығынан 2 есе артық болса, мотоциклші велосипедшіні А пунктінен қандай қашықтықта қуып жетеді?

A) ; B) ; C) ; D) ; E) .

7. Бір натурал сан екіншісінен 3-ке артық, ал көбейтіндісі 180-ге тең. Осы натурал сандарды табыңыз.

A) 6 және 9; B) 9 және 12; C) 12 және 15; D) 15 және 18; E) 18 және 21.

С деңгейі:

7. Жолды жөңдеу үшін 15 адам жұмыс істеді және олар бұл жұмысты 12 күнде бітіруге тиіс еді. Бесінші күні таңертең тағы да бірнеше жұмысшы келді де, қалған жұмыс 6 күнде орындалды. Қосымша неше жұмысшы келгенін анықтаңыз.

Жауабы: 5 жұмысшы

7. Саяхатшы жолды күніне бірдей жол жүре отырып, бірнеше күнде жүріп өтті. Егер осы саяхатына тағы 2 күнді қосып алса, ол күніне аз жүрген болар еді. Саяхат неше күнге созылды?

А) 7 күн; В) 21 күн; С) 15 күн; D) 5 күн; E) 3 күн.

7. Қосындысы, айырмасы және көбейтіндісі 5:1:18 қатынасындай болатын екі санды табыңыз.

A) 9 және 6; B) 8 және 5; C) 12 және 9; D) 10 және 7; E) 11 және 8.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу