Мәтін есептерді шешу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 6 сабақ.
Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар
Сабақ тақырыбы: Мәтін есептерді шешу
Сабақ түрі: Қайталау сабағы
Оқу мақсаты:
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
Квадрат және рационал теңдеулер көмегімен шешілетін мәтін есептерді шешуді қайталайды.
Сабақ құрылымы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою
- Қайталау.
- Мәтінді есептерді квадрат теңдеулер арқылы шығару
- Мәтінді есептерді квадрат бөлшек-рационал теңдеулер арқылы шығару
- Сабақты қорытындылау. Рефлексия
Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.
Мұғалім оқушылармен мәтінді есептерді квадрат теңдеулер арқылы шығару алгоритмі:
- Шамалар арасында тәуелсіз айнымалыны анықтау үшін берілген мәтін есепті мұқият оқимыз.
- Ізделінді шаманы айнымалымен белгілейміз.
- Ізделінді шаманы берілген шамалар арқылы өрнектейміз.
- Теңдеуді құрастырамыз, яғни бір шаманы өрнектейтін екі өрнекті теңестіреміз.
- Алынған теңдеудің түбірлерін табамыз.
- Теңдеуден шыққан түбірлердің есептің шартына сәйкестігін тексереміз.
- Жауабын жазамыз.
Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар
Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Презентация слайдтарында анимациялар бар, олар экранға шешімдер мен жауаптарды біртіндеп шығаруға немесе қойылған сұрақтарға жауаптарды көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан презентацияны көрсету барысында тапсырма немесе сұрақты көрсеткеннен кейін үзіліс жасау керек, сөйтіп оқушыларда оларды орындауға және ойлануға уақыттары болады.
Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар
Сабақтың құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың жаңа тақырыпты оқу кезінде өнімді іс-әрекетін көздеген, материалдың пассивті қабылдауын болдырмай. Осыған байланысты мұғалімге оқушыларға жоғары деңгейдегі сұрақтарды қою керек, оларды «жаңалық ашуға» және жаңа материалды меңгеруге итермелейтін, сол уақытта оларға ойлануға қажетті уақытты да ұсыныңыз.
Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.
Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.
Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.
Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.
Тапсырмалардың жауаптары өзін-өзі бағалауға және өзара бағалауға пайдалы болады. Тапсырмалардың жауаптары слайд презентацияларында жазылған.
Әрбір тапсырманың бағалау критерийлері қысқа мерзімді жоспарда жазылған.
Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.
Шыныбеков Ә.Н. Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Атамұра» 2012 ж.
www.bilimland.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру