Мәтін есептерді шығару. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.


Біздің айналамыздағы кейбір құбылыстарды квадраттық функциялар арқылы бейнелеуге болады. Егер ол функцияны графикпен немесе формуламен берсек, әртүрлі сұрақтардың жауабын табуға болады. Келесі тапсырмаларда сіздер квадарттық функцияның қолдануына бірнеше мысалдар қарастырасыздар.

1 Қазақстан республикасының Ұлттық мұрағаты 2003 жылы Астана бой көтерді. Мұрағаттың сақтау бөлімі параболасымен шектелген күмбез тәрізді пішінде. Сақтау бөлімінің биіктігін анықтаңыз.

http://www.portalostranah.ru/photos/687_src.jpg

2. Тас жоғарыға тігінен лақтырылған. Тас жерге түскенге дейін оның жерден биіктігі h = -5t² + 12t формуласымен беріледі, мұнда h – метрмен берілген биіктік, t – лақтырылғаннан кейін өткен секундпен берілген уақыты.

а) Қанша секундтан соң тас жерден 4 м биіктікте болады?

б) а) сұрағының жауабын пайдаланып тас қанша скундтан соң ең үлкен биіктікке жететінін анықтауға бола ма?

в) Осы есепке сұрақ құрастырып, оның жауабын беріңіз.

3. Жұмыс уақытына байланысты еңбек өнімділігі формуласы бойынша өзгереді. Жұмыс күнін 8 сағатқа тең деп есептеп, функцияның графигін құрыңыз.

а) Еңбек өнімділігі қандай уақытта ең жоғарғы деңгейге жетеді?

б) Еңбек өнімділігі жұмыс күнінің қай уақыт аралығында артады?

в) Еңбек өнімділігі жұмыс күнінің қай уақыт аралығында азаяды?

г) Еңбек өнімділігі қай уақытта жоғары: жұмыс күні басталғаннан кейін 1 сағаттан соң немесе 5 сағаттан соң?

Қосымша тапсырма

1. Өрнектің мәнін табыңыз: .

Жауабы:.

2. Теңдеуді шешіңіз:

Жауабы: -23; 1.

Үй тапсырмасы

1. Мұнарадан садақтың жебесі жоғарыға атылды. Егер жебенің бастапқы жылдамдығы 50 м/с, мұнараның биіктігі 20 м және t – жебенің ұшу уақыты (секундпен) болса, онда жебенің жер бетінен h (метрмен) биіктігін h=-5t2+50t+20 формуласымен табуға болады.

Жебе қандай ең үлкен биіктікке жетеді?

Жебенің h= -5t2 +50t+20 формуласымен берілген қозғалыс графигін салыңыз.

Графикте жебенің жететін ең үлкен биіктігін нүктемен белгілеңіз.

2. Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңыз:

Ара қашықтығы болатын екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы трактор мен жүк көлігі шықты. Егер жүк көлігінің жылдамдығы трактордың жылдамдығынан 4 есе көп болса және олар 4 сағаттан соң кездескен болса, трактордың жылдамдығын табыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу