Мәтін есептерді шығару. Алгебра, 7 сынып, қосымша материал.


Турист өзен ағысымен 90 км-ді қайықпен жүзді де, қалған 10 км-ді жаяу жүріп өтті. Оның жаяу жүріп өткен уақыты қайықпен жүзуге кеткен уақытынан 4 сағ-қа кем еді. Егер турист қайықпен жүзіп өткен уақытындай жаяу жүрсе, ал жаяу жүріп өткен уақытындай қайықпен жүзсе, онда олардың жүрген жолдары біріне-бірі тең болар еді. Турист қанша уақыт жаяу және қанша уақыт қайықпен жүзіп өтті?

Реактивті самолет 0,5 сағатта винтті самолеттің 1 сағатта жүрген жолынан артық жүрген. Егер реактивті самолеттің жылдамдығы винтті самолеттің жылдамдығынан 3 есе артық болса, әрқайсысының жылдамдығын табыңдар.

Жедел пойыз семафор алдында 16 минут тоқтатылған. Кестеден шығып қалмау үшін, ол келесі аралықты жоспарланғаннан 10 км/сағ артық жылдамдықпен жүрген. Пойыздың кесте бойынша жылдамдығын табыңдар.

 

Үш кран бассейнді 4,5 сағатта толтырады. Егер бірінші кран 7 сағат, ал екінші және үшінші кран 2 сағат ашық тұрғанда бассейн толса, бассейнді толтыру үшін бірінші кранға қанша уақыт керек?

 Жұмысты Асан 9 күнде, ал Досан 12 күнде бітіреді. Бұл жұмысты олар бірлесіп 3 күн жұмыс істеген соң Асан кетіп қалды. Қалған жұмысты Досан неше күнде бітіреді?

Бір жұмысшы өзінің нормасын 6 сағатта, екіншісі 5 сағатта, үшіншісі 4 сағатта орындайды.Олар белгілі бір уақыт бірге істеп 750 деталь дайындады. Әрқайсысы қанша деталь әзірледі?

Пәтерде ендері бірдей екі бөлме жасау жобалануда. Бірінші бөлменің ұзындығы енінен 1,5 есе артық, екінші бөлмені ұзындығы 7,2м. Егер пәтердің ауданы 56,7м2 болса, онда бөлмелердің енін табыңдар.

Тіктөртбұрыштың ені ұзындығынан 3 см кем. Егер тіктөртбұрыштың ауданы 130 см2 болса, онда оның ені қандай?

Екі тік төртбұрыш берілген. Бірінші тік төртбұрыштың ені 7см, ал екінші тік төртбұрыштың ені 13см. Екеуінің аудандарының қосындысы 146см. Бірінші тік төртбұрыштың ені 3 есе арттырылды, ал екінші тік өртбұрыштың ені 5см қысқартылды. Сонда екі тік төртбұрыштың аудандарының қосындысы алғашқыдан 44см артық болды. Тік төртбұрыштардың әрқайсысының ұзындығын табыңдар.

Берілген суретке сәйкес теңдеу құрып, оны шешіңіз:

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу