Мәтін есептерді шешу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 6 сабақ.


Қосымша 1

Мәтінді есептерді квадрат теңдеулер арқылы шығару

1-Мысал. Ұзындығы 20 см-ге тең сымды кездейсоқ нүктеде тікбұрыш жасап майыстырамыз. Алынған тік төртбұрыштың ауданы 21 см2-қа тең болса, онда оның қабырғаларын табу керек.

№1. Өзінің квадратынан 3 есе кем және 0-ге тең емес санды тап.

№2. Қатар тұрған сандардың көбейтіндісі 210-ға тең. Осы сандарды тап.

№3. Төртбұрыштың қабырғаларының бір екіншісінен 3 см-ге кем және ауданы 54 см2-қа тең. Осы қабырғалардың ұзындықтарын анықта.

№4. «Жастар» театрының залдағы бір қатардағы орын саны ондағы қатар санынан 6-ға артық. Егер залдағы барлық орын саны 352 болса, онда қатар саны қанша?

№5. Тіктөрбұрыш тәріздес алаңның ауданы 14,4 м2, оның бір қабырғасы екіншісінің 40%-ын құрайды. Осы алаңның өлшемдерін тап.

Мәтінді есептерді квадрат бөлшек-рационал теңдеулер арқылы шығару

1-мысал. Бурабай ұлттық паркінде екі велосипедші бір уақытта 30 километрлік айналым жасауға аттанды. Бірінші велосипедшінің орташа жылдамдығы екінші велосипедшіден 4 км/сағ-қа артық және ол мәреге екінші велосипедшіден 2 сағат бұрын келді. Мәреге екінші болып келген велосипедшінің жылдамдығын тап.

2-мысал. Қолжазбаны екі корректор бірігіп 8 сағатта тексеріп шығады. Егер корректорлардың біреуіне екіншісіне қарағанда 12 сағат артық уақыт керек болса, онда осы жұмыс көлемін әр корректор жеке өзі қанша уақытта орындайды?

№1. Бірінші құбыр екінші құбырға қарағанда минутына 1 литр су кем өткізеді. Бірінші құбырдың көлемі 110 литр болатын бөшкені толтыруғ,а жұмсайтын уақыты екінші құбырдың көлемі 99 литр болатын бөшкені толтыруға жұмсайтын уақытынан 2 минутқа артық. Бірінші құбыр минутына қанша литр су өткізеді?

№2. Оқушы әр күн сайын бірдей беттер санын оқи отырып, 480 беттік кітапты оқып бітірді. Егер ол кітапты әр күн сайын 16 бетке артық оқыса, онда 5 күнге ерте бітіретін еді. Оқушы кітапты қанша күн оқыды?

№3. Пойыз 1 сағатқа кешігіп келе жатқандықтан, 720 км қашықтықта жылдамдығынан 10км/сағ-қа арттырды. Пойыздың кестелік жылдамдығын тап.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу