Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу. Алгебра, 8 сынып, презентация. 7 сабақ.
Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу
Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
Оқу мақсаты
8.3.3.5 дисперсия, стандартты ауытқу анықтамаларын және оларды есептеу формулаларын білу
Сабақ мақсаттары
Оқушылар:
Дисперсия және стандартты ауытқу ұғымдарымен танысады және оларды есептейді.
Ой қозғау
Жиілік алқабы түрінде берілген графиктерді салыстырыңыз. Олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын атай аласыз ба?
Нені байқадыңыздар?
Арифметикалық орта мен өзгеріс ауқымы арқылы деректерді сипаттау жеткілікті ме?
В мәліметі үшін дисперсия мен стандартты ауытқуды тауып көрейік:
№1. Төмендегі берілгендердің арифметикалық ортасын, өзгеріс ауқымын, модасын, медианасын, дисперсия мен стандартты ауытқуын есептеңіз.
a) 2 2 4 4 4 5 6 6 8 9
b) 13.1 20.4 17.4 16.5 21.0 14.8 12.6
Бағалау критерийлері
Оқушы:
Деректердің арифметикалық ортасын, өзгеріс ауқымын, медианасын, модасын есептейді;
Дисперсия мен стандартты ауытқу формулаларын қолданады;
Дисперсия мен стандартты ауытқуды есептейді.
№2. Жұмысқа екі түрлі жолмен жетуге болады. Бірі қаладағы негізгі жолдармен, екіншісі қосымша жолдармен. Осы әрбір жолмен жұмысқа жетуге кеткен уақыт бірнеше рет өлшенді және оның нәтижесі төмендегідей:
a) Әрбір жолдың арифметикалық ортасы мен стандартты ауытқуын есептеңіз.
b) Сіз қай жолмен жүруді ұсынар едіңіз? Себебін түсіндіріңіз.
Бағалау критерийлері
Оқушы:
Деректердің арифметикалық ортасын есептейді;
Стандартты ауытқуды есептейді;
Нәтижелердің негізінде қорытынды жасайды.
№3. Белгілі бір аймақта жылдық жауын жауудың арифметикалық ортасы 80см және оның стандартты ауытқуы 4см.
(i) Бір жылы ол 90см болды. Бұл жыл ерекше болды ма?
(ii) Келесі жылы жылдық орташа жауын-шашын 78см болды. Бұл жыл ерекше болды ма?
Бағалау критерийлері
Оқушы:
Стандартты ауытқу анықтамасын қолданады;
Сұрақтарға жауап береді.
• Бүгін мен білдім …
• Маған қызықты болды …
• Маған қиын болды …
• Мен ... тапсырмаларын
орындадым.
Сабақ қорытындысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру