Мәтіндік есептерді шешу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 3 сабақ.
3) Периметрі 16 см болатын, ауданы S тіктөртбұрыш қабырғасы х болатын функция ретінде берілген. Осы функцияның формуласын жазыңыз. х-тың қандай мәнінде функция ең үлкен мәнді қабылдайды. Жауапқа геометриялық түсіндірме беріңіз.
4) Фермерде 120 м қоршау бар. Ол бір жағы үйдің қабырғасы болатын тіктөртбұрышты қоршау жасағысы келеді. Сондықтан оған қоршауды тек үш жағынан қою керек. Фермердің қоршайтын ең үлкен ауданын табыңыз. Қоршаудың өлшемдері қандай болады?
5) Судың ағу үшін ғимараттардың төбесіне арнайы металл және пластиктен жасалынған науа орнатады. Науаны жасау барысында экономикалық тұрғыдан ең көп су ағатын тиімді өлшемді таңдау керек. Науаның көлденең қимасының периметрі 40 см.
а) Егер көлденең қиманың пішіні тіктөртбұрыш түрінде болса, ең көп су ағу үшін науаның өлшемі қандай болу керек?
б) Егер көлденең қиманың пішіні жарты шеңбер болса, оның радиусы қандай?
в) Қандай қима ең тиімді ?
(Сурет http://www.roof-n-roll.ru.opt-images сайтынан алынды)
Қосымша тапсырмалар
квадраттық функция графигі берілген.
Тұжырым дұрыс па:
а) ;
б) ;
в) ;
г) ?
Үй тапсырмасы
1) Компьютер бұйымдарын шығаратын компанияның кірісі функциясымен беріледі, мұндағы – апта бойы шығарылған бұйымдар саны.
а) Осы функцияның графигін салыңыз.
б) Графиктің Ох осімен қиылысуын жазыңыз. Бұл координаталар қандай мәліметті көрсетеді?
в) Графиктің Оу осімен қиылысуын жазыңыз. Бұл координаталар қандай мәліметті көрсетеді?
г) Парабола төбесінің координаталарын табыңыз. Бұл координаталар қандай мәліметті көрсетеді?
2) Тұжырым дұрыс па: егер теңдеуінің екі түбірі болса, онда теңдеуінің де екі түбірі болады. Жауапты түсіндіріңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?