Квадраттық функция және оның графигі. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A бөлім: Квадраттық функция

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Сынып: 8

Сабақ 4

Мұғалімнің аты-жөні: Дощанов Б.Т., Проскокова А.В.

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Квадраттық функция және оның графигі

Сабақтың түрі

Білім мен дағдыны бекіту сабағы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.2 y = a(x – m)2, y = ax2 + n , y = a(xm)2 + n, a≠0 түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін біледі және графигін салады.

Сабақтың мақсаты

Әртүрлі әдіспен берілген квадрат функцияның графигін салу. Графиктерді түрлендірулерді орындау.

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

y = x2 функциясының қасиетін біледі

Қолдану

квадраттық функция графиктерін салады

функция графиктерін түрлендіруді орындайды

Анализ және синтез

y = a(x – m)2, y = ax2 + n , y = a(x – m)2 + n түріндегі функцияның қасиеттерін зерттейді

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар квадраттық функцияның графигін салудың негізгі қадамдарын және олардың қасиеттерін ауызша айтып береді.

Пәндік лексика және терминология

  • квадраттық функция;
  • парабола;
  • парабола төбесі, парабола тармақтары;
  • симметрия осі;
  • функцияның нөлдері;
  • таңба тұрақтылық аралығы;
  • өсу/кему аралықтары;
  • функцияның ең үлкен/ең кіші мәндері

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • парабола тармақтары жоғары/төмен бағытталған;
  • график Ох осінен … (жоғары, төмен) орналасқан;
  • квадраттық функция графигі Оу осін координата басына қарағанда … (жоғары, төмен) қияды, өйткені с … (>,<) 0;
  • функция … аралығында өседі

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, бірлестік, жайдарлылық

Құндылықтарды дарыту жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Геометрия, физикадан есептер шығару

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, Desmos немесе GeoGebra бағдарламалары

Бастапқы білім

Оқушылар y = а(x – m)2 + n түріндегі функция графиктерін сала алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

3 мин

4 мин

10 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырманы жұппен тексереді.

Білімді жаңғырту

Мұғалім өткен сабақта қарастырылған материалға шолу жасап, оқушылармен бірге парабола сұлбасын қалай салу керектігін талқылайды. Оқушылардың назары y = a(x – m)2 + n түрінде берілген квадраттық функцияның параболасының төбесінің координаталарына, а модуліне байланысты парабола тармақтарының бағытына аударылады.

Өткен сабақтағы материалды қайталау «Қобдишадағы сұрақтар» ойыны түрінде жүргізіледі.

Қорапшаға немесе дорбаға сұрақтары жазылған парақшалар салынады. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, көңілді әуен арқылы қорапты бір-біріне жалғастырады. Мұғалім әуенді тоқтатқан кезде қорап кімнің қолында болса, сол оқушы сұрақты суырып, оған жауап береді. Дұрыс жауап берген жағдайда оқушыны кішкене сыйлықпен марапаттауға болады.

Презентация

1-2 слайдтар

Оқушылардың дәптерлері

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

12 мин

10 мин

Оқушыларға ноутбуктер таратылады және «bilimland.kz» сайтындағы №16-18 тапсырмаларды орындау тапсырылады.

Жасалған жұмыстың нәтижесі осы сайттағы «Қорытынды» бөлімі арқылы тексеріледі.

Дескрипторлар:

График арқылы функцияны дұрыс анықтайды;

Графиктерді түрлендіру ережесін қолдана отырып парабола төбесін дұрыс анықтайды;

График бойынша квадраттық функцияның коэффициенттерін дұрыс анықтайды.

Жеке тапсырма

Сабақтың оқу мақсатына жету үшін оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасы ұсынылады:

Функция графигін салыңыз

1 нұсқа:

2 нұсқа:

Оның қасиеттерін берілген кестеге жазыңыз.

Функцияның анықталу облысы

Функцияның мәндерінің облысы

Симметрия осінің теңдеуі

Функцияның өсу аралығы

Функцияның кему аралығы

Функцияның нөлдері

Ордината осімен қиылысу нүктесі

Мұғалім оқушылардың жұмысын тексеруге жинап алады.

Қосымша 2 екінші бөлігінде жазылған дескрипторлар оқушыларға мұғалім жұмысты тексеріп болған соң беріледі. Мұғалім мұнда «+» және «-» таңбаларын қойып, қорытынды жасайды.

Қосымша тапсырма

у = (х - 3)2 + 2 функция графигін салмай-ақ парабола төбесінің координаталарын, симметрия осінің теңдеуін жазыңыз.

Ноутбуктер

Сілтеме: https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/analiz-bastamalary/analiz-bastamalary/funkcziya-uhymy-zhane-onyng-berilu-tasilderi/lesson/kvadrattyq-funkcziya-zhane-onyng-grafigi

Қосымша 2

4 слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Жеке жұмыстың деңгейін қалай бағалайсыз?

Не оңай, өте қиын емес, қиын, өте қиын болды?

Үй тапсырмасы

1. функциясының қасиеттерін жазыңыз.

2. а –ның қандай мәнінде у = ах2 – 5 функциясының графигі мына нүктелер арқылы өтеді:

а) А(3; 11); б) В(-4; -13); в) С(6; 2,2)?

5 слайд

6 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Саралау тапсырманы таңдау кезінде жүргізілді: олар әртүрлі деңгейде берілген.

Ойын кезінде мұғалім мен оқушылар қиналған оқушыларға кеңес береді.

Материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін сабақ басында ойын жүргізіледі. Оқушылар өз жұмысының нәтижесін сабақтың ортасында тексере алады. Сабақ соңында жеке жұмысқа арналған тапсырмалар беріледі. Мұғалім оқушылардың дәптерлерін жинап алады.

Оқушылар іс-әрекет түрлерін өзгертіп отырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары

дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол

жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды

ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін

пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу