Квадраттық функция және оның графигі. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A бөлім: Квадраттық функция

Мектеп: Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Дощанов Б.Т., Проскокова А.В.

Сынып: 8

Сабақ 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Квадраттық функция және оның графигі

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгеру

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.2 түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу

Сабақтың мақсаты

Әртүрлі әдіспен берілген квадрат функцияның графигін салу. Графиктерді түрлендірулерді орындау.

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

y = x2 функциясының анықтамасы мен қасиетін біледі

Қолдану

квадрат функцияның графигін салады

графиктерді түрлендірулерді орындайды

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар квадрат функцияның графигін салудың негізгі қадамдарын ауызша айтып береді.

Пәндік лексика және терминология

  • квадрат функция;
  • парабола;
  • параллель көшіру;
  • графиктерді симметриялы бейнелеу;
  • х осімен сығу;
  • х осінен созу;
  • оңға жылжыту, солға жылжыту.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • берілген функцияның графигін … графигін екі рет параллель көшіру арқылы алуға болады: … бірлікке … х осі бойымен (оңға, солға) жылжыту және … бірлікке … у осі бойымен (жоғары, төмен) жылжыту ;
  • k>1 болғандағы у = kf(х) функциясының графигі y = f(x) функциясының графигін х осі бойымен k рет созу арқылы шығады;
  • 0< k < 1 болғандағы у = kf(х) функциясының графигі y = f(x) функциясының графигін х осі бойымен рет сығу арқылы шығады.

Құндылықтарды дарыту

Біздің қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім

ҚР әрбір азаматының парызы – Қазақстан халқының достық және келісім дәстүрлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, сақтау, арттыру.

Сыйластық, бірлестік, жайдарлылық

Құндылықтарды дарыту жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Геометрия, физикадан есептер шығару

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, Desmos немесе GeoGebra бағдарламалары

Бастапқы білім

Оқушылар «функция», «аргумент», «функция графигі», «функцияның анықталу облысы», «функцияның мәндер облысы» ұғымдарын біледі, квадрат теңдеулерді шеше алады, функция графиктерін салу, соның ішінде у = ах2 функциясының графигін салу дағдылары бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

12 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу. Сабақта коллоборативті орта құру

«МАДАҚТАУ»

Шеңбер бойымен тұрып, қолдарынан ұстайды. Көршісінің көзіне қарап тұрып оларға жақсы сөз айтып, мақтау керек. Оны қабылдаған адам басын изеп: «Рақмет, мен өте ризамын!»-деп айтады. Кейін ол өз көршісіне қошемет сыйлайды. Жаттығу шеңбер бойымен жүреді.

Білімді жаңғырту

Жұппен жұмыс

у = х2 функциясын қарастырайық.

Осы функцияның төменде берілген қасиеттеріндегі бос орындарды толтырыңыз.

1) Аргументі нөлге тең функцияның мәні

____________________ (ол да нөлге тең).

2) Аргументтің нөлден өзге кез келген мәнінде функция

________________________ (оң) мән қабылдайды.

3) Аргументтің кез келген қарама-қарсы мәнінде

__________________________________ (функция мәндері бірдей) болады.

Осы функцияның тағы да басқа қасиеттерін жаза аласыздар ма?

Тапсырманы орындап болған соң жұптар құраммен ауысады. Орнында қалған оқушы келген оқушыға функцияның қасетін түсіндіреді, ал келген оқушы жұмысқа өз пікірін білдіреді: не дұрыс орындалған, немен келіспейді. Кейін оқушылар өз орындарына барып, басқа жұптың қай тұсы басымырақ болғанын талқылайды. Мұғалім тақтада дұрыс жауаптарды көрсетеді және оқушылардың жазған қосымша қасиеттерін талқылайды.

Мұғалім оқушыларға оқу мақсатын көрсетеді және сабақтың мақсатын талқылайды.

Презентация

2 слайд

Қосымша 1

3 слайд

4 слайд

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

Жаңа материалды меңгеру

Квадрат функцияның анықтамасын енгізеді:

түрінде беруге болатын функцияны квадраттық функция деп атайды.

Квадраттық функцияға мысалдар келтіріңіз.

Оқушыларға алдымен y = a(xm)2, y = ax2 + n , y = a(xm)2 + n квадрат функциялардың қасиеттері мен графиктері қарастырылатыны айтылады.

Зерттеу жұмысы

Оқушылар топтарға бөлінеді. Әрбір топқа төмендегі тапсырмалардың бірін орындау ұсынылады:

1. а) у = х2, у = 3х2, у = 0,2х2 функциялары үшін мәндер кестесін құрастыр.

б) Осы функциялардың графиктерін тұрғыз.

в) у = х2 функциясының графигін түрлендіре отырып у = 3х2 және у = 0,2х2 функцияларының графиктерін алуға болады ма? Егер мүмкін болса, қалай алуға болатынын сипатта.

2. а) у = х2, у = (х – 3)2, у = (х + 2)2 функциялары үшін мәндер кестесін құрастыр.

б) Осы функциялардың графиктерін тұрғыз.

в) у = х2 функциясының графигін түрлендіре отырып у = (х – 3)2, у = (х + 2)2 функцияларының графиктерін алуға болады ма? Егер мүмкін болса, қалай алуға болатынын сипатта.

3. у = х2, у = х2 + 2, у = х2 – 3 функциялары үшін мәндер кестесін құрастыр.

б) Осы функциялардың графиктерін тұрғыз.

в) у = х2 функциясының графигін түрлендіре отырып у = х2 + 2, у = х2 – 3 функцияларының графиктерін алуға болады ма? Егер мүмкін болса, қалай алуға болатынын сипатта.

Әрбір топ оқушылары тапсырманы орындап болған соң өз қорытындыларымен таныстырады, әр топтың нәтижелерінен ортақ қорытынды жасайды. Барлық оқушылар барлық топтардың қорытындыларын қосып тірек конспект жазады.

Алғашқы бекіту

у = х2 функциясының сұлбасын қолдана отырып, төмендегі функциялардың графиктерін тұрғызыңыз:

Әрбір тапсырманың жауабы слайдта немесе GeoGebra бағдарламасы арқылы көрсетіледі.

Жұмыстың соңында мұғалім оқушылармен бірге у = 2(x – 3)2 +4 функциясының графигін салу алгоритмін қорытып шығарады.

Қосымша 2

5-7 слайдтар

у = х2 параболасының қатты қағаздан жасалған сұлбасы

8-11 слайдтар

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Шығу билеті

Оқушылар 3 пункт сабақта не үйренгендерін, 2 пункт сабақта не қызықты болғанын, 1 пункт түсінбей қалғанын жазады.

Нәтиже мұғалімге келесі сабақты жоспарлау барысында қажет болады.

Үй тапсырмасы

1. Функция графиктерін салыңыз:

2. Теңдеуді шешіңіз

Қосымша 3

12 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Саралау зерттеу жұмысы кезінде белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтиже арқылы көрсетіледі. Қабілеті жоғары оқушылар өз ойларын ортаға салып, басқа оқушыларға түсіндіреді.

Білімді жаңғырту кезеңінде оқушылардың деңгейін арттыру үшін өзара бағалау жүргізіледі. Мұғалім топтың жұмысын бақылайды және кері байланыс береді.

Оқушылар іс-әрекет түрлерін ауыстырып отырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары

дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол

жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды

ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін

пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу