Квадраттық функция. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.


Қысқамерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A бөлім: Квадраттық функция

Мектеп:

Күні:

Сынып: 8

Сабақ 9

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Квадраттық функция

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табады және керісінше

Сабақтың мақсаты

Оқушылар берілген аргументтің мәні бойынша функцияның мәнін табады және берілген функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады.

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Графикпен немесе формуламен берілген функциялар үшін бір айнымалысы арқылы екінші айнымалысын табуды біледі

Қолдану

Функция мәнін есептейді

Аргументтің мәнін табу үшін квадрат теңдеуді шешеді

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар айнымалыны табу үшін қандай амалдар қолдану керектігін түсіндіреді, мысалы, басқа айнымалының мәні арқылы берілген айнымалының мәнін табу үшін берілген мәнді осы функцияның формуласындағы айнымалының орнына қою керек

Пәндік лексика және терминология:

  • квадраттық функция
  • функция
  • функция мәні
  • аргумент
  • аргумент мәні
  • дискриминант

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

х / у айнымалысын берілген мәнмен алмастырамыз

Шыққан өрнектің мәнін табамыз

Шыққан квадрат теңдеуді шешеміз.

Құндылықтарды дарыту

Сыни ойлауын дамыту.

Құндылықты дарыту оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Функциямен жұмыс жасай алу дағдысы физика, биология, экономика және т.б. пәндерді оқу барысында қажет болады

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, Desmos немесе GeoGebra бағдарламалары

Бастапқы білім

Оқушылар квадраттық функция қасиеттерін біледі, бір айнымалының мәні арқылы екінші айнымалының мәнін таба алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

1-2 слайдтар

Сабақтың ортасы

8 мин

20 минут

10 мин

3 мин

Қорапшадағы тапсырма

Оқушылар мұғалімнің таратқан кішкене қағазына квадраттық функция үшін аргументтің берілген мәнінде функция мәнін немесе функцияның берілген мәнінде аргумент мәнін табуға арналған 1 есептен құрастырады да аттарын жазып мұғалім дайындап келген қорапшаға салады. Мұғалім тапсырмаларды араластырады, оқушылар бір есептен суырып, шығарады, нәтижені есеп құрастырған оқушы тексереді.

Мұғалім сыныпты аралап жүріп, ерекше есеп құрастырған оқушыны мадақтау ұсынылады.

Есептер шығару

Оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан есептер жазылған карточкаларды бір-бірден алады да өздіктерінен шығарады, болған оқушы мұғалімге немесе осы есепті шешіп, өз шешімін қорғап шыққан сыныптасына шешу жолын түсіндіреді. Егер шешімі дұрыс болса, тақтада мұғалімнің алдын-ала сызып, дайындап қойған кестесіндегі есептің нөмірі тұрған бағанынан өз атын жазады және дәл сол есепті шығарған келесі оқушының шешу жолын тыңдай алады.

№1. функциясы үшін:

а) x=-3; 0; 1 болғандағы функция мәндерін табыңыз;

ә) у=-8; -5; 0 болғандағы аргументтің мәнін табыңыз.

№2. функциясы үшін пен мәндерін салыстырыңыз.

№3. функциясы үшін

а)

ә)

б)

в)

№4. функциясының симметрия осі х=1 түзуі болса, b коэффициентінің мәнін табыңыз.

№5. функциясының графигі М(-1; -2) нүктесі арқылы өтетіні белгілі. b коэффициентін табыңыз және осы графикті салыңыз.

№6. параболасы абсцисса осін (-2; 0) нүктесінде, ал ординат осін (0; 8) нүктесінде қиып өтеді. p мен q –ды табыңыз және осы параболаны салыңыз.

Жеке жұмыс

№1. Аргументтің -2; 3,5; мәндерінде функциясының мәні қандай болады?

№2. Аргументтің қандай мәндерінде функциясының мәні 2; -10; 1 болатынын анықтаңыз.

Оқушылар өздіктерінен шығарады, уақыт аяқталған соң мұғалім жұмыстарын жинап алады да басқа ретпен таратады. Оқушылар таратылған дұрыс жауапты пайдаланып, дескрипторға «+», «-» таңбаларын қою арқылы өзара бағалау жүргізеді. Мұғалімге нәтижелерін хабарлайды, жұмыстарды өз иесіне қайтарады.

Дескрипторлар:

  • х-тің орнына аргументтің мәндерін қояды;
  • есептеуді дұрыс орындайды;
  • у-тің орнына функцияның мәндерін қояды;
  • шыққан квадрат теңдеулерді шешеді;
  • аргументтің мәндерін табады.

Қосымша 1

Қосымша 2

3 слайд

Қосымша 3

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақты қорытындылау

Сынып 4 оқушыдан топтарға бөлінеді. Мұғалім оларға А3 немесе А4 парақтары мен маркерлер таратады. Оқушылар парақтың ортасына «Квадраттық функция» деп жазып, осы тіркестен шығатын терминдерді 2 минут ішінде неғұрлым көп жазып шығу керек. Уақыт аяқталған соң жұмыстарын тақтаға іледі.

Үй тапсырмасы

функциясы үшін:

а) x=-2; 0; 3 болғандағы функция мәндерін табыңыз;

ә) у=-10; 6; 0 болғандағы аргументтің мәнін табыңыз.

б) параболаның симметрия осін табыңыз;

в) функцияның ең үлкен, ең кіші мәндерін табыңыз;

г) функцияның өсу, кему аралықтарын табыңыз;

ғ) функцияның таңбатұрақтылық аралықтарын табыңыз;

д) функция графигін салыңыз.

4 слайд

5 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілет жоғары оқушылар жақсы есептер құрастырады, басқа оқушыларға есептер шығару барысында көмектеседі.

Мұғалім сыныпты аралап жүріп, кері байланыс береді. Жеке жұмыс кезінде өзара бағалау ұйымдастырылады.

Оқушылар сынып ішінде еркін қозғала алады, іс-әрекет түрлері өзгеріп отырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу