Мәтіндік есептерді квадрат теңдеу көмегімен шығару. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А Квадрат теңдеулер | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Класс: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Мәтіндік есептерді квадрат теңдеу көмегімен шығару | |||||
Сабақ түрі | Практикум сабақ | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.5.2.1 Квадрат теңдеулер көмегімен мәтіндік есептер шығару;
| |||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар:
| |||||
Бағалау критерийлері | 1) есептердің математикалық модельді құра алады 2) есептерді квадрат теңдеудің көмегімен шығара алады | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - мәтіндік есептегі элементтер арасындағы тәуелділікті түсіндіреді; - кесте құруды сипаттайды; - квадрат теңдеулерін құру жолын сипаттау; - теңдеудің шешуі туралы нақты талдайды; - алынған нәтижелер туралы айта алады; - жауабын дұрыс интерпретация жасайды. Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология: - квадрат теңдеу; - аудан формуласы; - проценттік мазмұн - теңдеу түбірлернің формулсы. Сөйлесулер мен жазу үшін пайдалы сөзтіркестері:
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақ академиялық адалдық, бірлік және командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы, қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Физика, география, экономика, көлік тасымалы және өндіріс | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар квадрат теңдеулерді алдынғы тақырыптарда қарастырған. Оқушылар есеп шарты бойынша теңдеу құра алулары керек. Квадрат теңдеулердің анықтамасын білулері және оларды шығара алулары керек. Білімдерін белсендендіру формулаларды қайталау арқылы топтық жұмыспен жүзеге асырылады. | |||||
Сабақ барысы: | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 2 мин 8 мин | I. Ұйымдастыру кезеңі: мұғалім оқушылар назарларын жинақтайды, оқушылармен бірлесіп сабақ мақсатын/оқу мақсатын анықтайды, оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижені анықтайды. II. Білімдерін белсендендіру.Сыныпппен жұмыс. Оқушылар мұғаліммен бірге презентация слайдтарында ұсынылған жаттығуларды орындайды, кестелерді толтырады. Оқушылар шешімдер мен жауаптарды талқылайды, баламалы шешімдер ұсынады және жаттығу алгоритмдері туралы сұрақ қояды. Жұмыстың бұл түрі мәтіндік есептердің математикалық модельдерін құруға көмектеседі. | Презентация Слайд 1-2 Слайд 3-7 | ||||
Сабақтың ортасы 12 мин 8 мин 8 мин | III. Квадрат теңдеулер арқылы шығарылатын қолданбалы есептер құрастыру. Топтардағы жұмыс. Сынып дайындығы жоғары оқушы мен дайындығы аз оқушы бірге жұмыс істейтін етіп топқа бөлінеді. Әр топ квадрат теңдеу арқылы шығарылатын шешімдерімен тапсырмалар алады. Әр топтағы оқушылар есептің жай-күйін және оны өз топтарының басқа мүшелерімен шешу әдісін талқылайды, қажет болған жағдайда сыныптастар мен мұғалімдердің көмегін алады. Мұғалім түсіндіреді, күрделі сәттерді түсіндіреді, сұрақтар қойылады. Мысалдардың егжей-тегжейлі талдауынан кейін мұғалім әр топтың оқушылары төменде берілген тақырыптардың біріне қарай: өндіріс, медицина, спорт, білім беру және т.б. бойынша өздігінен квадрат теңдеулерді қолдану мәселесін құрастырады және шешеді. Содан кейін әрбір топ плакатта шешімді шығарып жазуы керек IV. Постерларды қорғау. Әр топ 2-3 минут ішінде өз есебін және шешімін ұсынады. Оқушылар шешімдер мен жауаптарды талқылайды, қателіктер түзетеді, балама шешімдерді ұсынуы мүмкін, проблемалар туралы сұрақтар қоюы мүмкін. Мұғалім ескертеді, түсіндіреді, қажет болса, шешімдер мен жауаптарды түзейді, оқушыларға кері байланыс береді. V. Өзіндік жұмыс. Оқушылар орвндарында жеке тапсырмаларды шешеді. Мұғалім оқушыларды жұмыс барысында байқайды. Қажет болған жағдайда мұғалім оқушыларға кеңес береді, оларды дұрыс әрекет етуге бағыттайды. Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар өздері есеп шартын пайдаланып, белгісіз элементтерді анықтайды. Қабілеті төмен оқушыларға консультация түрінде көмек көрсетіліп отырылады. | Қосымша 1 Слайд 8 Қосымша 2 слайд 9 | ||||
Сабақтың соңы 2 мин | VI. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатына қайта оралып, олардың жетістік деңгейін талқылайды. Келесі сабақты жоспарлау мақсатында төмендегі сөйлемдер толықтырылады: Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін. Үй жұмысы | Слайд 10 Қосымша 3 | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қайталау кезеңінде оқушылар өз қалаулары бойынша, оқу ақпаратын еске түсіру үшін: білім, түсіну (сызба), талдау (талдау және салыстыру) мақсатында өз деңгейін таңдап бөлінеді. Сабақта ақпаратты әртүрлі тәсілмен еске түсіру оқу ақпараты қолданылады. Сабақ барысында қабілеті төмен оқушыларға әртүрлі көмектер көрсетіледі. Сабақта оқытудың саралау әдісі әр деңгейлі топтарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды. | Жақын даму аймағын анықтау барысында диагностикалық бағалау қолданылады. Білімді меңгеру кезеңінде оқушылар критерийлер бойынша жұмыс жасап, салыстыру, қолдану дағдылары қалыптасады. Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың алдын-ала алынған білімдері формативті бағаланады. | Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда, сыныптағы қозғалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қадағалау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?