Мәтіндік есептерді квадрат теңдеу көмегімен шығару. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3А Квадрат теңдеулер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Класс:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтіндік есептерді квадрат теңдеу көмегімен шығару

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.5.2.1

Квадрат теңдеулер көмегімен мәтіндік есептер шығару;

 

 Сабақтың мақсаттары

 Оқушылар:

 

  • квадрат теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептер шығарады
  • есептің математикалық моделін құруды үйренеді

Бағалау критерийлері

 1) есептердің математикалық модельді құра алады

 2) есептерді квадрат теңдеудің көмегімен шығара алады

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- мәтіндік есептегі элементтер арасындағы тәуелділікті түсіндіреді;

- кесте құруды сипаттайды;

- квадрат теңдеулерін құру жолын сипаттау;

- теңдеудің шешуі туралы нақты талдайды;

- алынған нәтижелер туралы айта алады;

- жауабын дұрыс интерпретация жасайды.

Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология:

- квадрат теңдеу;

- аудан формуласы;

- проценттік мазмұн

- теңдеу түбірлернің формулсы.

Сөйлесулер мен жазу үшін пайдалы сөзтіркестері:

  • кесте құру үшін ....
  • квадрат теңдеулерді шешу үшін...
  • жауабын жазу үшін....
  • түбір есеп шартын қанағаттандырмайды, себебі....

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық, бірлік және командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы, қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Физика, география, экономика, көлік тасымалы және өндіріс

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат теңдеулерді алдынғы тақырыптарда қарастырған. Оқушылар есеп шарты бойынша теңдеу құра алулары керек. Квадрат теңдеулердің анықтамасын білулері және оларды шығара алулары керек. Білімдерін белсендендіру формулаларды қайталау арқылы топтық жұмыспен жүзеге асырылады.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

3-18

I. Ұйымдастыру кезеңі: мұғалім оқушылар назарларын жинақтайды, оқушылармен бірлесіп сабақ мақсатын/оқу мақсатын анықтайды, оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижені анықтайды.

II. «Көпірше» жаттығуы.Сыныпппен жұмыс.

Оқушылар мұғаліммен бірге презентация слайдтарында ұсынылған жаттығуларды орындайды, кестелерді толтырады. Оқушылар шешімдер мен жауаптарды талқылайды, баламалы шешімдер ұсынады және жаттығу алгоритмдері туралы сұрақ қояды. Жұмыстың бұл түрі мәтіндік есептердің математикалық модельдерін құруға көмектеседі.

Слайд 1-2

Слайд 3-10

Сабақтың ортасы

18-30

30-38

III. Есептер шығару тренингі. Жұптардағы жұмыс.

Сынып дайындығы жоғары оқушы мен дайындығы аз оқушы бірге жұмыс істейтін етіп жұпқа бөлінеді.

Әрбір оқушы дәптерге есептерді өз бетінше шешеді. Содан кейін оқушылар жұптарда дәптерлерімен алмасып өзара бағалау жүргізеді (мұғалім берген жауаптар бойынша). Оқушылар шешімдер мен жауаптарды талқылайды, қателіктер түзетеді, балама шешімдерді ұсынуы мүмкін, проблемалар туралы сұрақтар қоюы мүмкін. Мұғалім ескертеді, түсіндіреді, қажет болса, шешімдер мен жауаптарды түзейді, оқушыларға кері байланыс береді.

IV. Өзіндік жқмыс.

Оқушылар жеке тапсырмаларды шешеді. Мұғалім оқушылардың жұмыс барысын байқайды. Қажет болған жағдайда мұғалім оқушыларға кеңес береді, оларды дұрыс әрекет етуге бағыттайды.

Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар өздері есеп шартын пайдаланып, белгісіз элементтерді анықтайды.

Қабілеті төмен оқушыларға консультация түрінде көмек көрсетіліп отырылады.

Қосымша 1

Слайд 11

Қосымша 2

Слайд 2

Сабақтың соңы

38-40

VI. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатына қайта оралып, олардың жетістік деңгейін талқылайды. Келесі сабақты жоспарлау мақсатында төмендегі сөйлемдер толықтырылады:

Мен не білемін... Мен бүгін үйрендім …

Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …

Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

Үй жұмысы

Слайд 13

Қосымша 3

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қайталау кезеңінде оқушылар өз қалаулары бойынша, оқу ақпаратын еске түсіру үшін: білім, түсіну (сызба), талдау (талдау және салыстыру) мақсатында өз деңгейін таңдап бөлінеді. Сабақта ақпаратты әртүрлі тәсілмен еске түсіру оқу ақпараты қолданылады. Сабақ барысында қабілеті төмен оқушыларға әртүрлі көмектер көрсетіледі. Сабақта оқытудың саралау әдісі әр деңгейлі топтарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды.

Жақын даму аймағын анықтау барысында диагностикалық бағалау қолданылады. Білімді меңгеру кезеңінде оқушылар критерийлер бойынша жұмыс жасап, салыстыру, қолдану дағдылары қалыптасады.

Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың алдын-ала алынған білімдері формативті бағаланады.

Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда, сыныптағы қозғалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қадағалау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу