Квадрат теңдеулерді шешу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.


Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар

Сабақ тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешу

Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру

Оқу мақсаты: 8.2.2.3 квадрат теңдеулерді шешу;

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын біледі

Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеудің дискриминанттың формуласын біледі

Дискриминант бойынша квадрат теңдеудің түбілер санын анықтайды;

Квадрат теңдеу шешу алгоритмін біледі;

Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын қолданады

 

Сабақ құрылымы:

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою
  • Жаңа тақырыпты түсіндіру және оның алғашқы бекітілуі:

«Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеулер үшін түбір формуласы».

  • Бекіту.
  • Үй жұмысы
  • Сабақты қорытындылау. Рефлексия

Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеулер үшін түбір формуласы».

Мұғалім: Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеулер үшін түбір формуласын ыңғайлы түрге келтіруге болады.

Айталық, квадрат теңдеуінің екінші коэффициенті жұп болсын

(), онда .

Мұғалім: квадрат теңдеуінің дискриминантын табыңыз.

Күтілетін оқушылардың жауаптары:.

Мұғалім: Әлбетте, теңдеу түбірлерінің саны өрнегінің таңбасына байланысты.

Айталық, , онда .

Егер , онда , сондықтан квадрат теңдеудің формуласы бойынша:

, яғни, мұндағы .

Егер , онда, бұл жағдайда теңдедің түбірі жоқ.

Бекіту.

№1-2 тапсырмаларын орындау үшін төрт оқушыларды тақтаға шақыруға болады. Тақтада орындалатын шешімдердің толық және дұрыс болу керек екенін айтыңыз. Өйткені қалған оқушылар шешімдерін тақтадағы шешімдері бойынша тексереді.

Мұғалім тақтадағы шешімдерді тексереді.

№2 тапсырманы орындамас бұрын окушылармен шығару тәсілін талқылауға болады.

№3 тапсырманы орындау кезінде «Үш таған» әдісін қолдануға болады.

Құндылықтарды дарыту: шешім қабылдау, өзін өзі бағалау.

Жаттығудың мақсаты: ақпаратты алудың құрылымдық әдісі, концептуалды аппаратты құру, қолданыстағы және алынған ақпаратты талдау және өңдеу дағдыларын дамыту, өзін-өзі талдау дағдылары.

Жаттығудың сипаттамасы: Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы немесе жазып алушы рөлін таңдайды. Сөйлеуші берілген тапсырманы сипаттайды, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады және сұрақ құрастырады. Жазып алушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды жасайды. Келесі жолы рөлдер ауысады

 Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.

1. Теңдеуді шешіңіз:

a) ;

e) ;

b) ;

f) ;

c) ;

g) ;

d) ;

h) .

Дескриптор: Білім алушы

  • квадрат теңдеудің түбірлерін табады;

2.Теңдеуді шешіңіз:

a);

d) ;

b) ;

e) ;

c) ;

f) .

Дескриптор: Білім алушы

  • квадрат теңдеуді түрлендіреді;
  • квадрат теңдеудің түбірлерін анықтайды;

Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.

Алгебра.8 класс: учебник для общеобразовательных учреждений/ [Ю.Н.МакарычевН.Г.Миндюк, К.И. Нешков, С.Б.Суворова]; под редакцией С.А. Теляковского. – М.:Просвещение, 2013.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу