Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

8.1А Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері

Сабақ түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.1

арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін квадрат түбірдің мәнін есептеуде және өрнектерді ықшамдауда қолдана алады;

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Көбейтіндінің түбірі қасиетін қолданады;
  • Бөліндінің түбірі қасиетін қолданады;
  • Өрнектен айнымалыны ажыратады;
  • Санның квадратын түбір астынан шығарады;
  • Жұп дәрежелі санды түбір астынан шығарады;
  • Түбір астындағы өрнекті толық квадратқа келтіріп, ықшамдайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- түбірдің мәнін есептеуде және түбірі бар өрнектерді ықшамдауда арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдануын ауызша негіздейді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- квадрат түбір;

- арифметикалық квадрат түбір;

- көбейтіндінің түбірі және түбірлердің көбейтіндісі;

- бөліндінің түбірі және түбірлердің бөліндісі;

- квадрат түбір астындағы жұп дәрежелі өрнек;

- түбір астындағы өрнекті толық квадрат түрінде жазу;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- көбейтіндінің түбірін табу үшін ...

- бөліндінің түбірін табу үшін ...

- жұп дәрежелі өрнектің квадрат түбірі ...

- берілген санның түбірін табу үшін оны ... сандарының көбейтіндісі/бөліндісі түрінде жазамыз.

- түбір астындағы өрнектен толық квадрат түрінде жазу үшін ...

 Құндылықтарды

 Дарыту

Сабақ өту барысында әдепті сөйлеуге, уақытты үнемдеуге баулу. Сонымен қатар еліміздің басты байлығы - тәуелсіздігіміздің тірегі болар және елбасы Н.А.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын дамытатын білімді ұрпақ бола алатынын ұғындыру.

Пәнаралық байланыстар

 АКТ қолдану

  Дағдылары

Интерактивті тақта, Power Point

Бастапқы білім

«Квадрат түбір» мен «арифметикалық квадрат түбір» анықтамаларын біледі және оларды ажыратады, толық квадраттан түбір алу дағдысы, арифметикалық түбірдің қасиеттері.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

0-2 мин

2-5 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеп, сынып тазалығы мен қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырманы тексеру, оқушылар есебіндегі байқалған кемшіліктерді жою, оның пайда болу себептерін анықтау.

Презентация слайд 1-2

Сабақтың ортасы

5-20 мин

20-38 мин

3. Өздік жұмыс

Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану тақырыбы бірнеше сабақ бойы өтілгендіктен, осы тақырып бойынша жазбаша өздік жұмысы алынады. Бұл өздік жұмысында негізгі қасиеттер мен оқушылардың есеп шығару дағдылары тексеріледі. Сонымен қатар, оқушылардың жазбаша жұмысты орындау қабілеттерін дамытуға ықпалын тигізеді. Әр тапсырма бір критерий бойынша бағаланады.

Бағалау критерийлері:

  • Көбейтіндінің түбірі қасиетін қолданады;
  • Бөліндінің түбірі қасиетін қолданады;
  • Өрнектен айнымалыны ажыратады;
  • Санның квадратын түбір астынан шығарады;
  • Жұп дәрежелі санды түбір астынан шығарады;
  • Түбір астындағы өрнекті толық квадратқа келтіріп, ықшамдайды.

4. Қосымша есеп шығару

Оқушыларға бірнеше радикал болатын өрнектерді қалай шеше бастауы жайлы айтылады. Егер бірнеше радикал белгісі бар мысалды шешу керек болса, онда ең алдымен ең «ішіндегі» түбірді шешуден басталады. Мысалы: .

Осыған ұқсас бірнеше мысалдар қарастырылады.

Кеңейту

Олимпиадамен шұғылданатын немесе математикаға аса қызығушылық танытанын оқушылар үшін бірнеше түбірі болатын қызықты тапсырмалар қарастырылады:

Мысалы:

№1. өрнегінің мәнін есептеу.

Бұл өрнектің мәні белгісіз болғандықтан, оны х деп алып, екі жағын да квадраттайық. Сонда:

Осыдан тек 3 деген жауап қана қанағаттандырады.

№2-тапсырманы оқушыларға топта немесе жеке орындап көруге ұсынылады. Қандай да бір оқушы шеше алған жағдайда ол өз шешімін бүкіл сыныпқа көрсетеді.

Бағалау критерийі:

  • Түбір астынан толық квадратты ажыратады;
  • Арифметикалық түбірдің қасиетін бірнеше рет қолданады.

Қосымша 1

Қосымша 2

Презентация слайд 3

Презентация слайд 4

www.Brilliant.org

Презентация слайд 5

Сабақтың соңы

38-40 мин

5. Үйге тапсырмасы Үй тапсырмасын күнделіктеріне түсіреді.

Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру.

Рефлексия Стикер тарқатып, сабақтан алған әсерін, білімін, пікір тілектерін, ұсыныстарын жазады.

  • Бүгінгі сабақта ... түсіндім.
  • Енді мен ... орындай аламын.
  • Сабақта ... қызықты болды.
  • Алған білімім ... қажет

Алгебра 8 сынып, Шыныбеков Ә.Н.

Презентация слайд 6

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлік тапсырма беру арқылы және өзін-өзі оқыту стратегиясын пайдалана отырып оқушылар арасындағы диффенциялық оқытуды жоспарлаймын

Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан тұрады. Ұялы телефондарының қалтада емес, сөмкеде дыбыссыз режимде қоюларын айтамын.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу