Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

8.1А Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері

Сабақ түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.1

арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін квадрат түбірдің мәнін есептеуде және өрнектерді ықшамдауда қолдана алады;

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін біледі;
  • арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін түбірдің мәнін есептеуде және өрнектерді ықшамдауда қолданады;
  • түбір астындағы өрнекті толық квадрат түрінде жазады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- түбірдің мәнін есептеуде және түбірі бар өрнектерді ықшамдауда арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдануын ауызша негіздейді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- квадрат түбір;

- арифметикалық квадрат түбір;

- көбейтіндінің түбірі және түбірлердің көбейтіндісі;

- бөліндінің түбірі және түбірлердің бөліндісі;

- квадрат түбір астындағы жұп дәрежелі өрнек;

- түбір астындағы өрнекті толық квадрат түрінде жазу.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- көбейтіндінің түбірін табу үшін ...

- бөліндінің түбірін табу үшін ...

- жұп дәрежелі өрнектің квадрат түбірі ...

- берілген санның түбірін табу үшін оны ... сандарының көбейтіндісі/бөліндісі түрінде жазамыз.

- түбір астындағы өрнектен толық квадрат түрінде жазу үшін ...

 Құндылықтарды

 Дарыту

Сабақ өту барысында әдепті сөйлеуге, уақытты үнемдеуге баулу. Сонымен қатар еліміздің басты байлығы - тәуелсіздігіміздің тірегі болар және елбасы Н.А.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын дамытатын білімді ұрпақ бола алатынын ұғындыру.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі мен әдебиеті. Оқушылар «6 сөз әңгіме» құрастырады.

 АКТ қолдану

  Дағдылары

Интерактивті тақта, Power Point

Бастапқы білім

«Квадрат түбір» мен «арифметикалық квадрат түбір» анықтамаларын біледі және оларды ажыратады, толық квадраттан түбір алу дағдысы, арифметикалық түбірдің қасиеттері.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

0-2 мин

2-5 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеп, сынып тазалығы мен қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырманы тексеру, оқушылар есебіндегі байқалған кемшіліктерді жою, оның пайда болу себептерін анықтау.

Презентация слайд 1-2

Сабақтың ортасы

5-15 мин

15-38 мин

3. Математикалық софизм

Оқушыларға 4=5 болатынын дәлелдейтін математикалық софизмді көрсетіңіз.

екі жағына да санын қосайық,

немесе

осыдан

4=5, яғни .

Оқушылардан дәлелдеудің қателігін табу сұралады. Сонда олар 4-жолдағы теңдігінің екі жағынан да түбір қате табылғанын айтады. Бұл жерде теңдіктің екі жағынан да арифметикалық квадрат түбір алынғандықтан, анықтама бойынша түбірден шыққан сан теріс емес сан болуы керек, ал .

қасиеті бойынша, 4-жолдың екі жағынан да түбір алғанда ол болуы тиіс. Егер модульді ашатын болсақ, онда болады. Енді теңдік дұрыс.

Қарастырылған софизмнен оқушылардан қорытынды жасауларын сұралады. Бұл қорытындыны әр оқушы «6 сөзден тұратын әңгіме» әдісі бойынша жасауы сұралады.

4. Бекіту

Түбір астындағы өрнектерді түбірден шығарып, өрнектің мәнін табуға бірнеше мысалдарды шығару ұсынылады. Тапсырмалар көбінесе төмен деңгейлі тапсырмалар қатарынан алынады, сондықтан оқушылардың барлығына міндетті болып табылады.

Оқушылардың естеріңе модульді ашу ережесіне аударыңыз:

№1 тапсырма бойынша бағалау критерийлері:

  • арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады;
  • санның модулін дұрыс ашады.

№2. Тапсырманы шығармас бұрын, сабақ басында қарастырылған софизмге оқушылар назарын аударыңыз:

Осыдан келесі жалпылама жасауға болады:

Бағалау критерийлері:

  • арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады;
  • өрнектің модулін дұрыс ашады.

№3. Тапсырманы шығару барысында оқушылар қысқаша көбейту формулаларын естеріңе түсіреді.

Бағалау критерийлері:

  • қысқаша көбейту формулаларын дұрыс қолданады;
  • арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады;
  • өрнектің модулін дұрыс ашады.

№4 және №5. Тапсырма алдымен оқушыларға кіші топта ойланып, шығарып көруге беріледі. Кейін бұл мысалдың біреуі бүкіл сыныппен талданады.

Бағалау критерийлері:

  • түбір астындағы өрнекті толық квадрат түрінде жазады;
  • арифметикалық квадрат түбір қасиетін қолданып, өрнекті түбір астынан шығарады;
  • өрнектің модулін дұрыс ашады.

Алгебра 10 сынып, Шыныбеков Ә.Н.

Презентация слайд 3-4

Қосымша 1

Презентация

слайд 5-6

Галицкий М.Л., Гольдман А.М., Звавич Л.И. Сборник задач по алгебре для 8-9 кл.

Қосымша 1

Презентация слайд 7

Презентация слайд 8-9

Сабақтың соңы

38-40 мин

6. Үйге тапсырмасы Үй тапсырмасын күнделіктеріне түсіреді.

Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру.

Рефлексия Стикер тарқатып, сабақтан алған әсерін, білімін, пікір тілектерін, ұсыныстарын жазады.

  • Бүгінгі сабақта ... түсіндім.
  • Енді мен ... орындай аламын.
  • Сабақта ... қызықты болды.
  • Алған білімім ... қажет

Алгебра 8 сынып, Шыныбеков Ә.Н.

Презентация слайд 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлік тапсырма беру арқылы және өзін-өзі оқыту стратегиясын пайдалана отырып оқушылар арасындағы диффенциялық оқытуды жоспарлаймын

Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан тұрады. Ұялы телефондарының қалтада емес, сөмкеде дыбыссыз режимде қоюларын айтамын.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу