Квадрат түбірдің мәнін есептеу және бағалау. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

8.1А Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Квадрат түбірдің мәнін есептеу және бағалау

Сабақ түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.2

квадрат түбірдің мәнін бағалау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • квадрат түбірдің мәнін калькулятор көмегімен есептей алады;
  • квадрат түбірдің мәнін бағалай алады;
  • квадрат түбірдің мәндерін салыстырады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • квадрат түбірдің мәнін калькулятор көмегімен есептейді;
  • квадрат түбірдің мәнін бағалайды;
  • квадрат түбірдің мәндерін салыстырады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- квадрат түбірдің мәнін сан осіне орналастыруда, бағалауда, басқа сандармен салыстыруды ауызша негіздейді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- квадрат түбір;

- арифметикалық квадрат түбір;

- толық квадраттан алынған түбір;

- түбір астындағы өрнек;

- калькулятор;

- жуықталған мән.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- толық квадрат емес саннан түбір алу үшін...

- ... санының квадрат түбірі ... және ... сандарының арасында болады.

- ... сан ... саннан артық/кем болады, өйткені ...

 Құндылықтарды

 Дарыту

Сабақ өту барысында әдепті сөйлеуге, уақытты үнемдеуге баулу. Сонымен қатар еліміздің басты байлығы - тәуелсіздігіміздің тірегі болар және елбасы Н.А.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын дамытатын білімді ұрпақ бола алатынын ұғындыру.

Пәнаралық байланыстар

Геометрия.

 АКТ қолдану

  Дағдылары

Интерактивті тақта, Power Point

Бастапқы білім

«Квадрат түбір» мен «арифметикалық квадрат түбір» анықтамаларын біледі және оларды ажыратады, толық квадраттан түбір алу дағдысы, арифметикалық түбірдің қасиеттері.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

0-2 мин

2-5 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеп, сынып тазалығы мен қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырманы тексеру, оқушылар есебіндегі байқалған кемшіліктерді жою, оның пайда болу себептерін анықтау.

Презентация слайд 1-2

Сабақтың ортасы

5-15 мин

15-30 мин

30-38 мин

3. Жеке жұмыс

Оқушыларға өткен сабақ бойынша білімдері тексеріледі. Тапсырмаларды оқушылар жеке орындайды. Мұғалім тарапынан тексеру жүргізіледі. Осы жұмыстың нәтижелері сабақтағы алдағы жұмысқа ықпалын тигізеді. Оқушылардың жауаптарының негізінде бүкіл сыныпқа кері байланыс беріліп, тақырып бойынша білімдерін бекіту жұмыстары жалғасады.

Бағалау критерийлері:

  • Иррационал санның қандай натурал сандардың арасында жататынын анықтайды;
  • Түбірді калькулятор көмегімен есептеп, берілген бірлікке дейін дөңгелектейді;
  • Иррационал санды координата осіне белгілейді;
  • Қос теңсіздіктің дұрыстығын тексереді.

4. Топтық жұмыс

Бұл сабақ бекіту сабағы болғанымен, бұл сабақта иррационал сандарды салыстырудың әдістеріне көбірек назар аударылады. Сол себепті оқушыларды кіші топтарға біріктіріп, оларды алдына әртүрлі иррациоанал сандарды салыстыру беріледі. Олар әртүрлі әдістер қолданулары мүмкін, тек калькулятор мұндай тапсырмаларда қолданылмайды. Оқушылар өздерінің салыстыру әдістерімен бөліскеннен кейін мұғалім олардың жауаптарын жинақтап, бірнеше әдістерді көрсетеді.

Бағалау критерийлері:

  • Сандарды екі жағын дұрыс квадраттайды;
  • Сандарды дұрыс салыстырады.

5. Жұптық жұмыс

Оқушылар жұпта берілген тапсырманы орындайды. Бұл тапсырмада мұғалім оқушылардың жауаптарын бағалайды. Бұл тапсырма оқушылардың осы мақсат бойынша негізгі білімдерін тексереді.

Бағалау критерийі №1 тапсырмаға:

  • Санның қандай натурал сандардың арасында жататынын анықтайды;
  • Берілген саннан кіші ең үлкен бүтын санды анықтайды.

Бағалау критерийі №2 тапсырмаға:

  • Санның қандай натурал сандардың арасында жататынын анықтайды;
  • Берілген саннан үлкен ең кіші бүтын санды анықтайды.

Бағалау критерийі №3 тапсырмаға:

  • Сандарды салыстыруға дұрыс әдісті таңдайды;
  • Санның екі жағын да квадраттайды;
  • Сандарды дұрыс салыстырады.

Қосымша 1

Презентация слайд 3

Қосымша 2

Презентация слайд 4-5

Қосымша 3

Сабақтың соңы

38-40 мин

6. Үйге тапсырмасы Үй тапсырмасын күнделіктеріне түсіреді.

Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру.

Рефлексия Стикер тарқатып, сабақтан алған әсерін, білімін, пікір тілектерін, ұсыныстарын жазады.

  • Бүгінгі сабақта ... түсіндім.
  • Енді мен ... орындай аламын.
  • Сабақта ... қызықты болды.
  • Алған білімім ... қажет

Алгебра 8 сынып, Шыныбеков Ә.Н.

Презентация слайд 6

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлік тапсырма беру арқылы және өзін-өзі оқыту стратегиясын пайдалана отырып оқушылар арасындағы диффенциялық оқытуды жоспарлаймын

Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан тұрады. Ұялы телефондарының қалтада емес, сөмкеде дыбыссыз режимде қоюларын айтамын.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу