Квадрат түбірдің мәнін есептеу және бағалау. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

8.1А Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Квадрат түбірдің мәнін есептеу және бағалау

Сабақ түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.2

квадрат түбірдің мәнін бағалау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • квадрат түбірдің мәнін калькулятор көмегімен есептей алады;
  • квадрат түбірдің мәнін бағалай алады;
  • квадрат түбірдің мәндерін салыстырады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • квадрат түбірдің мәнін калькулятор көмегімен есептейді;
  • квадрат түбірдің мәнін бағалайды;
  • квадрат түбірдің мәндерін салыстырады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- квадрат түбірдің мәнін сан осіне орналастыруда, бағалауда, басқа сандармен салыстыруды ауызша негіздейді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- квадрат түбір;

- арифметикалық квадрат түбір;

- толық квадраттан алынған түбір;

- түбір астындағы өрнек;

- калькулятор;

- жуықталған мән.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- толық квадрат емес саннан түбір алу үшін...

- ... санының квадрат түбірі ... және ... сандарының арасында болады.

- ... сан ... саннан артық/кем болады, өйткені ...

 Құндылықтарды

 Дарыту

Сабақ өту барысында әдепті сөйлеуге, уақытты үнемдеуге баулу. Сонымен қатар еліміздің басты байлығы - тәуелсіздігіміздің тірегі болар және елбасы Н.А.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын дамытатын білімді ұрпақ бола алатынын ұғындыру.

Пәнаралық байланыстар

Геометрия. Математика тарихы

 АКТ қолдану

  Дағдылары

Интерактивті тақта, Power Point

Бастапқы білім

«Квадрат түбір» мен «арифметикалық квадрат түбір» анықтамаларын біледі және оларды ажыратады, толық квадраттан түбір алу дағдысы, арифметикалық түбірдің қасиеттері.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

0-2 мин

2-5 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеп, сынып тазалығы мен қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырманы тексеру, оқушылар есебіндегі байқалған кемшіліктерді жою, оның пайда болу себептерін анықтау.

Презентация слайд 1-2

Сабақтың ортасы

5-10 мин

10-15 мин

15-20 мин

20-30 мин

30-38 мин

3. Тәжірибелік жұмыс

Оқушылар жұпқа біріктіріліп, толық квадрат емес сандардан калькулятор көмегімен квадрат түбір алулары керек. Жауаптарын ұсынылған кестеге енгізеді.

Оқушылар жауаптарын кестеге енгізіп болғаннан кейін, оқушылардың калькуляторды қолданудың кемшілігін анықтауды қадағалаңыз. Калькулятор тек санаулы цифрлар санын ғана көрсеткендіктен, квадрат түбірдің мәні шектеулі сан ретінде беріледі.

4. Бекіту

Оқушыларға берілген сандардың квадрат түбірлерін сан осінде белгілеу ұсынылады. Ол үшін оқушыларға дайын сан осі беріледі немесе өздері оны дәптерлеріңе салсын. Сандарды жуықтап белгілегеннен кейін, жұпқа бірігіп бір-бірінің жауаптарын салыстырады.

Бағалау критерийлері:

  • санның қандай квадрат сандардың арасында жатқанын анықтайды;
  • санның квадрат түбірін сан осіне белгілейді.

Қосымша тапсырма

Оқушылар жұпта берілген тапсырманы орындайды. Бұл тапсырмада мұғалім оқушылардың өз жауаптарын негіздеулерін байқап, соны бағалайды. Оқушылардың негіздеулері әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан қандай да бір нақты бағалау критерийлері бұл тапсырма үшін жасалмайды.

Тексеру

Оқушыларға жеке жұмыс ретінде берілетін 3 тапсырма. Оқушылар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін, жауаптарын мұғалім ұсынған дайын жауаптар бойынша тексереді.

Бағалау критерийлері:

  • санның квадрат түбірін бағалайды;
  • санның квадрат түбірін жуықтап табады;
  • санның квадрат түбірінің бағалауы арқылы берілген санды бағалайды.

5. Геометриялық квадрат түбір алу

Бұл ақпарат оқушылар үшін қосымша болып табылады. Мұнда санның квадратын калькуляторсыз, тек сызғыш, қарындаш және циркуль көмегімен табу қарастырылады.

Бұл әдісті Рене Декарт ойлап тапқандығы жайлы айтылады.

Оқушылар әдістің кезеңдерімен танысып, өздері дәл осы әдіс көмегімен бірнеше сандардан түбір алады.

Түбір табудың тағы қосымша әдісі.

Бұл әдісті оқушыларға сілтеме арқылы өтіп, өз бетімен қарастыруды ұсыныңыз.

Қосымша 1

Презентация слайд 3

Қосымша 2

Презентация слайд 4

Қосымша 2

Презентация слайд 5

Қосымша 2

Презентация слайд 6

Қосымша 3

Презентация слайд 7

http://mathandmultimedia.com/2012/08/18/approximating-square-root/

Сабақтың соңы

38-40 мин

6. Үйге тапсырмасы Үй тапсырмасын күнделіктеріне түсіреді.

Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру.

Рефлексия Стикер тарқатып, сабақтан алған әсерін, білімін, пікір тілектерін, ұсыныстарын жазады.

  • Бүгінгі сабақта ... түсіндім.
  • Енді мен ... орындай аламын.
  • Сабақта ... қызықты болды.
  • Алған білімім ... қажет

Алгебра 8 сынып, Шыныбеков Ә.Н.

Презентация слайд 8

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлік тапсырма беру арқылы және өзін-өзі оқыту стратегиясын пайдалана отырып оқушылар арасындағы диффенциялық оқытуды жоспарлаймын

Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан тұрады. Ұялы телефондарының қалтада емес, сөмкеде дыбыссыз режимде қоюларын айтамын.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу