Иррационал сандар және нақты сандар. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1А Квадрат түбір және иррационал өрнек | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Иррационал сандар және нақты сандар | |||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа материалды меңгеру | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру | |||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар иррационал және нақты сандар ұғымдарымен танысады | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар сандар жөніндегі математикалық терминдерді ауызша талқылауда қолданады. Пәндік лексика және терминология Рационал сан, иррационал сан, бүтін сан, бөлшек, бөлімі, ондық бөлшек, иррационал сан, иррационал өрнек Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер … иррационал өрнектер иррационал сандар … ондық бөлшектерден тұрады құрамында ... бар иррационал сандар мен өрнектер X/Y иррационал сан бола ма? X иррационал сан болуы керек, өйткені … Y иррационал сан болмайды, өйткені… … сандары нақты сандар болады, өйткені ... | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар математикалық сөйлеу дағдысын дамытады, тапсырмалар сыни ойлауын дамытуға көмектеседі. | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Физиканың есептерін шығару кезінде қажет болады | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, жаңа материалды меңгеру кезінде тақырыпты түсіндіруге арналған бейнематериал қолданылады. | |||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар натурал, бүтін, рационал сандар ұғымдарын біледі. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 2 мин 2 мин | Ұйымдастыру бөлімі Мұғалім оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындықтарын тексереді. Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстырады. Үй тапсырмасын тексеру Мұғалім оқушылармен біріге отырып үй тапсырмасын тексереді, қателерін анықтайды, түзетулер жасайды. | Презентация 1-2 слайдтар | ||||||||||
Сабақтың ортасы 7 мин 10 мин 10 мин 3 мин 2 мин 6 мин | Зерттеу жұмысы Сынып 3-4 оқушыдан шағын топтарға бөлінеді. Оқушылар мысал келтіріп, сөйлемді аяқтаулары керек. Оқушылардың назарын бағалау критерийлеріне аударған жөн. Әрбір топ бір тұжырымды пайымдайды. Қалған оқушылар тыңдайды, толықтыруға, түзетуге мүмкіндіктері бар, кейін шыққан қортындыларды дәптерлеріне жазып алады. Тапсырма Q сандар жиынының қасиеттерін қорытындылаңыз. Мысал келтіріп, сөйлемді аяқтаңыз: Рационал сандарды қосқанда…шығады. Рационал сандарды азайтқанда…шығады. Рационал сандарды көбейткенде…шығады. Рационал сандарды бөлгенде (нөлден өзге санға)…шығады. Рационал сандарды дәрежелегенде…шығады. Мұғалім қорытынды жасайды: Q рационал сандар жиынының маңызды ерекшелігі оның қосу, азайту, көбейту, бөлу (нөлден өзге), натурал дәрежеге шығару амалдарының тұйықтылығы болып табылады. Рационал сандарға қолданылатын осы амалдардың нәтижесінде біз қайтадан рационал сан аламыз. Оқушылар иррационал сан ұғымымен танысады Жұппен жұмыс Сандарды жай бөлшек түрінде жазыңыз: а) 1,(3)б) 2,(25)в) 1,6(7) г) 0,41(6) д) 5,2(45)е) 3,4783694… Тапсырманы орындап болған соң мұғалім сұрақ қояды. - Қандай қорытынды шығаруға болады? - 3,4783694…санын жай бөлшек түріне келтіре алмаймыз, бұл сан иррационал сан болады. Анықтама: Иррационал сан деп кез келген шексіз периодсыз ондық бөлшекті айтамыз. Иррационал санды қатынасы түрінде және керісінше жаза алмаймыз. түріне келтірілмейтін кез келген сан иррационал сан болады. Тапсырма: Бұл рационал сан ба әлде иррационал сан ба? -3,2 ; ; 1,2333… 5,13113111…; 0,1010010001…; -10,353535… -2,121121112…; Нақты сандардың анықтамасы 1.Иррационал сан ұғымы мен нақты сандар ұғымы BILIMLАND сайтындағы бейнематериалда жақсы берілген. Оқушылар бейнематериалмен танысады және дәптерлеріне шағын конспект жазып алады. Иррационал сандар https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/8-synyp/irraczional-sandar-naqty-sandar-zhiyny Нақты сандар https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/8-synyp/irraczional-sandar-naqty-sandar-zhiyny 2. Жұппен жұмыс Тапсырма: Венн шеңберін толтырыңыз. Жауапты слайдтағы жауаппен салыстырады. Рационал және иррационал сандар жиыны нақты сандар жиынын құрайды. Белгілеулерімен таныстыру. 3. Жеке тапсырма Тrue/ False тапсырмаларын орындау Оқушылар тұжырым дұрыс болса Т, қате болса F әрпін жазады. Кейін тақтадағы жауаппен өздерін тексереді. | Қосымша 1 Қосымша 2 3-5 слайдтар 6 слайд 7 слайд 8-9 слайдтар 10-12 слайдтар 13-14 слайдтар | ||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия: Бүгінгі сабақта не білдіңіз? Жаңа тақырыпта не ұнады? Бұл тақырыпты қай жерде қолдануға болады? Қай жерде қиындықтар туындады? Немен жұмыстану керек? Үй тапсырмасы:
0,715; -3,10101;2,404004000; -276,4(3); 0,373373337; 15,8(6).
-1,06; 5,13(6); 6,08; 2π ;5,(4); 5,434334333…, -3 | 15 слайд Қосымша 3 | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыстанады. Бұл олардың қабілеті жоғары оқушылардан көмек алуларына ықпал жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар тапсырмаларды көбірек орындауы мүмкін. Бірақ оқушыларды жұмысты шапшаң орындауға үйрету керек. | Сабақ кезінде мұғалім оқушыларға қолдау көрсетеді. Оқушылар өз жұмыстарын өздіктерінен тексере алады. | Сынып бөлмесі желдетіледі. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?