алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Мәтіндік есептерді шешу. Алгебра, 7 сынып, қосымша материал.


1-топ

Есеп-1

Тіктөртбұрыштың периметрі 28 см-ге тең. Егер оның ұзындығын 3 см-ге кішірейтіп, енін 2 см-ге арттырсақ, онда оның ауданы 8 см2 кемиді. Тіктөртбұрыштың ауданы қандай?

Есеп-2

Берілген тіктөртбұрыш қабырғаларына квадраттар салынған. Бір квадраттың ауданы екіншісінің ауданынан 95 артық. Егер тік төртбұрыштың ұзындығы енінен 5 см артық болса, оның периметрін табыңыз.

2-топ

Есеп -1

Тікбұрышты параллелепипедтің табанының ұзындығы енінен 5 см артық және биіктігінен 5 см қысқа. Егер оның толық бетінің ауданы 244 см² болса, параллелепипедтің өлшемдерін анықтаңыз.

Есеп-2

Егер квадраттың қабырғасын 4 см-ге арттырса, оның ауданы 32 см2 –қа артады. Квадраттың қабырғасын табыңыз.

3-топ

Есеп-1

Тіктөртбұрыштың ұзындығы квадраттың қабырғасынан 8 см артық, ал ені 8 см кем. Осы фигуралардың қайсысының ауданы артық және қаншаға артық?

Есеп-2

Екі санның көбейтіндісі кішісі мен 12 санының косындысының квадратына тең, ал осы сандардың арифметикалық ортасы үлкенінен 24-ке кем. Осы сандарды табыңыз.

Бағалау критейлері:

- айнымалыны енгізеді;

- есептін шарты бойынша берілгендер мен байланысын дұрыс анықтайды:

- математикалық моделін дұрыс құрады (теңдеу);

- теңдеуді дұрыс шешеді;

- есептің шартына сәйкес жауапты дұрыс тандайды;



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы