Фигуралардың теңдігі. Алгебра, 7 сынып, презентация.


Фигуралардың теңдігі

Сабақтың мақсаттары:

- тең фигуралардың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану;

- берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы аксиомасын білу;

- дәлелді пайымдаулардың алғашқы дағдыларын қалыптастыру және дамыту.

Бізді қоршаған ортада бірдей пішінді және бірдей көлемді заттар кездеседі. Мысалы:

Екі бірдей қалам, Екі бірдей тиын, Екі бірдей қасық.

Ахместың математикалық папирусы (және де Ринда папирусы деп те белгілі немесе Райнда папирусы) — арифметика мен геометрияға байланысты ежелгі египеттердің оқулығы.

1.Суретте көрсетілген фигуралардың ішінде қай жұп тең?

2. О нүктесі АВ кесіндісінің ортасында орналасқан. Мына кесінділерді беттестіруге бола ма: а) ОА и ОВ; б) ОА и АВ?

3. Суретте нөмірленген тең бұрыштар берілген.

Көрсетіңіз:

а) АОС, ВОF, АОЕ бұрыштарының биссектрисасын;

б) ОС сәулесі биссектриса болатындай бұрыштарды.

Екі кесінді тең деп аталады, егер олардың ұзындықтары тең болса.

Екі бұрыш тең деп аталады, егер олардың бұрыштарының градустық өлшемдері тең болса.

Терминдер

Үшбұрыш дегенімізбір түзу бойында жатпайтын үш нүктені қосатын кесінділерден пайда болған фигура.

В

Үшбұрыштың элементтері

В

А, В, С – үшбұрыштың төбелері

АВ, АС, ВС – үшбұрыштың қабырғалары

A, В, С - үшбұрыштың бұрыштары

АВС

Үшбұрыштардың теңдігі

Егер үшбұрыштардың сәйкес бұрыштары мен сәйкес қабырғалары өзара тең болса, онда мұндай үшбұрыштарды тең үшбұрыштар деп атайды.

ABC = A1B1C1

A =A1

В =В1

С =С1

AB=A1B1

AС=A1С1

ВС=В1С1

Үшбұрыштардың теңдік белгісі келесі түрде жазылады:

Ескерту : төбелерінің жазылу реті өте маңызды.

Аксиома - 8:

Үшбұрыш қандай болса да, берілген жарты түзуге қатысты көрсетілген қалыпта орналасқан оған тең үшбұрыш бар болады.

Берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың болатыны туралы

Көпір конструкциясындағы үшбұрыштар

Жоғары кернеулі электр желісі. Үшбұрыштар конструкцияны мықты қылдырады.

Сабақтың соңын ғұлама Галилео Галилейдің сөзімен аяқтайық:

«Геометрия біздің ойлау қабілетіміздің ең қуатты құралы болып табылады және бізге дұрыс ойлау мен қорытынды шығаруға мүмкіндік береді».

Рефлексия:

Мен өз жұмысыммен сабақ үстінде

Қиын болды….

Өз сыныптастарымды мақтай аламын

Сабақтың материалы мен үшін….



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу