👈 қаріп өлшемі 👉

Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. Кішкентай Робот туралы ертегі. Э.Ильин «кішкентай Робот туралы ертегі», аударған Ә. Біржанқызы. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлімі: Болашаққа саяхат

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Кішкентай Робот туралы ертегі

Э.Ильин «кішкентай Робот туралы ертегі», аударған Ә. Біржанқызы

Оқу мақсаттары

4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

4.2.8.2 көркем шығарманы басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм, кинофильм) нұсқасымен салыстыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды, мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу, ондағы эпизодтарды кинофильм нұсқасымен салыстыру.

Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды, мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдей алады, ойларын негіздейді

Кейбір оқушылар: негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігіне сүйеніп, ондағы эпизодтарды иллюстрация нұсқасымен салыстыруда өзінің көргені бойынша байланыстыра алады.

Бағалау критерийлері

  • ертегінің тақырыбын анықтайды;
  • негізгі ойын білдіріп тұрған ертегі бөлігін мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдейді
  • ертегіні сурет нұсқасымен салыстырады

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Ертегінің осы бөліктері негізгі ойды білдіріп тұрғанын дәлелде, себебін түсіндір.
  • Берілген оқиғадан «Кішкентай Робот» атануының себебін түсіндір
  • Олар неге ертегінің ортасында және соңында берілген?

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыста бір-біріне құрмет көрсетеді, ынтымақтастықтарын нығайтады.

Жеке жұмыс кезінде еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады.

Пән аралық байланыс

Жаратылыстану, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=lwNV2mOnGGA

Бастапқы білім

шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтай алады, мәтінді басқа нұсқамен салыстырады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ширату: «Терминдер» арқылы болжау әдісі.

Нұсқау: сыныпқа сөздер салынған (ертегі, кішкентай робот, зауытта жасалған) «Сандық» қойылады. Оқушылардан осы сөздер бойынша оқылытын ертегінің не жайында болатынын болжайды.

Сабақ мақсаты: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды, мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу, ондағы эпизодтарды кинофильм нұсқасымен салыстыру.

Слайд № 4

Слайд № 1-3

Сабақтың ортасы

  • тапсырма

(Ұ,Т). «Суреттер арқылы болжау» әдісі. Суретке қарап, өзің білетін және білгің келетін екі мәліметті айт. Оқитын шығарманың тақырыбын болжа.

  • Ертегінің мазмұны бойынша сурет көрсетіледі.
  • Суретке қарап, оқушылар өзідерінің білетін және білгісі келетін екі мәліметін топта ортаға салады.
  • Сол арқылы ертегінің тақырыбын анықтап, тізімін құрастырады.
  • Тізімнің ішінен дұрыс деп есептеген тақырыптарының үшеуін мұғалімге тапсырады.
  • Мұғалім барлық топтардың берген тақырыптарынан қайта тізім құрастырып, экраннан көрсетеді.
  • Мұғалімнің құрастырған тізімінің ішінен бір тақырыпты таңдалады.
  • Дұрыс жауаппен таңдалған жауап салыстырылады. Ертегінің тақырыбы ашылады.

Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы мысалдың тақырыбын жазуда нақты көмек көрсетіледі. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру негізінде жұмыс жүргізуге негіздейді.

Б: «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалайды.

2-тапсырма

(Ж)«Диалог-ертегі» әдісі. «Кішкентай Робот туралы ертегі»оқы, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықта.

1. Ертегіні бір оқушы бастайды, ал қалған оқушылар басталған ертегіні бір-бір сөйлеммен ары қарай жалғастырып оқиды.

2. (ЖЖ) Мәтінді оқып болған соң негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін табу тапсырылады. Оқушылар жұптасып мәтінге қайта шолу жасап, негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігін белгілейді.

3.(Т) Негізгі ойды білдіріп тұрған бөлімді барлық топтар дауыстап оқып береді. Ертегідегі оқиғаларды салыстырады. Автордың ойын дәлелдейді.

Саралау: қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Мәтіннің негізгі ойын анықтауда, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

Дескриптор:

-ертегіні түсініп оқиды;

- ертегінің негізгі ойын анықтайды;

-ертегідегі оқиғаларды салыстырады.

Б: «Бағдаршам» әдісі..

3-тапсырма

(Т) «Мозайка» әдісі

Әрбір топқа сурет қиындыларын тарату. Оқушылар сурет қиындыларынан сурет құрастырып,суреттегі роботты сипаттайды. Ертегіні суретпен салыстырады.

Саралау: Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады. Оқушылар бір-бірін тыңдайды және толықтырады.

Б: «Бір-бірін бағалау»

Топтар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.

4- тапсырма

(Ж) «Қосжазба күнделігі». Ертегіден алынған үзінді бойынша өз ойын жазады.

Ертегі үзіндіндісі

Менің ойым

Дескриптор:

-ертегіден үзінді алады;

- өз ойын жазады;

- орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтайды.

Б. Өзін -өзі бағалау.

Слайд №5

1-қосымша

Слайд № 6

2-қосымша

Слайд№7

3-қосымша

Сабақтың соңы

«Менің сөзім» Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, өмірмен байланыстырады. Оқушылардың сабақ барысындағы жасалған іс –әрекетіне (дескрипторларға) сүйеніп қорытынды жасау қадағаланады.

Нұсқау: Барлық оқушылар сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.

Слайд № 8

Саралау. 1- тапсырмда «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы мысалдың тақырыбын жазуда нақты көмек көрсетіледі. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру негізінде жұмыс жүргізуге негіздейді.

2 тапсырма – қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Мәтіннің негізгі ойын анықтауда, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

3-тапсырмада «Тапсырма» тәсілі арқылы бағыт беріледі. Оқушылардың қабілеттеріне қарай салыстыруға мүмкіндік беріледі.

Дескриптор

  • ертегінің тақырыбын анықтайды;
  • негізгі ойын білдіріп тұрған ертегінің бөлігін анықтайды;
  • ертегідегі оқиғаларды салыстырады

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы