👈 қаріп өлшемі 👉

Шығармадағы оқиғаны болжау. Қали Сапарбаев «Туған жердің ыстығы-ай». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


Сынып:4

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Қоршаған ортаны қорғау

Сабақтың тақырыбы: «Туған жердің ыстығы- ай» Қ.Сапарбаев

Оқу мақсаттары:

4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру

Бағалау критерийлері:

  • мәтінді түсініп оқиды.
  • сюжеттің дамуын болжайды;
  • сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданады.

Қажетті ресурстар: маркер, қағаз А3, таратпа материалдар

І. Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы. Оқушылар берілген сөз тіркестерін қатыстырып, шағын әңгіме құрастырып, жеке дәптеріне жазады: қызықты оқиға, Амудария өзені, нар, бота, суға түсті, тізесі дірілдеп.

Құраған әңгімелерін жұпта оқиды. Топ алдында оқушылар өз еркімен әңгімесін оқып береді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийлері оқушылармен бірлесе құрастырылады немесе тасныстырылады.

ІІ. Сабақтың ортасы

1-тапсырма

Қали Сапарбаев «Туған жердің ыстығы-ай» әңгімесін 3 бөлімге бөліп оқиды.

; ЖЖ;Т) Оқушылар мәтінді түсініп оқиды. Оқу барысында түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Түсініксіз сөздердің мағынасын сөздіктен қарайды: буыны қатпаған (жас), тізесі дірілдеп (қорқып), сүйрей (тартып), қаққан қазық (қақиып қатып қалу), маңқия (түйенің бір дүркін тұншыққан дыбысы), ілмиіп (әбден арықтап, жүдеуі) дәптерлеріне жазады.

Оқушыларға үш бөліктен тұратын кесте таратылып беріледі.

Не болады?

Дәлел

Қорытынды

Оқушылар кестенің бірінші бөлігін толтырады.дәлелін жазады және қорытынды бөлімін жазады. Жеке, жұпта, топта талқыланады,өз ойларымен бөліседі. Осыдан кейін мәтіннің бірінші бөлігі оқылады. Толтырылған кестемен салыстырылады. Сұрақтар қойылады.

  • Автор қандай оқиғаның куәсі болды?
  • Неге нар түйе ботасын суға сүйреледі?
  • Неліктен жалғыз өркешті түйе өзенге қойып кетті?

Оқушылар оқиға қалай дамитыны туралы өз ойларын айтып, кестені толтырады. Кестені толтыруға уақыт беріледі (2мин). Сұрақтар қойылады.

  • Неліктен нар түйе ботасын суға қарай итерді?
  • Неге Еркембейдың әкесі түйенің қайтарып әкелмеу туралы кеңес берді?

Оқиға әрі қалай өрбиді ек? Әңгіменің үшінші бөлімінде не болады деп ойлайсыңдар? Оған қандай дәлел бар? Оқушылар кестені толтырады. Әңгіменің үшінші бөлімін оқып, болжамдарымен салыстырады.

Саралау. Қабілеті жоғары 1-2 оқушыға дауыстап оқытуға болады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

(Б) Оқушылар өзін –өзі бағалайды.

2- тапсырма

(Т) Оқушыларға мақал – мәтелдің жалғасын тауып, мағынасын түсіндіру ұсынылады.

1. Туған елдей ел болмас,

..................................... (Туған жердей жер болмас)

2. Кісі елінде сұлтан болғанша,

............................................(Өз елінде ұлтан бол)

Ел іші - алтын бесік

Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.

Саралау: үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағаланады.

3-тапсырма

(ЖЖ,Т) Әңгімеден нар мен ботаны сипаттайтын сөздерді теріп жазады.

Нар - ботасын тістелеп, суға сүреді, мойнынан қапсыра тістеп, ары – бері сілкіледі, от- жемінен қалған, шөгіп қалыпты, боздауын қойды.

Бота – судан қорықты, тізесі дірілдеп, суға түсуге батылы жетпеді, қаққан қазықтай табан тіреп,сұлқ құлап, ілмиіп оңалмайды.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) Жұптардың бірін – бірі бағалауы.

4 -тапсырма

(Ө;ЖЖ;Т) Еркін жазу жазады. «Мен-нар түйемін», «Мен - ботамын», «Мен-автормын»

«Автордың орындығы» Әркім өз еркімен еркін жазуларын оқып береді.

(Б) « Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.

(ҚБ) дескриптор:

-сөйлеу барысында мақал- мәтелдері, нақыл сөздер қолданады;

-өз ойын айтады;

-сөйлемдерді байланыстырап жазады;

-орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтайды.

ІІІ. Сабақтың соңы

Рефлексия

Оқушылар сабақ туралы өз ойын сткикерге жазып, жапсырады. Оқушылар сабақ туралы өз ойларын сткикерге жазып, тақтада жазылған сөздердің астына жапсырады.

Мені таң қалдырды Сұрағым бар Маған ұнамады


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы