Шығармадағы оқиғаны болжау. Қали Сапарбаев «Туған жердің ыстығы-ай». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.

Қосымша 1

Тапсырма: Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен әңгіме құрап жаз.

Қызықты оқиға, Амудария өзені, нар, бота, суға түсті, тізесі дірілдеп ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қосымша 2

Туған жердің ыстығы-ай

1-бөлім

Өткен жазда қызықты оқиғаға тап болдым.

Амудария өзенінің бойында кен іздеп жүр едім. Соңында буыны қатпаған қаршадай ботасы бар нар түйе маң-маң басып өте берді. Ол өзен бойына келіп тоқтады. Түйе өзеннің арғы бетіне ұзақ қарап, боздады да тұрды.

Мұндай жалғыз өркешті нар түйелердің мекені – Орта Азияның құмды далалары ғой. Бір кезде нар ботасын емізіп, иіскеп алды. Сонан соң, өзенге келіп, тізесіне дейін суға түсті. Ботасына бұрылып «кеттік, соңыма ер» дегендей боздап тұрып алды. Ботақан судан қорықты білем, тізесі дірілдеп, суға түсуге батылы жетпеді. Нар су қарнына келгенде ботасына тағы бұрылды. «Кетейік, балам, кетейік» дегендей ол ботасына. Бота толқыған өзенге беттей алмады. Ботасы ермеген соң нар судан қайта шықты. Енді ол ботасын тістелеп, суға сүйрей бастады. Бота қаққан қазықтай табан тіреп, бақырып тұрып алды. Ашуланған нар енді ботасын мойнынан қапсыра тістеп, ары-бері сілкілей бастады.

Осы кезде мен айқай салып, түйеге қарай жүгірдім. Түйе ботасын тастай сала, өзенге қойды да кетті. Асау дария түйені ағызып ала жөнелді. Лек-лек толқындар оның бүйірінен сабалап, жалмамақшы болғандай көміп-көміп жібереді. Түйе «Мақсатыма жетпей қоймаймын!» дегендей ажалмен алысып, жанталаса жүзіп барады. Бір жарым шақырымдай ені бар, жойқын дариямен алысқан түйеге таңданып қарап тұрып қалдым. Өзеннің орта кезінен асқанда түйе бір батып, бір шығып әлсірегенге ұқсады.

2-бөлім

 Егер оған дария ортасынан қайыр кез болмағанда қауіпті еді. Ол арғы бетке тәлтіректеп зорға шықты. «Қош, ботам!» дегендей нар ұзақ боздап тұрды да, сағымданған қиырсыз далаға қарай маңқия басып жүре берді.

Бота сұлқ құлап қалыпты. Мен ботаны тұрғызбақ болып әрекет істедім. Әлден уақытта дүбірлетіп бір атты кісі шауып келді. Амандастық, таныстық. Ермекбай деген шопан жігіт екен. Ол көп бөгелмей:

-Ботаның енесін көрдің бе?-деп сұрады.

-Ботаның енесі әне кетіп барады.

Ермекбай түйенің иесі екен. Ол ботасын аянышпен құшақтаған күйі түйеге қарап:

-Ай тегіңнен айналайын жануар-ай. Боздай беруші едің. Еліңді сағынып жүр екенсің ғой. Әкем осы нарды Түрікменстанның Мары деген жерінен әкеліп еді. Ақыры міне, еліне кетіп барады. Туған жердің ыстығы-ай, шіркін!

Биыл Ермекбаймен тағы кездестім. Одан түйесі туралы сұрадым. Ермекбай былай деді:

-Түйе дариядан өткен күні әкеме барып:

- Түйені қайтарып алып келейін дедім. Әкем: - Түйені қайтарудың қажеті жоқ. Ондай түйені ұстап тұру қиын. Оның баратын туған жері Қылыш деген досымның қыстауы. Түйе қайтып барса Қылыш өзі бір хабарын берер. Одан да мына жетім ботаны сүт беріп асырайық -деді.

Айтқанындай-ақ, бір айдан соң Қылыш досынан хат келді.

3-бөлім

Түйенің барғанын айтыпты. «Жөнді от-жем жемейді. Боздай береді. Күннен-күнге арықтап, құрып барады. Мал дәрігері «түйенің белгілі ауруы жоқ» дейді. Әкеме «тезірек келіп кетсін» депті. Әкем хатты тыңдап болып:

-Түйенің емі – ботасы. Ботаны да қанша мәпелеп асырағанымызбен өз енесіндей бола алмай қойдық. Ілмиіп оңалмайды. Одан да ботасын енесіне табыстырайын,-деп әкем ботаны жетектеп Марыға кетті.

Барса, түйе от-жемнен қалып, шөгіп қалыпты. Ботасын бауырына алып мауқын басқан соң, нар боздауын қойып, сауыға бастапты.

Түйенің туған жері мен ботасына деген ыстық махаббаты әкемді қатты тебірентіпті. Әкем боталы түйені Қылыш досына сыйлық ретінде қалдырып, елге қайтты.

Қали Сапарбаев

Қосымша 3

Не болады?

Дәлел

Қорытынды

Қосымша 4

1 топ: Туған жер, туған ел жөніндегі мына мақал- мәтелдердің жалғасын тап.

Туған елдей ел болмас,

... ... ... ...

Кісі елінде сұлтан болғанша,

... ... ... ...

2 топ: Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріңдер.

Ел іші - алтын бесік

Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу