Қазақстан көлдері. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жопар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған ортаны қорғау

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, №76 мектеп-лицейі

Мұғалімнің аты-жөні: Жусупова С.Х.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстан көлдері

Оқу мақсаты

4.1.4.1.сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;

4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу

Сабақ мақсаты

Барлықоқушылар: өлеңді қатесіз мәнерлеп оқиды;

Көптеген оқушылар: сөйлеу барысында нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді қолданады;

Кейбір оқушылар: өз болжамын дәлелдей алады

Бағалау критерийі

  • Өз ойын еркін жеткізеді, сөйлеу барысында нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді қолдана алады;
  • Өлеңді қатесіз мәнерлеп оқиды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: эколог, экология; эпитет және теңеу сөздер.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың арасында ынтымақтастық, бір-біріне деген сенімділік, құрмет, сыйластық қатынастары туындайды.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі,дүниетану.

АКТ қолдану дағдылары

https://twig-bilim.kz/kz/film/pollution-water

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/gidrosfera/lesson/kolder-men-batpaqtar

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/5-synyp/lesson/qanatty-naqyl-sozder

Бастапқы білім

Өткен бөлім бойынша білімдерін қорытындылап, бағалайды

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сторителлинг

Мұғалім оқушыларға «Балқаш» көлі туралы аңызды айтып береді.

Ертеде Балқаш деген бай болған екен. Оның көркіне ақылы сай Іле деген қызы болыпты. Іленің көріктілігі мен ақылдылығы жан-жаққа аңыз болып тарайды. Ілеге құда түсушілер келе бастайды. Бірақ Іле қыз олардың бірде-біреуіне өз сезімін алдырмайды.

Сол елде Қаратал деген батыр, кедей жігіт болады. Ол үнемі жарлы-жақыбайлардың сөзін сөйлеп, оларға көмек беріп жүреді.

Бірде Балқаш бай үлкен ас береді. Бұл аста ақындар айтысып, жауырыны жерге тимеген палуандар белдеседі. Шабандоздар бәйгеге түседі. Бұл асты бергенде Балқаш байдың ойында қызы Ілеге болашақ күйеу іздеу де жоқ емес-ті. Осы аста Іле мен Қаратал кездеседі. Бір көргеннен бір-біріне тәнті болған екі жас тек іштей ұғысады. Сегіз қырлы, бір сырлы Қаратал бұл аста ерекше көзге түседі. Балқаш бай қызы Іленің Қараталға ерекше ілтипат көрсетуінен қатты шошынады. Қараталды қызына тең көрмейді. Балқаш бай бақыт тек байлықта деп ұғады. Қаратал Ілеге қанша ынтызар болғанымен, арада алынбас қамал барын ұғады. Ол – өзінің кедейлігі еді.

Іле Қараталды шын сүйетіндігін айтып, әкесінен рұқсат сұрайды. Балқаш бай рұқсат бермек түгілі жігіттің атын атауға тыйым салады. Ақыры ебін тауып, Іле мен Қаратал ауылдан қашып шығады. Қызының кедей жігітпен қашып кеткенін білген Балқаш бай өзі бас болып арттарынан қуады. Іле мен Қаратал қуғыншылардан құтылмасын біледі де, әкесін тосып алады. Әкесімен бір ауыз сөзге келеді. Іле: «Әке, мен тек Қараталды сүйемін. Өмірде байлықтан жоғары күш бар екенін білмедің. Ол күш – махаббат. Өзіңнен соңғы өтінер жалғыз тілегім: тіршілікте бірге болмаған тәніміз о дүниеде бірге болсын, Қаратал екеуімізді бірге жерле», – дейді де биік құздан етекке құлайды.

Қызының парша-парша болған жансыз денесін көрген Балқаш бай есінен танып құлайды. Арада біраз уақыт өтіп, өзі-өзіне келген Балқаш бай жанындағыларға: «Мен өмірде үлкен қателік жібердім. Адам үшін бар байлық та, бақыт та бала екенін енді түсіндім. Тірлігімде жіберген қателігімді о дүниеде жуайын, Іле мен Қаратал екі сағам болсын», – деп екі баласының ортасына жатып, өзіне-өзі қанжар салады. Міне, Балқаш көлі Балқаш байдың көз жасынан пайда болып, үнемі екі сағасынан келіп құятын Іле мен Қаратал демімен толығып отырады екен.

Жұпта сұрақтарды талқылауға 1 минут беру

-Көл жағасын қалай елестетесіңдер?

-Көлдің адамға қандай пайдасы бар? Неліктен?

Сабақтың тақырыбына болжам жасау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. Бағалау критерийлерімен таныстыру.

Слайд №1-4

Сурет

https://el.kz/news/archive/bal-ash_k-li_turaly_a-yz/

Сабақтың ортасы

15 минут

  • тапсырма

(Ө). Өтебай Тұрманжановтың «Балқаш көлге барайық» және Тұманбай Молдағалиевтің «Көл» шығармаларын оқушылар оқиды.

Ойлан, Бірік, Бөліс әдісі

Жұпта отырған бірінші оқушы оқылған бірінші өлеңнен маңызды идеяны , сөздерді, нақыл сөздерді өзіне жазады.

Жұпта отырған екінші оқушы оқылған екінші өлеңнен маңызды идеяны , сөздерді, нақыл сөздерді өзіне жазып алады.

Әр оқушы жұпта өз тұжырымдарын талқылап, дәлелдейді.

Б: Жұптық бағалау

«Нақыл сөздер деген не?» туралы қысқаша ақпаратты білімленд сайтынан көрсету

Сұрақ: Көл қанша өмір сүреді деп ойлайсың?

Оқушылардың ықтимал жауаптары қабылданған соң көлдің тартылуы туралы бейнероликті көрсету қажет.

Дескриптор:

-өлеңді қатесіз мәнерлеп оқиды;

-сұрақтарға жауап береді;

-өз ойын мақал – мәтелдер қолданып, дәлелдейді.

Слайд 5-7

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/5-synyp/lesson/qanatty-naqyl-sozder

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/gidrosfera/lesson/kolder-men-batpaqtar

5 минут

2-тапсырма

Мақал-мәтел

Көл тартылса кұс қашар.

«Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі

Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:

Спикер мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді.

Интервьюер мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.

Хатшы үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.

Дескриптор :

  • мақал – мәтелдің мағынасын түсіндіреді;
  • өз ойын дәлелдейді.

Слайд №8

7 минут

Көлдердің уақытынан бұрын тартылуы және ластануы апатқа алып келеді.

Сұрақ:

Экологиялық мәселелер шешілмесе, не болуы мүмкін?

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі

1 минутта көршісіне өз пікірін білдіреді.

Дескриптор:

  • Сұраққа өз пікірін білдіреді;
  • Өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді.

Б: Өзін – өзі бағалайды.

Мұғалімнің түсіндірмесі: Экология-(грекше «экос»-үй, баспана, «логос»- ілім) –жеке организмнің өзара қарым-қатынасын қоршаған тіршілік ортасымен, мекенімен байланыстырып зерттейтін ғылым.

Эколог-қоршаған ортаны қорғайтын адам.

Слайд №9

https://twig-bilim.kz/kz/film/pollution-water

Оқулық

5 минут

«Еркін жазу» әдісі «Өзіңнен баста » тақырыбында жазу.

Жазуға уақыт береді.

Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады.

Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.

Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағаланады.

Слайд №10

Дәптер

3 минут

«ҚҚҚ» әдісі

Қызық-оқушылар сабақта естіген қызықты ақпараттары туралы айтады;

Қиын-сабақтың қиын тұстары туралы айтады;

Құнды-бүгінгі сабақтағы құнды ақпараттармен бөліседі;

Слайд №11

Саралау

1-тапсырмада

Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады.

3-тапсырмада

Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі. Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.

4-тапсырмада

Кейбір оқушылар сөз тіркестерін жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.

Бағалау

«Жұлдызша» әдісі

«Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,«Керемет!» өздерімен мадақтау арқылы бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Дескриптор

  • Өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды.
  • Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • Өз ойын айтуда мақал – мәтелдерді қолданады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік,қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу