Құстар әні. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жопар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған ортаны қорғау

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, №76 мектеп-лицейі

Мұғалімнің аты-жөні: Жусупова С.Х.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Құстар әні

Оқу мақсаты

4.2.6.1-кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау

Сабақ мақсаты

Барлықоқушылар: мәтін мазмұынын түсінеді, пікірін білдіреді

Көптеген оқушылар: кейіпкердің іс-әрекетін, мінез-құлқын ,ерекшелігін айта алады;

Кейбір оқушылар: Мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды

Бағалау критерийі

  • мәтін мазмұынын түсінеді, пікірін білдіреді;
  • кейіпкерлердің іс-әрекетін, мінез-құлқын ерекшелігін айта алады;
  • мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалай алады;

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: жолбашы, қиқулап

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың арасында табиғатқа деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдері туындайды. Бір-біріне сыйлатықпен, құрметпен қарайды.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі,дүниетану.

АКТ қолдану дағдылары

https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/zhanuarlardyng-tirshiligi/lesson/qustar

https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/zhanuarlardyng-tirshiligi/lesson/qustar

Құс дауысы

https://www.youtube.com/watch?list=RDhj4jNQsGqzQ&v=hj4jNQsGqzQ&feature=emb_rel_end

Құстар туралы ән https://yandex.kz/video/preview/?filmId=7194033307088239950&reqid=1584624916159564-1435097559790387446600080-sas1-8960-V&text=құстар+туралы+әндер+караоке

Бастапқы білім

Өткен бөлім бойынша білімдерін қорытындылап, бағалайды

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Құстардың дауысы қойылады. Балалар сол дауыстың ішінен құстардың дауысын ажыратады.

-көкек

-бұлбұл

-қарға

-тырна

-көкқұтан

-аққу

-қарлығаш

-шағала

-үйрек

Тырнаны сипаттау арқылы табады.

Сабақтың тақырыбын және мақсатын айту. Бағалау кретиерийлерімен таныстыру.

Слайд №1-4

https://www.youtube.com/watch?list=RDhj4jNQsGqzQ&v=hj4jNQsGqzQ&feature=emb_rel_end

Сабақтың ортасы

15 минут

«INSERT» әдісі

Тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады:

W- білемін;

+ жаңалық;

- білмеймін;

?- білгім келеді;

кесте жүйесі бойынша жұмыс жасайды.

Оқулықты оқып болған соң, топқа жиналып кестені толтырады.

Дескриптор:

  • кейіпкердің ерекшелігін көрсете алады;
  • кейіпкердің іс-әрекетін салыстырады және бағалайды;
  • кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін дәлелдер арқылы түсіндіреді;

Әр топ өз кестесімен таныстырады.

Б: Топтардың бірін – бірі бағалайды.

Слайд №5

Оқулық,кесте, түсті қаламдар, фломастер

Сергіту сәті

2минут

Құстар туралы әнді караокемен орындау.

https://yandex.kz/video/preview/?filmId=7194033307088239950&reqid=1584624916159564-1435097559790387446600080-sas1-8960-V&text

4минут

«Бес сұрақ!» әдісі

Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына бір құстың аты жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа құсты сипаттайтын 5 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

Б: Мадақтау

Стикер, маркер

5 минут

Құстар туралы бейнероликті оқушыларға көрсету.

Сұрақ: Өздерің тұрған жерде қыстап қалған құстарға қандай көмек керек деп ойлайсыңдар?

«Бір минуттық әңгіме» әдісі

-жұпта талқылайды

-жауап береді.

Б: «Бағдаршам»

Слайд 6

https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/zhanuarlardyng-tirshiligi/lesson/qustar

https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/zhanuarlardyng-tirshiligi/lesson/qustar

5 минут

«Күзгі жолдың қиындығы» тақырыбында өз ойын жазады.

Дескриптор:

-өз ойын жүйелі жеткізеді;

-орфографиялық нормаларды сақтайды.

Слайд 7

Сабақтың соңы

4минут

Сіздердің әрқайсыңызға бүгінгі оқылған материалға қатысты 5 сұрақ жазу керек. Сұрақтардың әрқайсысы түрлі сұрау есімдігінен басталуы тиіс:

Не?

Кім?

Қашан?

Қайда?

Неге?

қалай

Егер ... болса, не болады?

Слайд 8

Саралау

1-тапсырмада

Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар мәтінді оқуға қосымша уақыт беруге болады.

3-тапсырмада

Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі. Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.

4-тапсырмада

Кейбір оқушылар өз ойын жазуда сөз тіркестерін жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.

Бағалау

«Бағдаршам» әдісі

«Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,«Керемет!» өздерімен мадақтау арқылы бағалау, топтардың бірін-бірі бағалауы

Дескриптор

  • кейіпкердің ерекшелігін көрсете алады;
  • кейіпкердің іс-әрекетін салыстырады және бағалайды;
  • кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін дәлелдер арқылы түсіндіреді;

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік,қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу