Қатені табу және түзету. Ә. Ысқабай «Тайғақта». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша №1

«Заряд алу» ойыны.

Қосымша №2

«Ашық микрофон»

Үлгі сұрақтар:

1.Асқардың немесе Жекеннің орнында болсаңдар қалай істер едіңдер?

2.Тайғақта Жекен мен Асқардың жолында тағы қарт адам кезіксе оқиға қалай болар екен?

3. Өмірде осындай жағдайлар болуы мүмкін бе?

Қосымша №3

«Тайғақта»

Ә.Ысқабай

Түскі әлетте Асқар мен Жекен мектепке келе жатты. Түнде қарлы жаңбыр жауған. Жол көк тайғақ. Абайлап жүрмесең, жалп етіп құлауың оңай.

Жол шетіндегі азық-түлік дүкенінен шыққан қарт ана, табалдырықтан түсе бере тайып жығылды. Шыныдағы сүтінің құтысы сынып, ішіндегі сүті төгіліп жатыр.

Ана бір кемпірді қара, тырақай асып құлады жаңа, - деп Жекен шиқылдап күле бастады. Асқар құлап жатқан қарт ананы қолтығынан демеп тұрғызды. Шалғайын қағып, сүйемелдеп, жолға салды.

Рахмет, қарағым, - деді қарт ана. Тәңірің жарылқасын, қатарыңның алды бол, қалтаңдатып қойған қарттыққа қандай қайран бар. Өзің сынды өрендер қайырымдылық көрсетсе, соған ризалық білдіріп, құаттанып, бір қайраттанып қаламыз. Айналайын, дәу жігіт бол, кішіпейілділігіне мың да бір аналық рахметімді айтамын, - деп алғысы жаудырды да, әрі қарай ілбіп басып, өзі жүріп кетті. Алғыс алған Асқардың көңілі марқайып қалды. Ол Жекенге жақын келіп:

Қарт кісінің құлағанына соншама күлгенің не? – дегенше болған жоқ, алақтап, жұлақтаған Жекен жылдамдата жүре бергенде аяғы тайып, тырапай асты. Тобығы тайған ба, баса алмай, қисалаңдады да қалды. Оны орнына тұрғызып, қолтығынан демеп, сүйемелдеп келе жатқан Асқар:

«Күлме досқа келер басқа» деген осы, - деді.

Жекен қызарып, қабағы түсіп кетті. Тіл қатпады. Аяғын аурысынып, тік қараудан тайсақтап, жасқанған қос жанарын жерге қадай берді.

1.Асқардың немесе Жекеннің орнында болсаңдар қалай істер едіңдер?

2.Тайғақта Жекен мен Асқардың жолында тағы қарт адам кезіксе оқиға қалай болар екен?

3. Өмірде осындай жағдайлар болуы мүмкін бе

Қосымша №4

«Шатасқан оқиғалар»

Кесте үлгісі:

Айналайын, дәу жігіт бол, кішіпейілділігіне мың да бір аналық рахметімді айтамын, - деп алғысы жаудырды да, әрі қарай ілбіп басып, өзі жүріп кетті.

Түнде қарлы жаңбыр жауған. Жол көк тайғақ.

Шыныдағы сүтінің құтысы сынып, ішіндегі сүті төгіліп жатыр.

Асқар құлап жатқан қарт ананы қолтығынан демеп тұрғызды.

Жекен қызарып, қабағы түсіп кетті.

Қосымша №5

Топтағы жеке оқушыны бақылау үлгісі:

Т.А.Ж.

Азиза

Шынар

Ұлан

Наз

ерке

Топта өз міндетін атқаруы

 

 

 

 

Идея ұсынуы

 

 

 

 

Белсенділігі

 

 

 

 

Көмек бере алуы

 

 

 

 

Өзгені тыңдай алуы

 

 

 

 

Талқылауды дұрыс жүргізе алуы

 

 

 

 

Топпен бірлесе жұмыс жасауы

 

 

 

 

Рефлексия

[attachment=26574:didakt_material-ateni-tabu-zhne-tzetu-1-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу