Қатені табу және түзету. Ә. Ысқабай «Тайғақта». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат құбылыстары

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

3.4 Қатені табу және түзету

Ә. Ысқабай «Тайғақта»

Оқу мақсаттары

4.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру

4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу

4.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар мәтінді түсініп оқиды, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мұғалімнің көмегімен шығармадан қателерді табады, түзетеді.

Көптеген оқушылар: шығармның маңызды тұстарын анықтауға сұрақтар құрастырады, және оған жауап береді, шығарманың құрылымын ажыратады, орфографиялық, пунктуациялық қателерді нұсқау бойынша табады және түзете алады

Кейбір оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын ашық сұрақтар қою және жауап беру арқылы анықтайды, өз бетінше шығарманың құрылымын, стилін ажыратады, орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзете алады

Бағалау критерийлері

  • Мәтін мазмұны бойынша ашық сұрақтар қоядв және жауап береді;
  • Өз ойларын жүйелі жазады;
  • Сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтайды;
  • Орфографиялық, пуктуациялық қателерін табады және түзетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Бөлім тақырыбына байланысты табиғат туралы әңгімелей алады, ашық сұрақтар құрастырып, айта алады.

Құндылықтарды дарыту

Үлкендерге көмек көрсету туралы әңгімелей отырып, еңбек және шығармашылық құндылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Сөйлемдегі сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғау, сөйлемдердің тыныс белгілерін қолдану арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады,

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта арқылы табиғат туралы бейнеролик көрсетіп жаттығу орындау

Бастапқы білім

Сөйлеу барысында сөйлеу мәдениеті арқылы тыңдарманның назарын аудара алады, шығарманың құрылымын біледі, стилін жетілдіру үшін қателермен жұмыс жасай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 минут

5 минут

Ширату жаттығуы

, МК)

«Заряд алу» жаттығуы

Оқушылардың барлығы шеңберге тұрып, қолдарынан ұстап, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады. Шеңбер бойындағы тұрған оқушылар саны аяқталғанша қолдарын қысу ретімен жалғаса береді. Жаттығу бастапқы бастаушыға жеткенде тоқтайды. Бастаушыға қанша заряд жібергені қайта оралып керек.

Оқу мақсатын хабарлау.

- Мақсатымыз, мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойы, құрылымын анықтап, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып және түзетіп үйрену.

Сынып бөлмесіне бірқатар бекеттер қойылу керек. Әр бекетте белгілі дереккөзімен жұмыс жасау ұсынылады.

Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру.

Сағат моделі,

Слайд №1-3

Қосымша №1

Слайд №4

Сабақтың ортасы

7 минут

5 минут

3 минут

7 минут

1-тапсырма

(МК, Ө, Ж) Оқушылар тобына «Ашық микрофон» әдісі арқылы Ә.Ысқабай «Тайғақта» әңгімесін оқып, талдау жүргізу ұсынылады. Танысқан шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжауға, оның себебін түсіндіруге ұсынылады. Сұрақтар үлгісі:

  • Асқардың немесе Жекеннің орнында болсаңдар қалай істер едіңдер?
  • Тайғақта Жекен мен Асқардың жолында тағы қарт адам кезіксе оқиға қалай болар екен?

3. Өмірде осындай жағдайлар болуы мүмкін бе?

Әр топтан бір оқушыдан қолдарына микрофон ұстап, өткен шығармаға байланысты қарсы топқа сұрақ қояды, қарсы топтан кез-келген оқушы жауап береді. Оқушылар жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдылананды. Құнды ой жинақталып, ойын ашық айта алады.

Саралау: Қолдауды қажет ететін оқушыларға сюжеттің дамуын болжауға бағытталған үлгі сұрақтарды алдын ала дайындап қоюға болады.

(Б) Бағдаршам көздері арқылы бағалау.

қызыл = түсінген жоқпын

сары = әлі де дайындық қажет

жасыл = барлығы түсінікті

2-тапсырма

(Т, МК) Әр оқушыға шығарманы өз бетінше сын тұрғысынан бағалау үшін «Эссе» жазу ұсынылады. Оқылған шығарма бойынша оқушылар өз ойларына талдау жасай алады. Шығармашыл тұрғыдан ойлана алады.

(ЖЖ; ОТ) Оқушылар жазған эсселерін ұсынылған критерийлер бойынша жұптасып бағалау жүргізеді.

Критерийлер үлгісі:

- тақырыптарды жақсы түсінгендігін көрсетеді;

- берілген мәтіннің ойын анықтайды;

-шығармадағы оқиғаны сыни тұрғыдан бағалайды; - мәтінде пунктерінің графикалық рәсімделу нормаларын сақтайды;

- орфографиялық және сөйлеу қателіктерін жібермей жазады.

Саралау. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішінде сұрақтар құрастыруда немес жауап беруде қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

(Б) «Түрлі түсті жиектер» әдісі

Оқушылар жазба жұмысын орындау барысында дәптер жиегіне түрлі түсті қарындашпен белгі салып отырады. Мағынасы: «қызыл – тексеріп, барлық қателерін түзетіңізші», «жасыл – барлық қателерді белгілеңізші, мен барлығын өзім түзетемін», «көк – қате санын көрсетіңізші, мен өзім тауып түзетемін», «қара – бұл жұмысқа баса назар аудармаңыз, мен оны асығыс орындадым» және т.б.

Сергіту сәті. Тик-Так әні. Әннің сүйемелдеуімен қимыл-қозғалысты жаттығулар орындау.

3-тапсырма

(МК, Ө, Ж) «Шатасқан оқиғалар» әдісі

Оқушыларға Ә.Ысқабайдың «Тайғақта» әңгімесі бойынша орны ауысқан оқиғаларды тауып, түзету тапсырылады. Оқушылар бір-екіге санап жұпқа бөлінеді. Әр жұпқа оқиға реті шатасып жазылған парақтар таратылады. Берілген парақшалардағы тарихи оқиғаларды жұптарымен бірлесе отырып, ойланады, түзетіп, ретімен қойып шығады, себебін түсіндіреді.

Кесте үлгісі:

Айналайын, дәу жігіт бол, кішіпейілділігіне мың да бір аналық рахметімді айтамын, - деп алғысы жаудырды да, әрі қарай ілбіп басып, өзі жүріп кетті.

Түнде қарлы жаңбыр жауған. Жол көк тайғақ.

Шыныдағы сүтінің құтысы сынып, ішіндегі сүті төгіліп жатыр.

Асқар құлап жатқан қарт ананы қолтығынан демеп тұрғызды.

Жекен қызарып, қабағы түсіп кетті.

Саралау: Қарқын тәсілі арқылы. Қарқыны жылдам кейбір оқушыларға мазмұны бойынша қосымша кейіпкердің мінезіне баға беруді тапсыруға болады. Біршама уақытты талап ететін оқушыларға тапсырма терең түсіндіріледі.

(Б) «От шашу» әдісімен бағалау.

Қосымша №2

Слайд №5

Қосымша №3

Слайд №6

түрлі түсті қарындаштар, түстің шартты белгілену кестесі

Бейнеролик

https://www.youtube.com/watch?v=lFipX2vrdks

Слайд №8

Қосымша №4

Мәтін мазмұны бойынша сөйлемдер жазылған парақтар

.

Сабақтың соңы

5 минут

3 минут

4-тапсырма

(Ұ, Ө, Ж) Оқушылардың оқу мақсатына жеткенін анықтау үшін қорытындыға әр топқа А-4 параққа, шағын постерге Эйлер шеңбері сызылып, кезекпен идеялар талқыланып, жазылады. Оқушылар өздіктерінен жұмыс жасау барысында кейіпкерлердің іс-әрекеті мен мінез-құлқын бағалауына назар аударылады.

Талқылауға арналған үлгі сұрақтар:

- Кейіпкердің/кейіпкерлердің іс-әрекеті қандай?

- Мінез-құлқы қалай, неге өзгерді?

- Нәтижесінде оқиға қалай болды?

Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

(Б) «Кестеге бағалау». Топтағы жеке оқушыны бақылау үлгісі:

Т.А.Ж.

....

......

....

.....

Жұпта өз міндетін атқаруы

 

 

 

 

Идея ұсынуы

 

 

 

 

Белсенділігі

 

 

 

 

Көмек бере алуы

 

 

 

 

Өзгені тыңдай алуы

 

 

 

 

Талқылауды дұрыс жүргізе алуы

 

 

 

 

Топпен бірлесе жұмыс жасауы

 

 

 

 

Рефлексия.

«Бес саусақ» әдісі арқылы бүгінгі сабаққа кері байланыс жүргізу.

Қосымша №5

Слайд № 9

Қосымша №6

«Бессаусақ» суреті,смай

ликтер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1-тапсырма. Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай сұарқатрды құрастырып, оқиғаны әңгімелеу әртүрлі болатыны күтіледі.

2–тапсырмада

Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішінде сұрақтар құрастыруда немес жауап беруде қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

3-тапсырма

Қарқын тәсілі арқылы. Қарқыны жылдам кейбір оқушыларға мазмұны бойынша қосымша кейіпкердің мінезіне баға беруді тапсыруға болады. Біршама уақытты талап ететін оқушыларға тапсырма терең түсіндіріледі.

4–тапсырма.

Диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

Дескриптор

  • шығарманың мазмұнынын түсінді;
  • өз ойын жүйелеп жазды;
  • сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтайды;
  • орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді;
  • қатесіз, сауатты жазады.

Бағалау әдістері.

Бағдаршам көздері арқылы. Түрлі-түсті жиектер, т.б.

Интербелсенді тақтамен жұмысты орынды, тиімді қолдану

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу