Қатені табу және түзету. М.Ерімбетов «Құмыра». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдени мұра Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Қарағанды қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 3.4 Қатені табу және түзету М.Ерімбетов «Құмыра» | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото/ суреттер қолдану, презентация/ видеоролик жасау 4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету 4.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып түзету | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысындасуреттер қолданады, түрлі дереккөздерден қажетті ақпараттар таба алады, шығармадан қателерді табады, түзетеді. Көптеген оқушылар: сөйлеу барысынщда суреттер қолданады, түрлі дереккөздерден қажеті ақпараттарды тауып өңдей алады, орфографиялық, пунктуациялық қателерді нұсқау бойынша табады және түзете алады Кейбір оқушылар: сөйлеу барысынщда суреттер қолданып, презентация жасайды, түрлі дереккөздерден қажеті ақпараттарды тауып өңдей алады және байланысын көрсетеді, өз бетінше шығарманың құрылымын, стилін ажыратады, орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзете алады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Бөлім тақырыбына байланысты археологиялық қазбалар туралы әңгімелей алады, ашық сұрақтар құрастырып, айта алады. Пәнге тән лексика мен терминология: көне қалалардың орындары, көне жәдігерлер, археологиялық қазбалар. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақстан жеріндегі көне жәдігерлер, археологиялық қазбалар туралы әңгімелеу арқылы қазақстандық патриотизм құндылықтарын дарыту. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Көне жәдігерлер мен археологиялық қазбалардың тарихына шолу жасау арқылы дүниетану пәнімен байланыс жүзеге асырылады. Сөйлемдегі сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғау, сөйлемдердің тыныс белгілерін қолдану арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта арқылы көне жәдігерлер, археологиялық қазбалар туралы бейнеролик көрсетіп жаттығу орындау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Сөйлеу барысында сөйлеу мәдениеті арқылы тыңдарманның назарын аудара алады, шығарманың құрылымын біледі, стилін жетілдіру үшін қателермен жұмыс жасай алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 4 минут 5 минут | Ширату жаттығуы (Ұ, МК) «Заряд алу» жаттығуы Оқушылардың барлығы шеңберге тұрып, қолдарынан ұстап, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады. Шеңбер бойындағы тұрған оқушылар саны аяқталғанша қолдарын қысу ретімен жалғаса береді. Жаттығу бастапқы бастаушыға жеткенде тоқтайды. Бастаушыға қанша заряд жібергені қайта оралып керек. Бастапқы білімді қайталау (Ө, Ұ). «Ашық микрофон» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталау. Қазақстанда табылған көне қалалардың орындары, көне жәдігерлер, археологиялық қазбалар туралы деректер жинастырып, әңгімелеу тапсырылады. Мұғалімнің бастапқы білімге байланысты сөз тіркестері жазылған парақтарды ұсынады. Сыныптан оқушылар қалауларынша микрофонды қолына алып, ұсынған тіркестердің біріне байланысты сұрақты ұжым ішінде кез-келген оқушыға қояды. Жауап беретін оқушы алдыңғы сабақта өткен мәтіндегі ақын туралы деректермен бөліседі. Үлгі сөздер мен сөз тіркестері: Көне қала, көне жәдігер, археологиялық қазба т.б. Оқу мақсатын хабарлау. Сынып бөлмесінде уақыт машинасымен саяхаттап бекеттерде тапсырмалары орындаймыз. Мақсатымыз, өлеңді өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып және түзетіп үйрену. Сынып бөлмесіне бірқатар бекеттер қойылу керек. Әр бекетте белгілі дереккөзімен жұмыс жасау ұсынылады. Әр топқа өз бекетіндегі дереккөздерді талқылауға 10 минут уақыт беріледі. Оқушыларға өз идеяларын флипчартқа немесе тақтаға жазу ұсынылады. Уақыт аяқталған соң келесі бекетке ауысады. Барлық топтар бекеттерді өтіп, ұсынылған түрлі дереккөздерден ақпарат алады. Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру. | Сағат моделі, сөздер Слайд №1-3 Қосымша №1 Слайд №4 Қосымша №2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7 минут 5 минут 3 минут 7 минут | 1-бекет (МК, Ө, Ж) «Уақыт машинасы» стратегиясы М.Ерімбетовтің «Құмыра» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға беріледі. Таңдауына қарай уақыт машинасы ұғымын қызықты етіп таныстыру және әрекетті жүргізу үшін белгі тірек сөздер пайдалану ұсынылады. Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтар қою тапсырылады. Жауаптарды тақтаға жазуды ұсынуға болады. Сұрақтар үлгісі: 1. Бала құмнан не тапты? 2. Ғалымдар құмыраны тапқан үшін білдірген алғыстары қандай болды? 3. Құмыраның табылған жерінде не болған екен? Сынып оқушылары тапсырманы жұппен орындауға болады. Орындауға 5-7 минут уақыт беріледі. Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай сұарқатрды құрастырып, оқиғаны әңгімелеу әртүрлі болатыны күтіледі. (ҚБ) Бағдаршам көздері арқылы бағалау. қызыл = түсінген жоқпын сары = әлі де дайындық қажет жасыл = барлығы түсінікті 2-бекет (Т, МК) «Сұрақтар аялдамасы» ойыны Оқылым дағдысының ақпаратты сызба түрінде беру мақсатына сәйкес әңгіме бойынша үш ашық сұрақ құрастырып жазу тапсырылады. «Құмыра» мәтінінің мазмұны бойынша үш аялдамаға «Неге? Неліктен? Қалай?» сұрақтар жазылған парақтар ілінеді. Топ ішінен бір оқушыға парақты алып сол сұрақтың қай аялдамасына барса, соны қатыстырып, мәтін мазмұнына сәйкес ашық сұрақ құрастыру ұсынылады. Реті:
Оқушылардың ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану дағдыларын дамыту көзделеді. Саралау. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішінде сұрақтар құрастыруда немес жауап беруде қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі. (ҚБ) «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады. 3-бекет (ЖЖ) «Қосжазба күнделігі» әдісі Оқушыларға мәтіннің мазмұнына байланысты Отырар қаласы туралы өздерінің пікірлерін жұптасып жазу ұсынылады. Оқушылар мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікірің жаза отырып, Көне қала туралы білетін мәліметтерімен толықтырады. Бұл жұмыс арқалы оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады. Жұптық жұмыстың барысында жазылған күнделікті келесі жұпқа өзара тексеруге ұсынуға болады. Саралау: Қарқын тәсілі арқылы. Қарқыны жылдам кейбір оқушыларға көне қалаларға байланысты қосымша деректер ұсынуға болады. Біршама уақытты талап ететін оқушыларға тапсырма терең түсіндіріледі. (ҚБ) Дескрипторлар бойынша бағалау. «Түрлі түсті жиектер» әдісі Оқушылар жазба жұмысын орындау барысында дәптер жиегіне түрлі түсті қарындашпен белгі салып отырады. Мағынасы: «қызыл – тексеріп, барлық қателерін түзетіңізші», «жасыл – барлық қателерді белгілеңізші, мен барлығын өзім түзетемін», «көк – қате санын көрсетіңізші, мен өзім тауып түзетемін», «қара – бұл жұмысқа баса назар аудармаңыз, мен оны асығыс орындадым» және т.б. | Слайд №5 Қосымша №3 Қосымша №4 Слайд №6 Слайд №7 Қосымша №5 түрлі түсті қарындаштар, түстің шартты белгілену кестесі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут 3 минут | 4-бекет (Т) «Постер қорғау». Әр топқа өлеңнің мазмұнына сүйене отырып, басқа да түрлі дереккөздерден ақпараттар қарастыру тапсырылады. Дереккөздерден алынған ақпараттары бойынша тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын постер түрінде жасау және қорғау ұсынылады. Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі. (ҚБ) «Кестеге бағалау». Топтағы жеке оқушыны бақылау үлгісі:
Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі арқылы бүгінгі сабаққа кері байланыс жүргізу. Үйге тапсырма: Қазақстанда табылған көне қалалардың орындары, көне жәдігерлер, археологиялық қазбалар туралы жинастырған деректерді зерделеп, әңгімелеу ұсынылады. | Слайд №8 Қосымша №6 «Бессаусақ» суреті,смай ликтер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1-тапсырма. Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай сұарқатрды құрастырып, оқиғаны әңгімелеу әртүрлі болатыны күтіледі. 2–тапсырмада Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішінде сұрақтар құрастыруда немес жауап беруде қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі. 3-тапсырма Қарқын тәсілі арқылы. Қарқыны жылдам кейбір оқушыларға көне қалаларға байланысты қосымша деректер ұсынуға болады. Біршама уақытты талап ететін оқушыларға тапсырма терең түсіндіріледі. 4–тапсырма. Диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі. | Дескрипторлар:
Бағалау әдістері. Бағдаршам көздері арқылы. Түрлі-түсті жиектер, т.б. | Интербелсенді тақтамен жұмысты орынды, тиімді қолдану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?