М.Мақатаевтің «Отан туралы». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлімі: Менің Отаным – Қазақстан Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Қарағанды қ. Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы: | 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу М.Мақатаевтің «Отан туралы» | |||||||||||
Оқу мақсаттары | 4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету; 4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау. | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: өлең мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табады және ақпаратты берілген кестеге салады, сөйлеу барысында иллюстрацияны қолдануды біледі. Көптеген оқушылар: алған ақпараты бойынша өздерінің таңдауларын негіздейді Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолдану себебін талқылайды, өз ойын дәлелдейді. | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Кеудемді жарып шық та. Бозторғайы бол оның шырылдаған! Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Өлеңнің ұнағанын қандай сөздерден байқауға болады? | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыстарды бір-біріне құрмет көрсетеді. Тапсырмаларды орындау арқылы еңбек пен шығармашылыққа баулу. Ұлттық мәдениетті, тарихты білуді және оны құрметтеуді насихаттау | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану пәнінен өз өлкелері жайлы алған ақпараттармен байланыстырады. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Қосымша материалдарды ақпараттар көзінен жинайды. | |||||||||||
Бастапқы білім | Дереккөздермен жұмыс жасай алады | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 0-5 минут | Ширату тапсырмасы. «Мозаика» әдісі арқылы топқа бөлу.
«Сұрақ менен, жауап сенен»
Сабақ мақсаты: Олай болса, біздің бүгінгі сабағымызда өлеңнің мазмұнына сәйкес әдеби кітаптардан ақпаратты тауып және ақпаратты берілген кестеге салып және сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолдануды үйренеміз. Бағалау критерийімен таныстыру. | Слайд № 4 Слайд № 2, 3 | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5-11 минут 12-21 минут 22-29 минут 30-36 минут | 1-тапсырма (ЖЖ, Ө) «Екі мәлімет» әдісі Суретте не бейнеленген? Ол жайлы не білесің?
5. Жұптарды тыңдап, жетістіктері бағаланады. Саралау: Қабілеті төмен оқушылардан сурет бойынша не ойлайтыны сұралады. Ал қабілетті оқушылардан қосымша мәліметтер бойынша тұжырымдай білуге ынталандырылады. Б: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай – ұнады Басбармақ көлденең – орташа Басбармақ төмен қарай – ұнаған жоқ 2- тапсырма (Ө,Ұ) «Отан туралы» М.Мақатаевтің өлеңін оқу тапсырлады.
3.Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін өлең бойынша сұрақтар қойылады.
Саралау: Қабілеті төмен оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек беріледі. Б: «Ауызша кері байланыс» «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». 3-тапсырма (Т,ЖЖ) «А,В,С» әдісі арқылы Өз өлкең туралы қосымша ақпараттар жинау тапсырмасы беріледі. 1. «Өлкетану» туралы ақпараттары бар қосымша журналдар, кітаптар, интернет материалдар таратылады 2. Оқушылар топта үшеуден отырады. А — дереккөзден ақпаратты табады, В – Ақпаратты оқып, жазуға дайындайды, С — ақпаратты жинақтап жазады. Саралау: Рөлдер оқушылардың қабілетіне қарай бөлінеді және әр рөл бойынша есеп беру мүмкіндіктері ескеріледі. Б: «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін 4-тапсырма (Т,ЖЖ) Кестені толтыр. 1. Оқушылар дереккөзден жинаған материалдары бойынша кестені толтырады. Кестедегі мәліметтер оқушылардың тапқан ақпараттарына қарай ауысады.
2. Кестені толтырып болғаннан кейін оқушылар өз жұмыстарын қорғайды. 3. Олар кестенің мазмұнын талқылайды, өзара бағалайды. 4. Бағалау аяқталғаннан кейін, кестелер сынып қабырғаларына ілінеді. Оқушылар қосымша ақпараттармен танысады. Саралау: Қабілеті төмен оқушылар дереккөздерді қарап 1-2 ақпарат алуына қолдау көрсетіледі, ал кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. Б:"Табыс сатысы" әдісі арқылы оқушылар тақырыпты түсінгені бойынша қай сатыда тұрғаның белгілейді. | флипчарт қағаз, маркер Слайд № 5 Қосымша № 2, 3 Слайд № 6 Қосымша № 1 Слайд № 7 Слайд № 8 Қосымша № 4 | ||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 минут | Рефлексия «Кубик» (ҰЖ) Әр жағына әр түрлі сұрақ жазылған жеңіл кубикті мұғалім оқушыларға лақтырады. Қағып алған оқушы өзіне қарап тұрған жағындағы сұрақ бойынша жауап беріп кері байланыс жасайды. -Бүгінгі сабақтан алған 3 қызықты ақпаратты ата. -2 есте сақтайтын нәрсені ата. -Сен үшін қиындық тудырған не? -Қай тапсырма саған ұнады? -Сабаққа байланысты бір сұрақ. -Келесі сабақтан не үйренгің келеді? | Слайд № 9 Қосымша № | ||||||||||
Саралау: Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өзі өзертіп отыруы қажет. | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
1 тапсырма – «Дереккөздер арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушылардан сурет бойынша не ойлайтыны сұралады. Ал қабілетті оқушылардан қосымша мәліметтер бойынша тұжырымдай білуге ынталандырылады. 2 тапсырма – «Диалог және қолдау көрсету. Қабілеті төмен оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек беріледі. 3 тапсырма – «Тапсырма арқылы саралау». Оқушыларға рөлдер қабілетінің ерекшелігіне қарай бөлінеді және әр рөлдері бойынша есеп беру мүмкіндіктері ескеріледі. 4 тапсырма – «Дереккөз» арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушылар дереккөздерді қарап 1-2 ақпарат алуына қолдау көрсетіледі, ал кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. | Дескриптор
|
| ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Бүгін сабақтың мақсатына жете білдік пе? Оқушылар не білді? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? | ||||||||||||
Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?