Ән өнері «Аққұс туралы аңыз» Оразбек Бодықов. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Өнер Сынып: 3 | Мектеп: Астана қаласы, №68 жалпы білім беретін орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Ән өнері «Аққұс туралы аңыз» Оразбек Бодықов | |||||
Оқу мақсаттары | 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау 3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсінеді, құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратады Көпшілік оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтайды, кейіпкерлерге мінездеме бере алады; Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс- әрекетінің, мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтайды, дәлелдер келтіріп бағалайды, өз ойын айтып, қорытынды жасайды. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тірек сөздер | Тау мүлгіп,көл тынып, аспан егіледі | |||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. Адамгершілік, алған білімді қолдана білу, еңбексүйгіштік қасиеттерді насихаттау | |||||
Пәнаралық байланыстар | Кейіпкерлер арасындағы диалог арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||
Алдыңғы білімді игеру | Мәтінді дауыстап, түсініп оқиды, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын біледі, кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 1-7 минут | Ширату Құлақтан кіріп, бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй Топқа бөлу «Түс таңдау» әдісі Сары, көк, жасыл, қызыл-4 топ құру Сурет бойынша болжам жаса
Тақырыпқа болжам жасайды. Мәтінмен жұмыс - Тірек сөздер құру 3 мин Мәтінді орындамас бұрын сурет бойынша өтетін сабаққа болжам жасайды.Суретке қарап өз ойларын айтады | Қосымша 1 https://www.google.com/search?q=детские+картинки Қосымша 2 Слайд №1-4 | ||||
Сабақтың ортасы 8-22минут
23-27 минут 28-32 минут 33-36минут | 1-тапсырма (Т,Ұ) «Әдеби шеңбер» әдісі 1-топ Белгілеуші Мәтінге көз жүгіртіп, әңгіменің жалпы тақырыбы мен маңызына қатысты 3 немесе 4 маңызды бөліктерін белгілейді. Олар қызықты, күлкілі, ой тудырарлық болуы мүмкін. Бөліктерді өз топтарында дауыстап оқиды және олардың маңыздылығын талқылайды. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды Оқиғаның басталуы: Жалғасуы: Аяқталуы: 2-топ Байланыстырушы Мәтін мен шынайы өмір арасындағы 2 немесе 3 байланысты анықтайды. Бұл оқиғаларға өзінің жеке өмірінен, мектепте болып жатқан іс-шаралардан, басқа адамдар өмірінен, күнделікті жаңалық тақырыптарынан немесе тіпті теледидар бағдарламаларынан алынған оқиғалар жатуы мүмкін. Оларды тізіп жазады, тобымен пікір алмасады және сынып алдында жұмысын қорғайды. 3-топ Қорытындылаушы Мәтіннің мазмұнын қорытындылайды, шығарма композициясына тоқталады және шығарманың маңызды жерлерін атап өтеді. 4-топ Суреттеуші Мәтінге қатысты нақты немесе абстрактілі сурет салады. Сурет салу қабілеті бұл жерде басты емес; мәтіннің басты оқиғасын немесе кейіпкерін суреттеп жеткізе алуы маңызды. Мультфильм бейнелерін, диаграмма,сызбанұсқа, кесте арқылы беруге де болады. Саралау: Топта ой бөлісіп, ойларын ортаға салып, ортақ шешімге келеді.Көмек қажет ететін оқушыларға қосымша уақыт беріледі ҚБ «Бір- бірін бағалау» Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды 2-тапсырма (Т,ЖЖ) Ой қозғау” әдiсi: Топтарға: 1.Шәмші Қалдаяқов кім? 2. Оның қандай әндерін білесің? 3.Халық композиторды неліктен жақсы көреді? 4.Өз сөзіңді «Шәмшінің әндері мәңгі жасайды. Ән де, әнші де туған еліне құс сияқты қалықтап,биікке ұша береді» деген пафоспен аяқта Әншінің бір әнін орындау Саралау:Баланың тәжiрибесiне сүйене отырып, жеке, топтық және ұжымдық талқылау арқылы берiлген тақырып мазмұнымен өз бетiнше жұмыс жасауына бағыттап, қызығушылықты ояту ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек» 3-тапсырма (Т,Ұ) “Вен диаграммасы” әдiсi Әннің құдіреті Ұқсастығы Күйдің құдіреті Саралау Екi нәрсенi, екi мәселенi қиылысқан екi шеңбердi сызбамен салыстыруға бағытталған, мағынаны тануға арналған ҚБ «Бас бармақ» Оқушылар мәтінді оқып болған соң, қаншалықты түсінгендерін бағалау. 4-тапсырма (Ж)"Шың" әдісі Пайдаланатын мақсаты: шығарма кейіпкерлеріне талдау жасауға, мінездеме беруге арналған. Орындау барысы: Әр оқушының дәптерінде шыңырауға апаратын жолаяғы бар Биік Шыңның суреті салынады. Шыңырау – жаман адам/кейіпкер, ал Биік шың – мінсіз адам/кейіпкер болып табылады. Өтіліп жатқан шығарманың кейіпкердің орнын осы суретте нүкте арқылы белгілеу керек. Дәптерге тапсырманы орындайды. Шығарманың бірнеше кейіпкерін алатын орны, маңыздылығына қарай шың басына не шыңырауға орналастыруға болады. Саралау: Шығармадағы кейіпкерлердің алатын орны, маңыздылығына қарай орналастыру жұмысында барлық оқушыға бағытталған нұсқау бере отырып, не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу. ҚБ «Смайликтер» | Түрлі-түсті маркерлер, стикерлер Слайд №5 Оқулық 19-20беттер
Қосымша 3 Қосымша 4 Слайд №6 . Қосымша 5 Слайд №7 | ||||
Сабақтың соңы 37-40 минут | “Пайымдау сұрақтары” әдісі: Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды: Сабақта не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер т.с.с. Бір сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін. | |||||
1-тапсырмада Топта ой бөлісіп, ойларын ортаға салып, ортақ шешімге келеді.Көмек қажет ететін оқушыларға қосымша уақыт беріледі 2-тапсырмада Баланың тәжiрибесiне сүйене отырып, жеке, топтық және ұжымдық талқылау арқылы берiлген тақырып мазмұнымен өз бетiнше жұмыс жасауына бағыттап, қызығушылықты ояту 3-тапсырмада Екi нәрсенi, екi мәселенi қиылысқан екi шеңбердi сызбамен салыстыруға бағытталған, мағынаны тануға арналған 4-тапсырмада Шығармадағы кейіпкерлердің алатын орны, маңыздылығына қарай орналастыру жұмысында барлық оқушыға бағытталған нұсқау бере отырып, не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу. | Бағалау «Бір- бірін бағалау» әдісі «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі «Бас бармақ» әдісі «Смайликтер» әдісі Дескриптор -Мәтінді түсініп оқиды - Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды -Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды; -Кейіпкерлердің іс-әрекетіне қатысты өз көзқарасын білдіреді. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Топ ережесін сақтау ескеріледі | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?