Жануарлар туралы тағы не білеміз. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:әдебиеттік оқу

Бөлім: Қоршаған ортаны қорғау

Сынып :4

Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы №76 мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Саирова Б.Б.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жануарлар туралы тағы не білеміз?

Сабақ түрі

Жаңа сабақты меңгерту сабағы

Оқу мақсаттары

4.2.2.1 шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру;

4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: бағалауға негізделген сұрақтарға жауап бере алады. Мәтінге кейіпкерлер қосып, жаңа сюжет енгізе алады.

Көпшілік оқушылар: тақырыпқа қатысты интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қоя және жауап бере алады, жаңа оқиғалар енгізіп өз ойын жазады.

Кейбір оқушылар: интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қояды, сұраққа дәлелмен жауап береді, өз ойын қорытындалайды, жаңа сюжет қосып қосып, қатесіз жазады.

Бағалау критерийлері

-бағалауға негізделген сұрақтар құрастырады және жауап береді;

-мәтінге кейіпкерлер қосып, жаңа сюжет енгізеді;

-өз ойын қатесіз жазады.

 Тілдік мақсаттар:

 Оқушылар:

Жануарлар тіршілігін , олардың іс-әрекеттерін сипаттайды.

Пәндік лексика және терминология: жануарлар, тіршілік, аю, ара.

Диалог/жазылымға арналған сөз тіркестері:

Қызыл кітап не үшін қажет?

Қолданылатын ресурстар

маркер, белгілер , слайд, суреттер, көңіл-күйлер термометрі;

Бағалау критерийі

Мәтіннің негізгі ойын деректер келтіре отырып дәлелдейді; Кейіпкердің іс әрекетін бағалайды;

Құндылықтар

Табиғатты қорғауға, оған және оның жан-жануар әлеміне зиян тигізбеуге баулу.

Бастапқы білім

Аю түрлерін біледі. Омарташы сөзінің мағынасын түсіндіре алады.

АКТ

Ноутбук, теледидар, Bilimlend, интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, жаратылыстану

Сабақ

кезеңдері

Жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І.Ұйымдастыру

-Қайырлы күн! қымбатты оқушылар!Алдымен біраз жұмбақтар шешейік.

1.Жұмбақ шешу

Үстінен тоны түспеген, Тәтті көрсе бас салар,Сонда да араз қыспенен.  (Аю) Айнымайды баладан. (аю)

2.Проблемалық сұрақ.

Мұғалім: Тамаша! Шешкен жұмбақтарымыз не жайында болды? Неліктен?

-Бүгінгі сабағымыз аю туралы болады деп ойлаймын.

Мұғалім: Ал, аюлар қайда тіршілік етеді?

- Орманда

Мұғалім: Дұрыс айтасыздар! Ендеше оқулығымызды ашып, тақырыпты оқиық.

- Жануарлар туралы тағы не білеміз?

3.Пікір алмасу

Мұғалім: Біз қандай жануарлар тіршілігімен таныспыз?

-Мұхиттағы жануарлар

-Көлдегі, өзендегі балықтар

-Құстар

Мұғалім: Бүгін аюдың тыныс-тіршілігімен танысамыз.

Мұғалім: Ал, сабағымыздың мақсаты қандай болмақ?

- Бағалауға негізделген сұрақтарға жауап беремін.

- Мәтінге кейіпкерлер қосып, жаңа оқиға енгіземін.

Бағалау критерийлерімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.

Слайд 1

Слайд 2

Слайд 3

Сабақтың ортасы

27 минут

Bilimlend . Дүниетану.Жануарлардың тіршілігі.№34 Жабайы жануарлар

- Мұғалім: Балалар, мына фильмге мұқият қарайық. Келесі тапсырмаға жауап іздеуге, табуға қажет болады.

Сипатта

Дескриптор:

  • Оқушылар бұл аюлар қай мультфильмнен екенін естеріне түсіреді.
  • Мультфильмдегі, ертегідегі аюлардың мінез- құлықтарын сипаттайды.

ҚБ: «Бас бармақ»

Топтық жұмыс. «Венн диаграммасын» пайдаланаып, салыстыр

өмірдегі аю кинодағы аю

Дескриптор:

- өмірдегі аюдың мінез-құлқын , түр-сипатына;

- кинодағы аюдың мінез-құлқын , түр-сипатын жазады;

ҚБ: «Бас бармақ»

Сторителлинг «Аю»

Мұғалім: Аюлар (лат. Ursidae) — жыртқыштар отрядына жататын сүтқоректі аң тұқымдасы.

Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа (қалың жүнінен көрінбейді). Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген. Қазір олардың ақ аю, ақтөсті аю, қоңыр аю, барибал, ерінді аю, малай аюы, көзілдірікті аю және үлкен панда деген 8 түрі кездеседі. Ақ аю Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген (1976 жылы). Ал Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларында аюдың 2 түр тармағы (қоңыр аю, Тянь-Шань қоңыр аюы) мекендейді. Қоңыр аюдың дене тұрқы 2 м-дей, салмағы 150 – 200 кг-дай, түсі қоңыр, қара қоңыр болады. Өзінің мінез құлқы жағынан бейқам, момын, қорқақтау келеді, орман ішінде адам көзіне көрінбейді. Ол адамның өмірі үшін қауіпті емес. Қорек талғамайды. 2 – 4 қонжық табады. Қаңтар, ақпан айларында жаңа туған қонжығының салмағы 300 – 600 г болады. Енесінің сүтімен 4,5 – 5,5 айға жуық қоректенеді, бір-екі жыл енесімен бірге жүреді. Аюлар 30 – 40 жылдай тіршілік етеді, қысқа қарай ұйқыға кетеді. Аю – бағалы аң. Ол майы және шипалық қасиеті бар өті үшін ауланады.. Бал омартасына түсуді жақсы көреді. Қазір оларды аулауға тыйым салынған

«Ахмет мерген» әңгімесін түсініп оқы.

Мұғалім:

* Мәтінді тізбектеп мәнерлеп оқып шығамыз.

* Түсініксіз сөздер кездессе астын қарындашпен сызамыз.

Мұғалім: Қандай түсініксіз сөздер кездесті?

(Ж) Сөздік жұмыс / Дәптерге жазады/

Әлет – жер атауы..

Дөңбек – жуан ағаш кесіндісі

Құланиектену – таң ата бастау

Ойлан

- Ахмет қоңыр аюды неге атқызбады?

- Ахметтің мергендігі оқиғаның қай сәтінде көрінді?

(ЖЖ) Мәтіндегі негізгі ойды түсіндіріңдер.

  • Өлтірмеу керек. Сол маңайға келмейтіндей етіп қорқыту керек.

Дескриптор:

-Мәтіндегі негізгі ойды түсіндір.

- Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ: «Бас бармақ»

Білгенге маржан

Мұғалім: Балауыз – араның безінен бөлінетін зат. Адамдар ежелден оны шырақ жасауға қолданған.

Анықта

Мұғалім: Аюға тән сипаттау сөздерді тап.

а) ақырды, қорбаңдады, талтаңдай жүгірді;

ә) ұлыды, ысқырды, ырғып кетті.

ҚБ: Өзін – өзі бағалау.

Сергіту

Мұғалім: Осы сөздерді қимыл-қозғалыспен көрсету

1-қатар. Ақырады

2-қатар. Қорбаңдайды

3-қатар. Талтаңдай орнында жүгіреді.

ҚБ: «Ду қол шапалақ»

Шығармашылық жұмыс /«Әдебиет үйірмесі» әдісі

  • оқушы – Баяндап беруші. Мәтіндегі оқиғаның мазмұнын айтады

ІІ оқушы – Зерттеуші. Кейіпкерлерге мінездеме береді.

ІІІ оқушы – Сұрақ құрастырушы.Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды.

ІҮ оқушы – Бейнелеуші, суреттеуші. Мазмұнына сай сурет салады.

Ү оқушы – Өмірмен байланыстырушы. Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады

ҮІ оқушы- Өзгертушілер. Ахметтің орнына араларды қойып, оқиғаны ертегі түрінде әңгімелейді.

Дескриптор:

-мәтін мазмұнын айтады;

-бағалау сұрақтарын құрастырады;

-мазмұны бойынша сурет салады;

-өмірмен байланыстырып, мақал – мәтел айтады;

-ертегіге айналдырады.

https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/zhanuarlardyng-tirshiligi/lesson/zhabajy-zhane-uj-zhanuarlary

https://youtu.b/o6wdh1KZeW0

https://ok.ru/video/2190872225

Слайд 4

Әртүрлі балаларға арналған энциклопедиялар: «Ол кім? Бұл не?», «Сұрақ», «Оқушыларға арналған анықтамалықтар» т.б.

Слайд 5

Уикипедиядан алынды.

Слайд 6

Мұғалім өз таңдауы бойынша пайдаланады.

Барлық материал уикипедиядан алынды.

Слайд 7

Слайд 7

Слайд 7

суреттер

Слайд 8

Слайд 8

Сабақтың соңы

5 минут

Шығармашылық жұмыс №2 жұмыс дәптерінің 25 бетіндегі тапсырма

Мұғалім:

  • Сөйлемдердегі теңеу сөздердің астын сыз.

Ауыр дөңбек мойнындағы тұзақты жұла тартып, аюдың өзін қалпақтай ұшырды.

Аю атып тұрып, дөңбекке өшіге ұмтылып, тағы да лақтырды. Өзі де мұрттай ұшты. Домбыраның ішегіндей керіліп тұрған арқанды оқ қиып өтті.

  • Ахмет мерген қандай адам? Қысқаша жаз.

Ахмет мерген жер жағдайын жақсы біледі. Сары аюдың адамға шабатынын, ал қоңыр аюдың зиянсыз, момын екенін зерттеп, біліп алған.Аюды атудың обал екенін айтты. Яғни жақсы адам.

  • Мәтіннен Құсақ өзенін сипаттайтын сөйлемді тауып, жаз.

Құсақ өзенінің бұл тұстағы ағыны қатты, жағасы тік. дөңбекті суға атып жібергенде өзі де бірге құлап түсті. Су ағызған аюды тұзақ буындырып, жағаға шығуға ерік бермейді.

   Аю жағаға тартса, дөңбек ағыс бойымен төмен тартады. Аю судан шығып тұрған бір жұмыр тасқа жармасты. Бірақ күшті ағысқа түскен дөңбек тұзақты жұлқи тартқанда жылтыр тастан аюдың табаны тайып кетті. Бір тасқа тағы жармасты. Төрттағандап, тастың өр жағында тырмысып тұр. Ағын жұлқыған дөңбек аюды мойнынан қылғындыра тартады.Дескриптор:

- Сөйлемдердегі теңеу сөздердің астын сызады.

- Ахмет мерген қандай адам екенін қысқаша жазады.

- Құсақ өзенін сипаттайтын сөйлемді тауып,жазады.

ІІ. Мәтін мазмұнын еске түсір. Әңгімеге бір оқиға қосып жаз. Тапсырма оқушыларға ұсынылады. Кейбір оқушылар дәптердегі тапсырманы орындаса, кейбіреуі өз бетімен әңгімеге оқиға қосып жазуы мүмкін.

Қорытындыла

Мұғалім: Жазушы суреттеген оқиғадан қандай ой түйдің?

- Аюларды қорғау үшін;

- Аюларды азайып кетуден сақтау үшін;

- Аюлар жойылып кетпеу үшін;

- Аюлардың бар болғаны адамға қажет;

-Егер аю зиянын тигізсе, оны қорқыту керек; т.б.

Слайд 10

Слайд 11

Рефлексия

  • Минут

Мұғалім: сонымен, бүгінгі мақсатымыз орындалды ма?

«Бес саусақ» әдісі

1.Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

2.Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

3.Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4.Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5.Кішкентай бөбек-көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім

https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/zhanuarlardyng-tirshiligi/lesson/zhabajy-zhane-uj-zhanuarlary

Интербелсенді тақтада тексереміз

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Бағалау парақтарымен

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері,қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу