Суды қалай ішеді. «Жануарлар суды қалай ішеді?» С. Боранбаев. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су- тіршілік көзі

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласындағы Халықаралық мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Ещанова Б.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Суды қалай ішеді. «Жануарлар суды қалай ішеді?»

С. Боранбаев.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау.

3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу

Сабақ мақсаттары

  • Мәтінді түсініп оқиды;
  • Өлеңді өз сөзімен мазмұндайды;
  • Қажетті ақпаратты табады;

Бағалау критерийлері

  • Өлеңді мәнерлеп оқып, жоспар құрады;
  • Қажетті ақпаратты тауып, мәтінді сахналайды/ түртіп алады/ өлең жолдарын мәтін түріне өзгертеді;
  • «Пайдалы сусындар» тақырыбында постер дайындады.

Тірек сөздер

Мәтін мазмұны бойынша тұнық (таза, мөлдір), талғампаз (таңдап ішу), демде (жылдам, тез), нық (нақты), жанасып (жақынтау, тию), көлгірсіп (, білгірсіп, сіміріп (тоқтамастан ішу), ұшып-қону (ұшқалақ) сөздерінің мағынасы түсініксіз болу мүмкін.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақта оқушылар малды құрметтеу, қамқорлық жасау құндылығы жайлы түсінік алады.

Пәнаралық байланыстар

Жануарлардың тіршілігін талдау барысында дүниетану пәнімен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

http://www.rosbalt.ru/like/2017/05/12/1614623.html

Алдыңғы білімді игерулері

Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау біледі.

Шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқи алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 мин

Ширату тапсырмасы

http://www.rosbalt.ru/like/2017/05/12/1614623.html

-Бейне материалдан не көрдіңдер?

-Шыбындар суды қалай ішеді?

-Тауық, торғайлар суды қалай ішеді екен?

-Сиыр мен есек суды қалай ішті?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийлері оқушылармен бірлесе құрастырылады немесе мұғалім өзі айтады.

Слайд №1-4

Сабақтың ортасы

6-10 минут

11- 20 минут

21-35 минут

1-тапсырма

(ЖЖ, Ұ) «Жануарлар суды қалай ішеді?»

С. Боранбаевтің мәтінін түсініп оқиды және жұпта мәнерлеп оқиды. Сыныппен бірлесіп мәтінге жоспар құрастырады.

Үлгі:

  • Жылқының су ішу ерекшелігі.
  • Қой мен ешкінің су ішу ерекшеліктері.
  • Түйенің су ішу ерекшелігі.
  • Сиырдың су ішу ерекшелігі.
  • Ит пен мысықтың су ішу ерекшеліктері.

(Б) дескрипторы:

- мәтінді түсініп оқыды;

- мәтін мазмұнына сәйкес жоспар құрды;

- жоспар бойынша әңгімеледі;

Топтасу Санау арқылы оқушыларды 3 топқа біріктіру.

2 –тапсырма

) 1 топ: «Драма әдісі» арқылы мәтін кейіпкеріне енеді. 1, 2, 3 «кейіпкер кейпіне түс» деген команда арқылы оқушы кейіпкер кейпіне түсіп, қатып қалады. Басқа топ оқушылары кез келген оқушыны «оятып», неліктен сол кейіпкерді таңдаған себебін сұрайды. Оқушы өзі таңдаған кейіпткер туралы мәтінге сәйкес әңгімелейді.

2-топ: жауарлардың су ішу ерекшеліктерін түртіп жазып алады, өлең жолдарын өз сөзімен толық мәтін түрінде өзгертіп жазады;

Үлгі:

Жылқы

-Жан-жағына елеңдеп,

Үзіп-үзіп ішеді.

Тұнық суға тереңдеп,

Жүзіп-жүзіп ішеді.

Себебі не сондағы?

-Тым талғампаз болғаны.

Жылқы

Жылқы су ішерде жан-жағына қарап, мөлдір, таза суды ішеді. Лай су ішпейді. Ол суды өзеннің ортасына дейін жүзіп барып ішеді. Себебі ол суды таңдап ішеді.

3-топ: «Хайку» әдісі арқылы өлең жолын түсіндірмей, сезіммен (қимылмен) айтып жеткізу.

Үлгі:

1 жолы

«Мен көрдім» нені?

Мен түйені көрдім.

2 жолы

Қандай және не істеді?

Сабырлы, су ішті.

3 жолы

Қалай?

Асықпай, тұрып-тұрып ішті.

(Б) «Басбармақ» әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды.

3- тапсырма

(Т) «Пайдалы сусындар» тақырыбында таныстырылым дайындайды (постер).

Уақыт аяқталғанда топтар «Галлереяны шарлау» әдісі арқылы өзара жұмыстарын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалап, басқа түсті маркермен толықтырады.

Саралау: топтарға қажет болған жағдайда мұғалімнің қолдауы көрсетіледі.

(Б) «Галереяны шарлау» әдісі арқылы, «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы бағалайды.

Оқулық, 88-90 беттер

Слайд №5

Қосымша 1,2

Слайд №6-7

Слайд №8

Сабақтың соңы

37-40 мин

Рефлексия

«Анкета» әдісі

Сабақта мен

белсенді/ енжар болдым

Өз жұмысыма

қанағаттанамын/ қанағаттанбаймын

Сабақ маған

ұзақ/қысқа болып көрінді

Сабақта мен

шаршадым/ шарашамадым

Менің көңіл-күйім

көтерілді/ түсті

Сабақ материалы мен үшін

Қызықты/ қызықсыз

Түсінікті/түсініксіз

Пайдалы/пайдасыз

Үй тапсырмасы маған

Оңай/қиын болып көрінеді

Үйге тапсырмасы ретінде сүйікті сусыны туралы өлең құрастырып келуді ұсынуға болады немесе ұлттық сусындарға жарнама құрастыруды ұсынуға болады.

Слайд №9

Қосымша 3

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

3 тапсырмада саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

«Басбармақ» әдісі, «Галереяны шарлау» әдісі арқылы, «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы бағаланады.

(Б) дескрипторы:

- мәтінді түсініп оқыды;

- мәтін мазмұнына сәйкес жоспар құрды;

- жоспар бойынша әңгімеледі;

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу