Жұматай Жақыпбаев. «Бейбітшілік болса». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер.

Сабақ тақырыбы: Жұматай Жақыпбаев. «Бейбітшілік болса»

Оқу мақсаттары: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді анықтау

3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтайды, шағырма тақырыбына сәйкес сұрақтар қояды және жауап береді.

Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбын, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды, сұрақтар құрастырады және жауап береді.

Кейбір оқушылар: мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді анықтайды, тақырыпқа сәйкес сұрақтар құрастырады.

Бағалау критерийлері:

  • мәтін мазмұны бойынша қолдануға негізделген сұрақтар құрастырады;
  • сұрақтарға толық жауап береді.
  • мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді анықтайды.

І. Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы

(ҰЖ) (оқушылар бір-біріне қарап тұрып, осы өлең шумағын оқиды)

Халықтар өмірді құрайды,

Әділет ұранын қолдайды.

Шырқаңдар, кел достар, әр елде,

Бейбіт күн жасасын әлемде!

Түрткі сұрақтар қою

-балалар осы өлең жолдарында не туралы айтылған?

(бейбіт, өмір, достық)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру;

Бағалау критерийлерімен таныстыру.

ІІ. Сабақтың ортасы

Топқа бөліну. «Мозайка» әдісі Мерекелер тақырыбы жазылған қағаз қиындылары шашылады. Тақырыпқа сәйкес әр мерекенің суреттері жанында мозайка қиындылары ретінде беріледі. Оқушылар алған қиындылары арқылы мозайка құрастыру керек. Құрастырғанда жинақталған суреттер бойынша топтасып отырады.

(Т) «Әдебиет лотосы» әдісі Мақсаты: білген мәліметтерін кестеге толтыру. Белгілі бір уақыт ішінде кесте толтырылуы керек. Тапсырма: балалар Ұлы Отан соғысы туралы білген мәліметтерін ортаға салады.

Жеңіс қай күні тойланады?

Ұлы отан соғысы қай жылдары болды?

Отан, бейбіт өмір жайлы мақал-мәтел жаз.

Тыңдалым

  • Тыңда. Бейбіт күн, бейбітшілік сөздерінің мағынасын біліп ал.
  • Жұматай Жақыпбаевтың «Бейбітшілк болса» өлеңімен танысамыз. Өлеңді тыңдату.

Жетелеуші сұрақтар

  • Өлеңнің мағынасы не туралы?
  • Бейбіт күн, бейбітшілік.
  • Біздерге бейбіт өмірді кімдер сыйлады?
  • Аталарымыз
  • Араларыңда кімнің атасы Ұлы отан соғысына қатысқан? (оқушылар ойын тыңдау)

(ТЖ) «Еркін микрофон» әдісі . Топ алдына «Менің атам –ардагер» атты мәтін таратылады. Оқиды.5 сұрақ дайындайды.Әр топтан тілші тағайындалады. Бір топ, келесі топтан сұхбат алуға шығады.

Тапсырма

Мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемді тауып, көшіріп жаз.

Мәтін. Менің атам- ардагер.

 Менің атам-соғысқа қатысқан адам. Ол бір мың тоғыз жүз отыз тоғызыншы жылы Шымбай қаласынан әскери қызметке алынған. Ол әскери қызметте жүрген кезінде екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті. Атам үш рет жараланған. Үшінші рет ауыр жараланып емхананаға түскен. Ол кісінің соғыста алған ордендері мен медальдері көп. Мен атамды мақтан етемін.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға көмектеседі. Топта тапсырманы бірлесіп орындайды.

(ҚБ) Дескриптор:

- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

-мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді анықтайды;

Бағалау: «Басбармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалау. Кері байланыс ұсыну.

Сергіту сәті. «Әрқашан күн сөнбесін» әні (Көңілді музыка қойылып , тақтадан сөзі шығып тұрады)

(ЖЖ) «Ара ұясы» техникасы

Тапсырма: Мұғалім жұптағы оқушыларға өлең мазмұнына сәйкес бейбіт күн сыйлаған ата- аналарға арнап, алғыс хат дайындауын ұсынады. Алғыс хат дайындап болған соң бір- біріне мазмұны бойынша сұрақ қояды. Жауап береді.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі.

Тапсырма оқушылардың барлығына ұсынылады. Тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады.

(ҚБ) Дескриптор:

-мәтін мазмұны бойынша қолдануға негізделген сұрақтар құрастырады;

-мәтін бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қояды;

- сұрақтарға толық жауап береді.

Бағалау: оқушылар бір-бірін «Бағдаршам» арқылы бағалайды.

ІІІ. Сабақтың соңы

Рефлексия. Балалар, алдарында дайын тұрған түймедақтың бір-бір гүліне сабақтан алған пікірін жазады. Түймедаққа жапсырады.

-Мен бүгінгі сабақта ....... түсіндім. Себебі.....

-Мен бүгінгі сабақты түсінбедім. Себебі....

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіріп бере алады.

[attachment=26309:nsauly-bejbitshilik-bolsa-zh_-zhaypbaev.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу