Мерген қыз. Сағи Жиенбаев «Әлия». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г. А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мерген қыз

Сағи Жиенбаев «Әлия»

Оқу мақсаттары

3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету.

Сабақ мақсаттары

Барлық: шығарманы түсініп оқиды, өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Көптеген оқушылар: кейіпкерді сипаттауда мақал-мәтелдерді , вербальды емес тілдік құралдарды қолданады;

Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында нақыл сөздерді қолданады, шығарманың құрылымын жетілдіреді, орфографиялық, пунктуациялық қателерін түзетеді.

Бағалау критерийлері

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;
  • жазба жұмысының стильдік қателерін түзетеді;
  • сауатты, қатесіз жазады.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Мәтінді түсініп оқиды. Көркем сөздерді орынды қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Бөлік, тақырып, негізгі ой, пулемет, зеңбіректер, пилоткалы қыз, қаһар тігіп, өлім қаупі, жасымаған.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Әлияны батыр дейміз , себебі ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған.

Пәнаралық байланыстар

Соғыс туралы әңгімелеп айту барысында дүниетану пәнімен байланыс жасалдаы, есту арқылы кейіпкерді туралы қатесіз жаза алуы қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болды.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Оқушылар 2-сыныпта батыр тұлғалар туралы бірнеше тақырыптарды қарастырған болатын. Оқушылар, батыр тұлғалар туралы біледі. Бар білімді белсенді ету оқушылар суреттерді пайдаланып, оларды салыстыратын топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4 минут

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды «Атомдар және молекулалар» ойыны арқылы 3 топқа біріктіреміз.

І, ІҮ топ: Батыр

ІІ, Ү топ: Ержүрек

ІІІ,ҮІ топ: Қайсар

«Тізімін жаса» әдісімен «Отанды қорғау» дегенді қалай түсінесің? сұрағына ой жазады.

1. Оқушылар 6 адамнан топтарға бірігеді.

2. Әр топта өз топ мүшелерінен сұраққа жауап беретін жүргізушіні таңдайды.

3. Топ оқушылары өздерінің тізімдерін құрастырып, оны жүргізушіге береді. Ол жауаптарды біріктіріп, сол топ бойынша тізімді оқиды.

4. Топтардың жұмыстары тыңдалып, жетістіктері бағаланады.

Б: Жарайсыңдар!

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

Батыр, Ержүрек, Қайсар деп жазылған парақшалар интербелсенді тақта

Қосымша 1,2

Слайд 1,2,3

Сабақтың ортасы

5-8 минут

9-13 минут

14-25 минут

26-30 минут

31-36 минут

  • 1-тапсырма

(МК, Ө) Ойлан, жұптас, бөліс әдісі арқылы «Мерген, батыр қыз, ерлік» туралы ойларын ортаға салады.

1.Ойлан. Оқушылар сөз тіркестері бойынша жеке ойланады.

2. Жұптас. Жұбына өз ойын айтады.

3.Бөліс. Жұптар ақылдасып өз ойларын ортаға салады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) «Мадақтау» Жарайсыңдар! Тамаша! Сен тамаша ой айттың! т.б.

2-тапсырма

(МК, ЖЖ) автор Сағи Жиенбаев туралы түрлі дереккөздерге сүйеніп кестені толтырады.

Үлгі:

Қосымша ақпарат: Сағи Жиенбаев (1934–1994) - 15 мамырда Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылында дүниеге келген  1955 жылы Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтты бітіргеннен кейін, Жезқазған кенішінде мұғалім болып қызмет істеді. Сол кездері өлеңдері республикалық баспасөзде жариялана бастады. 

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) «Табыс ағашы» әдісі

Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедіңдер», сары – «қиындықтар болды», қызыл – «қателер көп болды».

3 - тапсырма

(Ө, Т, МК) «Поэзия минуты» әдісі арқылы «Әлия» өлеңін мұғалімнің мәнерлеп оқуы және оқушыларға оқыту. Сөйлеу барысында батырлық туралы мақал-мәтелдерді қолдану.

Үлгі:

Батыр - елдің сәулеті,

Балқұрақ - көлдің сәулеті.

Батыр мың қол бастайды,

Шешен тар жерде сөз бастайды.

Батырға оқ дарымайды,

Батылға жау жоламайды

(МК, Ұ) «Жалғастыр...» әдісі арқылы қажетті сөздерді тауып, нақыл сөздерді толықтырып жазады, дұрыс жауап нұсқасымен өзін –өзі тексереді.

  • Еліңді сүйсең ерлік істейсің
  • Ер есімі- ел есінде
  • Батыл болмай, батыр болмайсың..
  • Батыр адам өлімді жеңеді.
  • Тәуекелге бел буған адамды қорқыныш билемейді.
  • Қорқақ қол бастамайды.

Сөздікпен жұмыс.

Мәрмәр – құрылыста пайдаланатын сәнді жылтыр -тас«Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;
  • жазба жұмысының стильдік қателерін түзетеді;
  • сауатты, қатесіз жазады.

4 - тапсырма

(ОТ, Ө)

Оқушы тәжірибесімен «Өзім үшін жазу» стратегиясы арқылы сөйлемді дәптерге жазады. Алдымен сөздерді құрастырады.

Әлия Молдағұлова – Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген, батыр қыз.

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Екі жұлдыз,бір тілек»

Екі жұлдыз жұмыстарындағы ұнағаны

Бір тілек-жақсартуға болады

интербелсенді тақта, парақшалар, маркер.

Слайд 4

Түрлі оқулықтар, интернет желісі

Интербелсенді тақта, плакат, маркер

Қосымша 3

Слайд 5

http://adebiportal.kz/kz/authors/view/1654

Оқулықтың 73-74-беттері, интербелсенді тақта, түсті қарындаш, түсіндірме сөздік.

Әлия суреті

https://www.zharar.com/kz/makal/1031-batyr_hero.html

слайд 6,7,8

Сөздер жазылған парақшалар, оқулық., жұмыс дәптері

Слайд 7

дәптер, оқулық

Слайд № 9

Қосымша 4

Оқулық, плакат. Интербелсенді тақта, маркер, суреттер

Сабақтың соңы

37-40 минут

«Ауа райы» кері байланысын пайдалануына болады.

Күннің көзі --Жаңбыр тамшылары--Бұлт

https://yandex.kz/images

қосымша 6

слайд №9

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Баспалдақ», «Топтастыру», «Кірқыстырғыш» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Өзім үшін жазу» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Табыс ағашы», «Мадақтама» , «Екі жұлдыз, бір тілек»әдісі

Дескриптор:

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;
  • жазба жұмысының стильдік қателерін түзетеді;
  • сауатты, қатесіз жазады.

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу