Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру. Б.Төлеубайұлы «Тұңғыш қазақ ғарышкері». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша №1

«Ғарышкерлер» ойыны

Зымыран атаулары

«Жер – Ай – Жер»,

«Жер – Марс – Жер»,

«Жер – Шолпан – Жер»,

«Жер – Нептун – Жер

Зымыран суретінің үлгісі:

Зымырандарды күтеміз

Серуендеу үшін Планетадаға.

Қалаған жаққа кетеміз,

Мұндай зымыранда!

Бірақ құпия бар ойында:

Кешіккенге орын жоқ онда!

Топқа бөлу:

1 топ – Жер

2 топ – Марс

3 топ – Шолпан

Қосымша №2

«Суреттер сөйлейді» әдісі

Сұрақтар үлгісі:

˗Бұл адамдардың атағы туралы не айта аласыңдар?

-Олар қазақ еліне қандай еңбек сіңірді деп ойлайсың?

˗Басқа қандай атақты адамдар туралы білесің?

Қосымша №3

Тұңғыш қазақ ғарышкері

Б.Төлеубайұлы

 Әуелі Тоқтар ғарышкерлер тобына дайындыққа қосылды. Аз уақыт қабілет-бейімін танытқан ол мемлекеттік сарапшылар тарапынан жоғары баға алды. Енді негізгі ұшушылар құрамына тіркеліп, ғарышқа ұшу күндерінің қыруар іс – жоспарларымен таныса бастады. Міне, тап осы тұста Олжас Сүлейменов туған халқына батыр ұлын алғаш таныстырған.

 Тоқтар ер тұлғалы, елгезек, ар – иманы бетіне үйірілген, жаны – жайсвң, ашық – жарқын, өзгенің жанын түсіне білетін, байқампаз азамат кейпінде танылды. Екі жасында әкеден жетім қалып, апа – жездесінің қолында өскен. Осы ортасынан көп тәлім – тәрбие алуы да, шет – шығындап кетіп, өзінің өмірдегі жолын батыл іздеуі де оны ерте бастан есейткен сияқты....

 «Қазақ балаларына нендей тілек айтасыз?» - дегенде, Т.Әубәкіров тереңнен толғай жауап қатып: «Інілерім мен қарындастарым бөгеліп – тосылып қалмай, батыл өнер іздесін, өнер тапсын! Және өнерді қорықпай алыстан да іздесін! Ғасырдың ғылыми жетістіктерін меңгерсін!» - деп тілек айтты. «Қазақ даласындағы ең жақсы көретін өсімдігім – жусан, ал ғарыш төрінде Мәди атамның «Қарқаралы» әнін орындайтын боламын», - деді.

 1991 жылы қазан айының 10 – ында тұңғыш ғарышкеріміз – Тоқтар Әубәкіров қасиетті Торғай даласында жерге қонды.

«Блиц-бақылау» әдісі

Аз уақыт ішінде сұрақтардың жауаптарын жазыңдар (30-60 секунд).

Сұрақтар үлгісі:

1.Тоқтар қайда қосылды?

2.Тоқтар кімдердің тарапынан жоғары баға алды?

3.Халықына батыр ұлын алғаш таныстырған кім?

4.Тоқтардың мінезі қандай еді?

5.Атақты тұлға қазақ балаларына қандай тілек айтты?

Жауаптардың алдына «+» немесе «-» белгісінің бірін қойып тексеріңдер.

Қосымша №4

«Биопоэма» әдісі.

парақты 8 бөлікке бөліп, әр бөлікке оқыған шығарма туралы маңызды ақпаратты толтырыңдар.

Парақтың үлгісі:

Шығарманың атауы

Кейіпкерлер

Мінез-құлқы

Іс-әрекеті

Оқиға

Сюжеттің дамуы

Оқиғаны болжау

Тұжырым шығару

Қосымша №5

«Қалың және жұқа сұрақтар» әдісі.

Үлгіге сүйене отырып әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

«Жұқа сұрақ»

«Қалың сұрақ»

  • Тоқтар қазақ балаларына қандай тілек айтты?
  • Тоқтарды ерте бастан есейткен не деп ойлайсың?

Сұрақтарды құрастырып жазған соң парақтарыңды (дәптерлеріңді) қасыңдағы жұбымен алмасып, жауап беріңдер.

Дескрипторлар:

-мәтін мазмұнына сәйкес тұжырым жасайды;

-мәтіндегі сюжетті жүйелі жалғастырады;

-мәтін мазмұны бойынша қолдануға, бағалауға бағытталған сұрақтар қояды;

-мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Қосымша №6

«Әткеншек » әдісі

Ортаға шығып шеңберге тұрайық

Сұрақ үлгісі:

Өнерді қорықпай алыстан іздесін деген тілегін қалай түсіндірер едің?

Қосымша №7

Рефлексия

«Жетістік баспалдағы» әдісі

Бүгінгі сабақ бойынша оқу мақсаттарына жеткендігіңді қалаған баспалдаққа белгіле.

1 - баспалдағы Мен... БІЛЕМІН

2 - баспалдағы Мен... ТҮСІНЕМІН

3 - баспалдағы Мен... ЖАСАЙ АЛАМЫН

[attachment=26122:didakt_material-shyarma-mazmny-bojynsha-sratar-oju-zhne-zhauap-beru-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу