Әдеби шығарманың жанрын анықтау. Т.Әбдірахманова. «Даналарым». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша №1
«Серпінді доп» ойыны.
Атақты тұлғалар аттары: Абай Құнанбаев, Мәншүк Маметова, Қазыбек би, Абылай хан, т.б.
Қосымша №2
Топқа бөлу:
1 топ – «билер»
2 топ – «ақындар»
Қосымша №3
Қосымша №4
Даналарым
Төле би, Әйтеке би, би Қазыбек,
Шағында бір-біріне ел назы көп.
Алдынан үшеуінің қайтады екен,
Адамдар әділдікке дән разы боп.
Бұдан соң тұрады Шоқан, Ыбырай, Абай,
Ел көшін бағдарлаған тыңға қарай.
Жүсіпбек, Ахмет, Мағжан – бұлар үшеу,
Қатерден қаймықпаған өңшең нар-ай!
Ендігі үш – Сәкен, Ілияс, Бейімбеттер,
Заманнан бұлар да ерек көрді көп кер.
Қаныш пен Мұхтар, Әлкей ғұламалар,
Елім деп ғұмыр кешті, төкті көп тер.
Тұрсынхан Әбдірахманова
Мақал-мәтелдер:
1.Күш батылдыққа ереді.
2.Батыл болсаң, батыр да боласың.
3.Шын батыр сын үстінде танылар.
4.Батыр - елдің сәулеті,
Балқұрақ - колдің сәулеті.
5.Батыр мың қол бастайды,
Шешен тар жерде сөз бастайды.
6.Көп ойласаң — дана боласың,
Көп ойнасаң — бала боласың.
7.Кешірімділік — анадан,
Кішіпейілділік — данадан.
Қосымша №5
««Венн диаграммасы» әдісі
Сұрақтартар үлгісі:
-Неліктен бұл шығарма өлеңге жатады деп ойлайсың?
-Шығарманың өлең екенін қалай дәлелдей аласың?
-Мақал-мәтелдердің қандай ерекшеліктерін көрсете аласың?
Қосымша №6
Қалыптастырушы бағалау
| өлең мақал-мәтел | |||||
|
Дескрипторлар:
-сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;
-мәтіндердің жанрын анықтайды;
-өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін сипаттайды.
-даналар туралы ойын айтады.
Қосымша №7
Қосымша №8
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі
Өздеріңе жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырыңдар:
-бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
-бүгін сабақта қуантқаны.....
-мен өзімді.....үшін мақтар едім.
-маған ерекше ұнағаны.....
-қызықты болғаны.....
-......қиындық тудырды.
-менің түсінгенім.....
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?