Әдеби шығарманың жанрын анықтау «Мен қалай қобызшы атандым?» . Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.
ҚОСЫМША 1
Мен қалай қобызшы атандым?
Менің атам балташы,
Шебер ағаш ұстасы,
Жастарға үлгі-өнеге
Ол кісінің нұсқасы.
Тақтайларды бір күні
Жатты атам сүргілеп.
Мен ойладым осыдан
Жасайды деп бір күрек.
Астау болды ол өзге,
Қаз мойынды сабы бар.
Қобыз болды бір кезде
Сыңғырлаған әні бар.
Ішек тағып, мойнына
Орнатты әкеп құлағын,
Дұрыс қойып тиегін,
Түзеп берді бұрауын.
– Ал енді сен үйрен! – деп
Атам маған ұсынды,
Мұндай қобыз көрмедім,
Өңім тұрмақ түсімде!
Тыным алмай күн-түні,
Қобызды мен үйрендім.
Тарттым өзім бір күні
Құрманғазы күйлерін,
Қобызыма қосылып,
Барлық аймақ ән салды,
Әсем күймен жосылып,
Құстар мені қарсы алды.
Әнге ұйып атырап,
Мүлги қалды тоғайлар,
Сыбдыр қағып жапырақ,
Тыңдай қалды торғайлар.
Түндер мүлгіп, таң күліп,
Қобыз үнін тыңдайды,
Орман шулап, жаңғырып,
Әнші құстар жырлайды.
Әуенге ұйып бәрі де,
Мені қоршап тыңдады.
Қосылып саз әніне,
Бірге айтып жырлады.
Дейтін болды бәрі де:
«Қобызын-ай Жақанның!»
Арқасында атамның
Мен қобызшы атандым.
Нұрсұлтан Әлімқұлов
ҚОСЫМША 2
Ширату жаттығуы: Өнер туралы мақал-мәтелдер:
1 | 5 | 3 |
7 | 2 | 4 |
9 | 6 | 8 |
- Өнерлі өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар.
- Өнерлі өрге жүзер.
- Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер.
- Өнерліге өлім жоқ.
- Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөз алтын.
- Өнерлі бала сүйкімді.
- Өнер білсең-өлмейсің.
- Өнерлінің өзегі толмас.
- Өнер-таусылмас азық. Жұтамас байлық
- Бай болмасаң, бай болма, Өнер, білімге сай бол.
ҚОСЫМША 3
ҚОСЫМША 4
Өлең – белгілі бір тақырыпқа арналады. Өлеңде ырғақ пен ұйқас болады. Өлеңнің бір бөлшегі – шумақ. Шумақ – кемінде төрт жолдан құрылады. Ұйқас – өлең жолдарын біріктіріп, белгілі бір үйлесімде ұстап тұратын өлең бірлігі. Ұйқас болуы үшін өлең кемінде екі жолдан тұруы керек
ҚОСЫМША 5
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?