Құмырсқаның қанағаты «Бабалар сөзі» 100 томдық, 73- том, Құмырсқаның қанағаты. 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Жанды табиғат

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп - лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Г. А. Оразбекова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Құмырсқаның қанағаты «Бабалар сөзі» 100 томдық, 73- том, Құмырсқаның қанағаты

Оқу мақсаты

3.2.4.1 Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;

3.2.6.1 Кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:. шығарма жанрын ажыратады, ертегі түрлерін біледі;

Көптеген оқушылар: кейіпкерге мінездеме береді;

Кейбір оқушылар: ертегіге жоспар құра алады, құмырсқаны сипаттап жаза алады.

Бағалау критерийлері

  • ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;
  • кейіпкерге мінездеме береді;
  • ертегіге сүйеніп, құмырсқаны сипаттап жазады;
  • ертегіге жоспар құрады.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Ертегіні түсініп оқиды. Кейіпкерді сипаттап жаза алады. Ертегіге жоспар құрады. Сұрақтарға жауап бере алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қанағат, табиғат, жарты дән, шыдамдылық, қанағатшылдық, аштан өлген, құмырсқа илеуі, қомағай.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Бір дәнді бір жылға жеткізген құмырсқа онан да көп уақытқа жеткізе алады, себебі...

Ғұлама құмырсқаны ұмытып кетуі де мүмкін еді, себебі ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады

Пәнаралық байланыстар

Ертегідегі құмырсқаны сипаттап жаза алуы қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады. Құмырсқа туралы білетіні дүниетану пәнімен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерселсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Оқушылар 2-сыныпта жанды табиғат бөлімінде бірнеше тақырыптарды қарастырған болатын. Оқушылар жануарлар туралы біледі. Бар білімді белсенді ету оқушылар суреттерді пайдаланып, оларды салыстыратын топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды өз бойында бар қасиетті таңдау арқылы 5 топқа бірігеді.

1-топ: «Талап»

2-топ: «Еңбек»

3-топ: «Терең ой»

4-топ: «Қанағат»

5-топ: «Рахым»

Осы сөздер қай шығарманы еске түсіреді? Әрқайсысы туралы өз таңдауы бойынша ой білдіреді.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

сөздер, интербелсенді тақт

Сабақтың ортасы

4-8

9-20

21-25

26-31

32-37

1-тапсырма

(МК, Ө) «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы бойынша

«Қалай ойлайсың, құмырсқа қандай жәндік?» өз білгендерін айтады. Сабақ тақырыбына болжам жасалады. «Құмырсқаның қанағаты» ертегісімен танысамыз. Ертегіні оқымас бұрын «Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер? кестеге толтырыңдар. Үлгі:

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

2- тапсырма

(МК, Ұ, Т) «Дауыстап ойлау» әдісіне сүйеніп ертегіні оқи отырып ой түйеді, ой бөліседі. «Тарелка» стратегиясына сүйеніп ертегідегі сұрақтарға жауап алынады.

Үлгі:

-Ғұлама құмырқаға не деді?

-Неге құмырсқа дәнді жеп бітірмеді?

-Құмырсқа неге бидайды тауыспады?

-Бұл жауаптан қандай шешімге келуге болды?

-Сенің бойында осы аталған мінез сипаттары бар ма?

-Қандай жақсы мінездерің бар?

««VTS» әдісіне сүйеніп суретке қарап, оқыған ертегіге жоспар құрады. Үлгі:

1.Оқымыстының құмырсқа илеуіне тап болуы.

2.Құмырсқаға сұрақтар қоюы.

3.Бір жыл өткен соң.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;
  • кейіпкерге мінездеме береді;
  • ертегіге сүйеніп, құмырсқаны сипаттап жазады;
  • ертегіге жоспар құрады.

3-тапсырма

(МК, Ө) «Кезбе тілші» әдісі арқылы ертегідегі аталған қасиеттердің бойыңда барымен бөліседі және кестеге жазады.

Аталған сипаттар

ия

жоқ

Не қосар едің?

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.

4 тапсырма

( МК, ЖЖ, Т) «Оқиға картасын» әдісі арқылы ертегінің композициялық құрылымын жұпта ақылдасып, топта бірге кестеге толтырады.Үлгі:

 

  • Сюжеттің басталуы:Оқы-мысты адамның құмырсқа илеуіне тап болуы
  • Дамуы

Құмырсқа сауыт ішінде ашығуы

  • Шиеленісуі:құмырсқаны ұстап алуы
  • Шешімі Құмырсқаның қанағат тұтып ойлағанына жету
  • Шарықтау шегі: 4-5 жылға жеткізер еді

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

5 тапсырма

(МК, Ө) «Шахмат» әдісі арқылы ертегіге сүйеніп, құмырсқаны сипаттап жазады.Үлгі:

Мәтіннің аты

Мәтіннің түрі

Құмырсқаның сипаты

1.Шегіртке мен құмырсқа

2.Құмырсқаның қанағаты

Мысал

ертегі

Шаруашыл, еңбексүйгіш.

Қанағатшыл, үнемшіл,шыдам-ды

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) «Шапалақ» арқылы бағалайды

Кесте сызылған плакат, құмырсқа суреті, слайд №4

интербелсенді тақта, оқулық 15-17-бб, слайд № 5

түсіндірме сөздік, оқулықтағы сурет

Слайд № 6

А3 парағы, маркер, кесте, слайд №7

Кесте, плакат, маркер., оқулық, слайд №8

Сабақтың соңы

38-40

Кері байланыс: «Ұшақ»

Оң қанатына бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды, ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегенді сол қанатына жазады.

Қолдан жасалған ұшақтар, слайд №9

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Шахмат», «Оқиға картасы», «Кезбе тілші» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «От шашу», «Смайлик», «Бас бармақ» әдісі

Дескриптор:

  • ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;
  • кейіпкерге мінездеме береді;
  • ертегіге сүйеніп, құмырсқаны сипаттап жазады;
  • ертегіге жоспар құрады

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, к\

елесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу