Құмырсқаның қанағаты «Бабалар сөзі» 100 томдық, 73- том, Құмырсқаның қанағаты. 3 сынып


Сабақ тақырыбы№5 Құмырсқаның қанағаты «Бабалар сөзі» 100 томдық, 73- том, Құмырсқаның қанағаты

Оқу мақсаты

3.2.4.1 Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;

3.2.6.1 Кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:. шығарма жанрын ажыратады, ертегі түрлерін біледі;

Көптеген оқушылар: кейіпкерге мінездеме береді;

Кейбір оқушылар: ертегіге жоспар құра алады, құмырсқаны сипаттап жаза алады.

Бағалау критерийлері

ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;

кейіпкерге мінездеме береді;

ертегіге сүйеніп, құмырсқаны сипаттап жазады;

ертегіге жоспар құрады.

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды өз бойында бар қасиетті ()таңдау арқылы 5 топқа бірігеді.

1-топ: «Талап»

2-топ: «Еңбек»

3-топ: «Терең ой»

4-топ: «Қанағат»

5-топ: «Рахым»

Осы сөздер қай шығарманы еске түсіреді? Әрқайсысы туралы өз таңдауы бойынша ой білдіреді.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

Сабақтың ортасы

(МК, Ө) 1-тапсырма «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы бойынша

«Қалай ойлайсың, құмырсқа қандай жәндік?» өз білгендерін айтады. Сабақ тақырыбына болжам жасалады. «Құмырсқаның қанағаты» ертегісімен танысамыз. Ертегіні оқымас бұрын «Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер? кестеге толтырыңдар.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

(МК, Ұ, Т) 2- тапсырма «Дауыстап ойлау» әдісіне сүйеніп ертегіні оқи отырып ой түйеді, ой бөліседі. «Тарелка» стратегиясына (тарелкаға сұрақтар жазылады, тарелканы айналдырғанда қай сұрақ тура келеді сол сұраққа жауап береді, егер сұрақтар қайталанса тыңдауға болады немесе қайта айналдырасыз)сүйеніп ертегідегі сұрақтарға жауап алынады.

Үлгі:

-Ғұлама құмырқаға не деді?

-Неге құмырсқа дәнді жеп бітірмеді?

-Құмырсқа неге бидайды тауыспады?

-Бұл жауаптан қандай шешімге келуге болды?

-Сенің бойында осы аталған мінез сипаттары бар ма?

-Қандай жақсы мінездерің бар?

«VTS» әдісіне сүйеніп (мұғалім көмегімен) суретке қарап, оқыған ертегіге жоспар құрады. Үлгі:

1.Оқымыстының құмырсқа илеуіне тап болуы.

2.Құмырсқаға сұрақтар қоюы.

3.Бір жыл өткен соң.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;

кейіпкерге мінездеме береді;

ертегіге сүйеніп, құмырсқаны сипаттап жазады;

ертегіге жоспар құрады.

(МК, Ө) 3-тапсырма «Кезбе тілші» әдісі арқылы ертегідегі аталған қасиеттердің бойыңда барымен бөліседі және кестеге жазады немесе ауызша жүргізуге де болады.

Аталған сипаттарияжоқНе қосар едің?

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.

( МК, ЖЖ, Т) 4 - тапсырма «Оқиға картасын» әдісі арқылы ертегінің композициялық құрылымын жұпта ақылдасып, топта бірге кестеге толтырады.Үлгі:

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

(МК, Ө) 5 - тапсырма «Шахмат» әдісі арқылы ертегіге сүйеніп, құмырсқаны сипаттап жазады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) «Шапалақ» арқылы бағалайды

Сабақтың соңы

Кері байланыс: «Ұшақ» (ұшақты алдын ала жасатуға немесе сабақ үстінде жасауына болады)

Оң қанатына бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды, ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегенді сол қанатына жазады.

Ескерту:Сынып белсенділігіне қарай уақытты өзіңіз қоюға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу