Туған өлке гүлдері. Тұманбай Молдағалиев Гүлдер. 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Жанды табиғат

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54мектеп- лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Г. А. Оразбекова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Туған өлке гүлдері. Тұманбай Молдағалиев Гүлдер.

Оқу мақсаты

3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

3.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар өлеңді түсініп оқи алады;

Көптеген оқушылар: сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады;

Кейбір оқушылар: шығармадағы теңеу сөздерді табады.

Бағалау критерийлері

  • өлеңді түсініп оқиды;
  • теңеу сөздердің теріп жазады.
  • өлеңде сипатталған гүл атауларын анықтайды;
  • берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;
  • гүлдерге қатысты көркем сөздерді қолданып сипаттайды;
  • көркем сөздерді орынды қолданады.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Өлеңді түсініп оқиды. Өлеңде сипатталған гүл атауларын таниды. Өлеңнің қысқаша мазмұнын атады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Құлпырды, отқа ұқсап, үзіп алдым, ырғалып, ұқсап сәби балаға, өрт, күн нұры, көрік берді.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Мен анама гүл сыйлағым келеді, себебі ...

Адамдар қыздарды гүлдерге теңейді, себебі ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады

Пәнаралық байланыстар

Гүлдерді танып, оларға сипаттама бере алуы барысында дүниетану пәнімен байланыс пайда болады. Гүлге қатысты 5 жол өлең құрастырып жазуы алуы қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерселсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Оқушылар 2-сыныпта жанды табиғат бөлімінде бірнеше тақырыптарды қарастырған болатын. Оқушылар гүлдер туралы біледі. Гүлдердің пайдасы мен оларды күтіп, баптау жайында мәлімет берілген. Бар білімді белсенді ету оқушылар суреттерді пайдаланып, оларды салыстыратын топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды «Пазл» әдісі арқылы әлемдегі ең әдемі гүлдерді құрастыру арқылы 5 топқа бірігеді.

1-топ: «Эдельвейс

2-топ: «Гиацинт»

3-топ: «Орхидея»

4-топ: «Дицентра

5-топ: «Калла»

«Жарнама жасау» әдісі арқылы өздері құрастырған гүл туралы білетіндерін айту.

Қосымша мәлімет:

Орхидея Әлемдегі ең әдемі және бағалы гүл. Бұл гүлдің әлем бойынша 25 000 түрі бар. Гүлдің ең көп тарқалқан ортасы Гавай аралдары.

Эдельвейс әйелдерге сыйлыққа ұсынылатын ерекше гүл. Ол жартастарда өсетіндіктен табылуы қиын болады.

Гиацинт (Hyacinthus). Бұл гүлдің атауы Гиацинт атты грек баласының құрметіне қойылған. Баланың басына Аполлон шығарған дискті лақтырған. Гиацинттің басынан аққан қанды Аполлон гүлге айналдырған. Ерекше бейнелі гүл кез келген жанды тәнті етеді.

Калла (Cаlla). Бөлме өсімдігі болып табылатын гүлдің Отаны – Оңтүстік Африка. Оны бақшаға да отырғызуға болады. Ақ калла – тазалықтың белгісі. Сондай-ақ бұл гүлдің басқа да түстері кездеседі. Калла – асқан нәзіктіктің, сұлулықтың әдемі мысалы.

Дицентра (Dicеntra). Жаралы жүрек, жүрек гүлі, Жанетта жүрекшесі. Дицентра гүлінің көптеген түрі бар. Соның ішінде "таңғажайып дицентра" деп аталатын түрі бәрінен сұлу көрінеді.

(Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/ol-kim-bl-ne/27933/)

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

сөздер, интербелсенді тақта гүл суреттері мен атаулары алынған Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/ol-kim-bl-ne/27933 Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/13890/

Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz Massaget.kz сайтына

Слайд № 4

Сабақтың ортасы

6-10

11-14

15-25

26-32

33-36

1-тапсырма

(МК, ЖЖ) «Үштік» әдісіне сүйеніп оқушылар берілген пікірге мән беріп, пікір дұрысытығын дәлелдейді.

Туған өлкем гүлдерімен көрікті. Өйткені, ...

1.

2.

3.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

(МК, Ұ) «Пікірлер ағашы» стратегиясымен Тұманбай Молдағалиев туралы не білетінін ағашқа жазады. (алдын ала берілген тапсырма)

1.Ол кім?

2.Қайда туған

3.Қандай қызмет атқарған?

4.Қандай шығармаларын білесің?

Автор туралы: Тұманбай Молдағалиев –ақын, аудармашы.. (1935 – 2011). Алматы облысында туған. Балаларға арналған жинақтары бар. Халық арасында кең тараған «Құстар қайтып барады», «Шақырады көктем» әндерінің сөзін жазған.

2-тапсырма

(МК, Ұ, Т) «Нұсқаумен оқу» әдісімен өлеңді мұғалім оқып береді. Топта отырып өлеңді оқушылар түсініп оқып шығады. «Түртіп алу» әдісі арқылы

  • Өлеңнен теңеу сөздерді теріп жазады.
  • Гүл атауларын анықтайды.
  • Гүлдерге қатысты көркем сөздерді табады.
  • Сол сөздерді қолданып өлеңді қысқаша мазмұндайды.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • өлеңді түсініп оқиды;
  • теңеу сөздердің теріп жазады.
  • өлеңде сипатталған гүл атауларын анықтайды;
  • берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;
  • гүлдерге қатысты көркем сөздерді қолданып сипаттайды;
  • көркем сөздерді орынды қолданады.

3-тапсырма

(МК, Ө) «5 жолды өлең» әдісіне сүйеніп гүлге өлең құрастырады, оқиды.

Дәптермен жұмыс:

Үлгі:

  • 1 сөз зат есім Гүл
  • 2 сөз сын есім қызыл, әдемі
  • 3 сөз етістік құлпырып, жайқалып, өседі
  • 4 сөз сезімді білдіретін Қызыл, әдемі гүл құлпырады.
  • Тақырып мәндес 1 сөз синоним өсімдік

Қабілеті жоғары оқушылар 4 жолды өлең құрастырады. Өлең ұйқастары беріледі.

Үлгі:

Гүлім, гүлім,……………..

Әдемі боп,………………..

Күндей жайнап, ……………….

Қызыл, сары,………………..

Қажетті сөздер:(жасыл боп, өсе бер, кете бер, асыл боп)

Гүлдер, гүлдер, …….

Қызыл гүлдер,…….

……….. нұрланып,

Өсе берші………..

Қажетті сөздер: көп гүлдер, көк гүлдер, ырғалып, өсе берші

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.

4 - тапсырма

( МК, Т) «Рефлексия» әдісі арқылы анаңа, ұстазыңа, досыңа сыйлайтын гүлдеріңе көркем-бейнелі сөздер көмегімен сипаттап бер.(алдын ала берілген тапсырма)

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

Кесте сызылған плакат, маркер, салйд №5

Автор сурет, ағаш суреті салынған плакат. маркер.,слайд №6

Оқулық 23-25- бб, плакат, маркер., жұмыс дәптер, жоспарлар жазылған плакаттар, слайд № 7

Жұмыс дәптер, слайд №8

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/takpak/11034-flower.html © www.ZHARAR.com

Түрлі гүлдер топтамасы, слайд 9

https://yandex.ru/collections/user/vavri4ukvit/tsvety-risunok/

Сабақтың соңы

37-40

«Түймедақ» әдісі кері байланысын пайдалануына болады. Әр оқушы гүл күлтелеріне сабақ туралы ойларын жазып, оқиды

Түймедақ гүлі, слайд №10

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Пазл», «Пікірлер ағашы», «5 жолды өлең» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Рефлексия» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам»,«Смайлик», «Бас бармақ» әдісі

Дескриптор:

  • өлеңді түсініп оқиды;
  • теңеу сөздердің теріп жазады.
  • өлеңде сипатталған гүл атауларын анықтайды;
  • берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;
  • гүлдерге қатысты көркем сөздерді қолданып сипаттайды;
  • көркем сөздерді орынды қолданады.
  • ертегіге жоспар құрады

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, к\

елесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу